Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Дүкенге тоқаш алуға бару ақтөбелік отбасының өмірін өзгертті

Дүкенге тоқаш алуға бару ақтөбелік отбасының өмірін өзгертті

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ақтөбеде жақын маңдағы дүкенге тоқаш алуға шыққан 10 жастағы қызды жолда көлік қағып кеткен. Қазір оқушы ауыр жарақаттармен комада жатыр, ал оның ата-анасы жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап, куәгерлерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Светлана Розбах үшін 2026 жылдың 2 тамызы өміріндегі ең қорқынышты күн болды. Әйел сол күннің оқиғаларын еске ала отырып, көз жасына ерік бермеуге тырысады.

Кешкі сағат жеті шамасында оның үлкен қызы Катя өздері тұратын көшенің соңындағы жақын маңдағы дүкенге шығып кеткен. Ата-анасы баласының бірнеше минуттан соң үйге оралатынына сенімді еді. Бірақ уақыт өтсе де, қыз баладан хабар болмаған.

"Дүкенге кешкі сағат 7-лер шамасында шыққан болатын. Дүкен біздің көшеде, үйіміздің жағында, орамның соңында орналасқан. Арада 20 минут өткеннен кейін оған қоңырау шала бастадық. Бірақ телефоны сөндірулі болды. Мен уайымдай бастадым. Күйеуім оны іздеуге шығу үшін киініп жатқанда, 30 секундтан соң оның телефонынан қоңырау келді. Тұтқаны көтерсем – көршіміз екен. Қызымды көлік қағып кеткенін айтты. Біз бірден көшеге шықтық, бірақ оны жедел жәрдем алып кетіпті", - дейді зардап шеккен қыздың анасы Светлана Розбах.


Светлана Розбах. Фото Tengrinews.kz

Апат Ақтөбедегі Ембі көшесінде болған. Маңайда теміржол өткелі орналасқан. Оқушының ата-анасының айтуынша, сол сәтте шлагбаум жабық болып, жолда ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болған. Кейбір көліктер пойыздың өтуін күтіп тұрғанда, көрші жолақпен такси қызметінде жұмыс істейтіні болжанып отырған жүргізушінің көлігі келе жатқан. Қыздың ата-анасының айтуынша, баланы дәл осы көлік қаққан. Олар көліктің төмен жылдамдықпен келе жатқанына сенбейді.

"Жүргізуші төмен жылдамдықпен, сағатына шамамен 40 шақырыммен жүргенін айтып ақталды. Бірақ мұндай жылдамдықпен баланы бұлайша зақымдау мүмкін емес. Ол баланы қағып қана қоймай, екінші рет үстінен өткен. Тоқтауға тырыспаған да", - дейді зардап шеккен оқушының анасы.

Апат болған жерде әлі күнге дейін қираған қоқыс контейнері, құлаған жол белгісі және автокөлік фарасының сынықтары жатыр.

Фото Tengrinews.kz

Оқиға ондаған куәгердің көз алдында болған. Олардың арасында Ақтөбе тұрғыны Зайтюна Бурханиева да бар. Әйел көрген сұмдығын әлі күнге дейін ұмыта алмай жүргенін айтады.

"Көлік өте қатты жылдамдықпен келді. Баланы көліктің капотынан жарты метрдей биіктікке ұшырып жіберді. Одан кейін ол жерге құлады, ал жүргізуші оны басып өтті. Бұл нағыз жантүршігерлік көрініс еді! Ол жол белгісін де, қоқыс бактарын да қиратып кетті. Мұны көру мүмкін емес еді. Анасы мұның бәріне қалай шыдап жүргенін білмеймін", - дейді Ақтөбе тұрғыны Зайтюна Бурханиева.

ЖКО куәгері. Фото Tengrinews.kz

Зардап шеккен қыз бала шұғыл түрде облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Ол ес-түссіз күйде болған. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. Қазір оқушының жағдайы өте ауыр.

"Баланың жағдайының ауырлығын ескере отырып, реанимациялық шаралар басталды. Одан әрі тексерулер – компьютерлік томография, рентгенография жүргізілді. Бүгінгі таңда баланың жағдайы аса ауыр күйінде қалып отыр. Онда ашық бас-сүйек ми жарақаты, мидың қатты соғылуы, қабырғаларының сынуы, жамбас сүйектерінің сынуы, ішкі мүшелерінің зақымдануы, миға қан құйылу және 3-дәрежелі кома анықталды", - деді Ақтөбе облыстық көпсалалы балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Самат Көкшібаев.

Оқиға орны. Фото Tengrinews.kz

Полицияның алдын ала болжамы бойынша, қыз бала жолды жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жерде кесіп өткен. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі Ембі көшесімен келе жатып, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған кәмелетке толмаған қызды қағып кеткен. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД.

Көрші үйлердің бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тергеушілер зерттеп жатыр. Кадрлардан апаттан кейін жүргізушінің қатты ашуланып, айқайлап жатқанын көруге болады. Қыздың анасы оқиға орнында ер адаммен сөйлеспек болған, бірақ ешқандай нәтиже шықпаған.

"Баланы "атып шықты" деп кінәлап жатыр. Мен мұны жоққа шығармаймын, бірақ бәрі қалай болғанын білмеймін. Сондықтан біз сол сәтте не болғанын түсінгіміз келеді. Жүргізуші агрессивті әрекет етіп жатыр. Бұл жер – жеке сектор. Кептеліс болған. Ол соншалықты қайда асықты?! Қызым ешқашан жолды өткелден тыс жерде кесіп өтпейтін. Сол сәтте не болды? Біз соны білгіміз келеді! Мұнда параллель көшеде камера бар, бірақ оны ағаштар жауып тұр. Сондықтан осы оқиғаның куәгері болғандардан немесе апатты бейнетіркегішке түсіріп алғандардан хабарласуды сұраймыз", - дейді зардап шеккен қыздың анасы Светлана Розбах.

Ата-аналары өздеріне маза бермейтін: "Әрдайым жолды жаяу жүргіншілер өткелінен өтетін қызымыз сол кеште неге өткелден небәрі бірнеше қадам жерде жолдың ортасында қалды?" деген сұраққа жауап іздеп жатыр. Бұл сұраққа қазір тек Катяның өзі ғана жауап бере алады. Бірақ ол бірнеше күннен бері комада.

Анасы жансақтау бөлімінің есігінің алдында әлі де күтіп отыр, ол күн сайын тек бір ғана хабарды - қызының көзін ашқанын естуден үміттенеді…

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Тамыз 2026 08:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары