Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Дүниежүзінің мергендері Алматы облысына жиналды

Дүниежүзінің мергендері Алматы облысына жиналды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Салтанатты ашылу рәсімі бірлікке, жоғары спорттық рухқа толы жарқын мереке атмосферасында өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz. Ұйымдастырушылар қонақтарға Қазақстанның мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік беретін мазмұнды әрі ұлттық нақышқа бай бағдарлама ұсынды. Қатысушы командалардың таныстырылымы ID форматында өтті. Жаңбыр мен қолайсыз ауа райына қарамастан, іс-шара ұлттық колорит пен заманауи технологияларды үйлестіре отырып, әсерлі әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Құрметті қонақтар қатарында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов болды.

«Бұл турнир әлемнің ең үздік спортшыларын біріктіріп, шеберліктің жоғары деңгейін, рухтың беріктігін және жеңіске деген ұмтылысты көрсетеді. Бүгінде Қазақстанның стенд ату мектебі халықаралық аренада өз орнын нықтап келеді. Біздің спортшылар лайықты нәтижелер көрсетіп, ел абыройын арттырып, жас ұрпақты жаңа жетістіктерге жігерлендіреді. Ауа райының қолайсыздығы да бүгінгі іс-шараның жылы атмосферасына әсер ете алмады. Біз спорттың адамдарды біріктіріп, мінезді шыңдап, бізді күшейтетін күш екенін көріп отырмыз», – деді Қазақстан ұлттық спорттық ату федерациясының президенті Берік Асылов.

Ал Халықаралық спорттық ату федерациясының (ISSF) президенті Лучано Росси өз сөзінде турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және Қазақстанда Әлем кубогы кезеңін өткізудің маңыздылығын атап өтті: «Бүгін біз жай ғана жарысты емес, ату спортының дамуына серпін беретін қуатты алаңды көріп отырмыз. Қазақстан жоғары кәсібилік пен қонақжайлылық танытып, әлемдік стандарттарға сай жағдай жасап отыр. Бұл – біздің спорт түрінің дамуына қосылған маңызды үлес».

Соңғы жылдары елімізде стенд ату спорты қарқынды дамып келеді. Әлем және Азия кубоктары кезеңдерін өткізу, салалық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ спортшыларды жүйелі даярлау елдің халықаралық ату қауымдастығында лайықты орын алуына мүмкіндік берді. Александр Асанов атындағы ату клубы халықаралық талаптарға толық сәйкес келеді және тұрақты түрде жоғары деңгейдегі жарыстарды қабылдайды.

Тоғыз күн бойы Алматы облысы 42 елден келген 550 спортшының тартысты бәсекесіне куә болады. Ату алаңдарына Олимпиада чемпиондары, әлемдік рейтинг көшбасшылары, сондай-ақ Азия мен Еуропаның үздік мергендері шығады. Олардың қатысуы Қазақстандағы Әлем кубогы кезеңін халықаралық күнтізбедегі ең бәсекелі әрі тартымды жарыстардың біріне айналдырып отыр. Мұнда тек медальдар ғана емес, сонымен қатар 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына жолдама беретін маңызды рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады.
Қабылдаушы ел ретінде Қазақстан қатысушылардың ең жоғары квотасын ұсынды. Олардың қатарында ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі Әсем Орынбай – Әлем кубоктары мен Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, Азия ойындарының үш дүркін жүлдегері, Токио және Париж Олимпиада ойындарының қатысушысы бар.

«Бұл – мен үшін жай ғана жарыс емес, туған жердегі жанкүйерлер алдында өнер көрсетіп, Олимпиадаға тағы бір қадам жақындау мүмкіндігі. Негізгі мақсат – тұрақтылық пен маусымның ірі жарыстарында финалға шығу», – деді жарыс қарсаңында Асем Орынбай.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы сапында Алматы облысының спортшысы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, стенд атудан Қазақстан Республикасының спорт шебері Лейла Шантекова өнер көрсетуде.

Жарыс күндері спортшылар «скит» және «трап» дисциплиналарында, сондай-ақ аралас командалық сайыстарда медальдар мен рейтингтік ұпайларды сарапқа салады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 10 мамыр күні өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Мамыр 2026 21:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары