Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Екі зауыттың құрылысы басталды

Екі зауыттың құрылысы басталды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Облыс орталығында жалпы құны 305 млн долларды құрайтын екі бірдей ауқымды жобаның құрылысы басталды. Тараз қаласындағы «Тараз» индустриялық аймағында тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарататын және металлургия зауытының іргетасына капсула салу рәсіміне өңір басшысы Ербол Қарашөкеев қатысып, жаңа кәсіпорындардың өңір экономикасының өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатынын, соның арқасында жаңа жұмыс орындары құрылатынын айтып өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы әртарап­тандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту, инвестиция тарту, жаңа өндіріс ошақтарын ашу және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін ұдайы назардан тыс қалдырған емес. Бұл екі зауыт аталған тапсырманы жүзеге асыру мақсатында бой көтеріп жатқанын айта кеткен ләзім», дейді облыс басшысы Ербол Қарашөкеев.

Бірінші жоба – «ForYou Energy» ЖШС жүзеге асыратын тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарататын зауыт. Нақты дерекке сүйенсек, инвестиция көлемі 175 млн долларды құрайтын жоба Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы инвестициялық ынтымақтастық аясында іске асырылмақ. Оның негізгі мақсаты – тұрмыстық қал­дықтарды тиімді өңдеу ар­қылы қоршаған ортаға түсетін экологиялық жүктемені азайту, жасыл энергияны дамыту және отандық мамандардың біліктілігін арттыру.

Компанияның бас директоры Өнербек Сейітхамзаның айтуынша, кәсіпорын құрылысы екі кезеңді қамтиды. Алғашқы кезеңі 2027 жылдың бірінші тоқсанында, екінші кезеңі 2029 жылдың ІІІ тоқсанында іске қосылатын көрінеді.

«Тұрмыстық қалдықтарды тиімді түрде кәдеге жарату, поли­гондарға түсетін жүктемені азайту және қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Кореялық серік­тестеріміздің Жамбыл облысына, оның ішінде облыс орталығы Тараз қаласына инвестиция салуы өңір экономикасының дамуына соны серпін береді деген сенім зор. Біз әлеуетті компаниялармен бірлесе отырып, ауқымды жобаларды жүзеге асыруға әрдайым ашықпыз. Басты мақсатымыз – өңір экономикасын көтеру», дейді өңір басшысы Е.Қарашөкеев.

Мамандар келтірген дерекке жүгінсек, ауқымды жоба іске қосылған кезде кәсіпорын тәулігіне 900 тоннаға дейін тұр­мыс­тық қатты қалдықты өңдеуге қауқарлы болады. Сондай-ақ 20 МВт шамасында электр энергиясын өндіреді екен. Зауыттың құрылысы кезеңінде 400 адам жұмыспен қамтылмақ. Ал іргелі кәсіпорын пайдалануға берілген соң 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын көрінеді.

Жалпы алғанда «Тараз» индус­триялық аймағында қолға алынған ауқымды жоба аз емес. Халық саны жарты миллионға жуықтаған облыс орталығына әлеуетті инвесторлардың көптеп шоғырлана бастағаны көңіл қуантады.

Әсіресе кейінгі жылдары Тараз қаласының аумағы айтар­лықтай кеңейіп, оннан астам елді мекенмен толыққанын көзі қарақты жұрт жақсы біледі. Сондықтан де жергілікті бұқа­раны тұрақты жұмыспен қам­тудың маңызы зор. Жергілікті атқарушы билік өкілдері осы мәселені оңынан шешуге айрықша басымдық беріп отыр.

Облыс орталығында қолға алынған екінші ірі жоба – «Тараз өндірістік комбинаты» ЖШС мен Қытайдың «Guangdong Wantai Supply Chain Co., Ltd» ком­паниясының бірлескен өндірісі. Жобаның инвестиция көлемі 130 млн  долларын құрайды.

Іргелі компанияның директоры Чжоу Циньхуэй келтірген мәліметке сүйенсек, кәсіпорын толық қуатында жұмыс істеген кезде жылына 1 млн тонна шамасында ыстықтай илектелген болат орамдары, тот баспайтын болат өнімдері, дәнекерленген және мырышталған құбырлар, профильді құбырлар, арматура және өзге де метал өнімдері өндіріледі.

Өндіріс ошағының алғашқы кезеңін 2028 жылдың І тоқсанында іске қосу жоспарланған. Құрылыс барысында 500 адам еңбек етсе, кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін 260 тұрақты жұмыс орны ашылады. Бірінші кезекте жергілікті тұрғындарды жұмыс­пен қамтуға басымдық беріледі.

Жергілікті атқарушы билік өкілдері келтірген дерекке зер салсақ. Жамбыл өңірінде инвес­тиция тартудағы белсенділігі айтарлықтай арта түскен екен. Мәселен, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 505,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59,2 пайызға артыпты. Оның ішінде жеке инвестициялар көлемі 473,5 млрд теңгеге жеткен. Осы орайда облыс орталығы Тараз қаласының инвестиция тартуда айтарлықтай үлесі бар екені анық.

Жалпы алғанда өңірге та­тылған тікелей шетелдік инвес­тиция көлемі де бірнеше есеге артты. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бо­йынша өңірге 333,2 млн доллар көлемінде тікелей шетелдік инвес­тиция тартылып, жоспарланған 94 млн  доллардан әлдеқайда жоғары нәтиже көрсетіліпті.

Осылайша, облыс 2026 жылға белгіленген 315 млн долларды құрайтын межені мерзімінен бұрын орындады. Ал 2025 жылдың қорытындысында Жамбыл облысы тікелей шетелдік инвестициялар өсімінің қарқыны бойынша республикада бірінші орынға шыққан болатын.

Қазіргі таңда облыстың инвестициялық пулында жалпы құны 5,6 трлн теңгені құрайтын 116 жоба бар. Оларды іске асыру нәтижесінде 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деген болжам бар. Оның ішінде 71 жоба құрылыс кезеңінде болса, 45 жоба бойынша жобалау алдындағы дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жоғарыда көрсетілген жобалар өнеркәсіп, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, туризм және жасыл экономика салаларын қамтиды. Биыл өңірде жалпы құны 471 млрд теңгені құрайтын 47 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Қазіргі уақытта олардың бесеуі пайдалануға берілді.

Тараз 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 09:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары