Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Экологиялық саммит: Су саласында Қазақстан 3 меморандум мен 1 жол картасына қол қойды

Экологиялық саммит: Су саласында Қазақстан 3 меморандум мен 1 жол картасына қол қойды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Өңірлік экологиялық саммит аясында 21 отырыс және 12 екіжақты кездесу барысында  Су ресурстары және ирригация министрлігі үш меморандум мен бір ынтымақтастық жол картасына қол қойды.

Министрліктің мәліметінше, құжат су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту, су ресурстарын тиімді пайдалану, білікті кадрларды бірлесіп даярлау, гидротехникалық нысандардың техникалық жай-күйін мониторингтеу, су тасқыны мен құрғақшылықтың алдын алу бағыттарында екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуды көздейді. 

— Халықаралық су ресурстарын басқару институтымен де өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат бірлескен жобаларды іске асыруды, сондай-ақ зерттеу, мониторинг және жерүсті және жерасты суын басқару, оның ішінде трансшекаралық су ресурстары саласында тәжірибе, ақпарат және озық тәжірибелер алмасуды қарастырады, — деп хабарлады ведомстводан.

Фото: Су ресурстары және мррмгация министрлігі

Германияның Тәуелсіз қоршаған орта институтымен қол қойылған меморандум бірлескен жобаларды әзірлеу мен ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтиды. Француз даму агенттігі ұйымдастырған пленарлық сессия қорытындысы бойынша Hydroplus компаниясымен халықаралық ынтымақтастықтың жол картасына қол қойылды.

— Құжат Қазақстан аумағында пилоттық жобаларды іске асыруды, сондай-ақ су саласы мамандарының біліктілігін арттыру шараларын қамтиды. Жалпы алғанда, RES 2026 аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі мамандары 21 пленарлық сессия мен дөңгелек үстелге қатысты. Олардың қатарында ведомствоның қатысуымен ұйымдастырылған «Климаттың өзгеруі жағдайында Орталық Азияда су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру» атты панельдік сессия және «Халықаралық су ұйымын құру мәселелері бойынша дөңгелек үстел форматындағы консультациялар» атты жоғары деңгейдегі сессия бар, — делінген министрліктің хабарламасында.

Саммит аясында сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті. Іс-шара қорытындысында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылып, 26 наурызды Арал теңізі, Әмудария және Сырдария өзендерінің халықаралық күні деп жариялау туралы шешім қабылданды.

Фото: Су ресурстары және мррмгация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрлігі халықаралық ұйымдар мен даму агенттіктерінің басшылары және өкілдерімен 12 екіжақты кездесу өткізді. Олардың қатарында БҰҰ Даму бағдарламасы, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы, БҰҰ-ның Апаттар қаупін азайту жөніндегі басқармасы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы және басқа да ұйымдар бар. Кездесулерде Мемлекет басшысының Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын іске асыру, Қазақстанның су шаруашылығына инвестиция тарту, пилоттық жобалар мен бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру, су дипломатиясын дамыту, климаттың өзгеруіне бейімделу және табиғи апаттарға қарсы іс-қимыл мәселелері қарастырылды.

— Өңірлік экологиялық саммит су ресурстарын басқарудың жаңа тәсілдерін бірлесіп әзірлеу мақсатында ғылымды, инновацияны, бизнесті және халықаралық қауымдастықты біріктіретін тиімді алаң ретінде өзін дәлелдеп үлгерді. Келіссөздер барысында шетелдік серіктестер саммиттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, сондай-ақ Қазақстанның экологиялық және су қауіпсіздігі мәселелеріндегі белсенді ұстанымын атап өтті. Бұл еліміздің жаһандық үдерістердің қатысушысы ғана емес, әлемдік экологиялық саясаттағы үрдістерді айқындайтын ел екенін көрсетеді — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Аталған саммит аясында Түрікменстан Президенті су ресурстары бойынша өңірлік кеңес құруды ұсынған болатын.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:230
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Сәуір 2026 21:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары