Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Экономикалық өсім 5,3%, инфляция 6%: Мәжіліс үш жылдық бюджетті қабылдады

Экономикалық өсім 5,3%, инфляция 6%: Мәжіліс үш жылдық бюджетті қабылдады

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, 1 қаңтарда күшіне енетін жаңа Салық кодексі 2026 жылғы бюджет кірісін 3,6 трлн теңгеге ұлғайтады. 

Бюджет тапшылығы 0,9%-ға дейін төмендейді

— 2026 жылға түсімдер 23,1 трлн теңге деңгейінде болжанып отыр. Оның ішінде, трансферттерді есептемегенде, кіріс 19,2 трлн теңге.

Экономиканың өсіміне, жаңа Салық кодексінің қабылдауына, оның ішінде салықтық және кедендік әкімшілендіруге байланысты кіріс биылмен салыстырғанда 3,6 трлн теңгеге ұлғайып отыр. Бұл, мемлекеттік қаржының тұрақтылығына әкеледі.

Бюджет шығысы 27,8 трлн теңге, яғни осы жылмен салыстырғанда 2 трлн теңгеге ұлғайып отыр.

2026 жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,5% деңгейінде, ал 2028 жылға қарай ол 0,9%-ға дейін төмендейді деп болжанып отыр. Бұл бюджеттік тәртіпті нығайтуға және борыштық жүктемені азайтуға алып келеді, — деді министр.

Ал әлеуметтік шығысқа 2026 жылы 10,7 трлн теңге бөлу жоспарланып отыр. Оның ішінде әлеуметтік төлемдерге 6,8 трлн теңге, адами капиталға 3,9 трлн теңге қарастырылған.

Ең төменгі айлық 110 мың теңге болса…

Бұған дейін келесі жылы ең төменгі еңбекақы 85 мың теңге болатынын жазған едік.  Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті үш жылдық бюджет жобасына берген қорытындысында осы көрсеткішті көтеруді сұраған. Нақтырақ айтсақ, ең төменгі жалақының мөлшерін қазіргі 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру ұсынылған. 

Үш жылдық бюджет жобасында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап негізгі қаржылық есептік көрсеткіштер мынандай шамада болмақ:

1) жалақының ең төмен мөлшерi — 85 мың теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері — 35 596 теңге;

3) зейнетақының ең төмен мөлшерi — 69 049 теңге;

4) айлық есептiк көрсеткiш — 4 325 теңге;

5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеуге қажетті ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы — 50 851 теңге.

Күш құрылымдарына 3 жылда 3 трлн теңге

2026 жылы қорғаныс саласына жалпы ішкі өнімнің 1%-ы бөлінеді. 

— Алдағы үш жылда өңірлерді дамытуға 581 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде 2026 жылға 300 млрд теңге жоспарланған. Бұл ақшаның бәрі маңызды және жалпы халықтық сипаттағы маңызы бар жобаларға бағытталады.

Сонымен қатар, әкімдіктердің дербестігін арттыру үшін 2026 жылы өңірлерге трансферттер арқылы 5,1 трлн теңге бағытталады, — деді Қаржы министрі Мәди Такиев.

Экономикалық өсім — 5,3%, инфляция — 6%

Ал Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, 2026 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 5,4 пайыз болса, 3 жылдағы орташа жылдық өсім 5,3 пайыз деп болжанып отыр. 

— Номиналды жалпы ішкі өнім 2026 жылғы 183,8 трлн теңгеден 2028 жылы 229,8 трлн теңгеге дейін өседі. Экономиканың өсуі нақты сектор мен қызмет көрсету саласындағы өсудің есебінен қамтамасыз етілетін болады. Өңдеу өнеркәсібінде инвестициялық жобалардың іске асырылуы есебінен өсу қарқыны 2026 жылғы 6,2 пайыздан 2028 жылы 6,6 пайызға дейін ұлғаяды деп болжанады. Тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі үш жылдағы орташа өсу 2,8 пайыз, ауыл шаруашылығында — 3,9 пайыз, құрылыста — 11,0 пайыз, көлік қызметтерінде — 10,1 пайыз және саудада — 6,7 пайыз болады, — деді Серік Жұманғарин.

Ал инфляция болжамы 2026 жылы 9-11 пайыз, 2027-2028 жылдары орташа 6 пайыз деңгейінде айқындалған.

Ұлттық қордан жыл сайын 2 трлн 770 млрд теңге алып отыру көзделген.

Бюджеттің шығыс бөлігі 2026 жылы 27,7 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 15,1 пайызы көлемінде, 2027 жылы— 28,8 трлн теңге немесе ЖІӨ-нің 14 пайызы көлемінде, 2028 жылы— 29,8 трлн теңге немесе ЖІӨ-нің 13 пайызы көлемінде белгіленген.

Құжат жобасында донор өңірлер алдағы үш жылда республикалық бюджетке 3,3 трлн теңге бөледі деп көрсетілген. 

Вице-премьер Серік Жұманғарин үш жылдан кейін Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары да донор өңірге айналуы мүмкін екенін айтады. 

Үкімет ұсынған үш жылдық бюджет жобасын Мәжілістің жалпы отырысына қатысқан 96 депутаттың 94 жақтап дауыс берсе, 2 депутат қалыс қалды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2025 13:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары