Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Ел мерейін өсірген жиын

Ел мерейін өсірген жиын

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Әр тасы тарихтан сыр шертетін Сыр топырағында Қазақ елінің өткені мен бүгінін сараптап, ертеңіне айқын бағдар берген V Ұлттық құрылтай отырысы табысты өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтай мүшелері алдында сөз сөйлеп, ел алдында тұрған айтулы міндеттерді айқындап берді. Көпшілік көз тіккен жиынның жетістігі ел аузында жүр. Осыған орай біз бірқатар сарапшыны әңгімеге тартып, отырыс нәтижесіне қатысты бірер сұрағымызды қойған едік.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Биылғы Құрылтай жиыны нәтижесіне қандай баға бересіз?

Дүйсенбай ТҰРҒАНОВ,

Мәжіліс депутаты:

– Бұл басқосу әдеттегідей өте жоғары деңгейде өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мемлекеттің өмір сүруінің барлық дерлік саласын қамтитын негізгі басымдықтарды атады. Басты өзек бола­шақ үшін жауап­кершілік еке­нін еске салды. Бұл – эко­номикалық, эко­логиялық, техно­ло­гиялық және әлеу­мет­тік өлшем­­дердің бар­лы­ғын қамтиды.

Мемлекет бас­шы­сының Арал теңіз­і мәселесіне жеке тоқталғанын ерекше атап айтқым келеді. Аралды сақ­тау – ел үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін де ең өзекті әрі маңызды міндеттердің бірі. Бұл тақырып бұған дейін де Президент Жолдауында көтерілген еді, ал Құрыл­тайда қайта талқылануы мем­ле­кеттік сая­саттың сабақтастығы мен жүйе­лілігін айқын көрсетеді.

Көпжылдық еңбектің арқасында Солтүстік Аралды сақтап қалу мүмкін болды. Бір кездері мүлде жойылды деп саналған теңіз біртіндеп қайта тіріліп келеді. Қазіргі уақытта Көкарал бөгетінің биіктігін арттыру бойынша шаралар қабылданып жатыр, жобаны іске асыру осы жылдың аяғына жоспарланған. Оның жүзеге асуы су көлемін едәуір ұлғайтып, оң динамиканы нығайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Президент су мәселесін шешу тек ішкі шаруа бола алмайтынын нақты атап өтті. Еліміздегі ірі өзендердің басым бөлігі көрші мемлекеттердің аумағынан бастау алатынын, ал Сырдария мен Аралға жететін су көлемі жоғарғы ағыстағы елдердің су саясатына тікелей байланысты екенін тілге тиек етті. Сондықтан бұл бағытта байыпты әрі кәсіби дипломатия шешуші рөл атқарады.

 

Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ,

қоғам қайраткері:

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрыл­тайдың бесін­ші отырысында сөй­леген сөзінен көп нәрсе түйдік. Әсіресе жас­тар тәрбиесі туралы айтқаны көпшілік көңілінен шықты. Мемлекет басшысы «Әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ету үшін нақты қадамдар жасалды. Лудоманияға, яғни ойын­құмарлыққа және нашақорлыққа қар­сы белсенді күрес жүргізіле бастады» деді. Елдің болашағы – жастардың қолында. Сондықтан жастар тәрбиелі болу керек. Мен бұл отырыстың басты құндылығы ретінде жастарға көңіл бөлін­уін атап айтар едім.

Бәкір ДЕМЕУОВ,

Павлодар облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы:

– Бұл жиын еліміздің одан әрі дамуына қатысты келелі мәселелерді көтеруімен ерек­­ше­ленді. Соның бірі – отыз жылдан астам уақыт халық игілігіне қызмет етіп келген Конституциямызға өзгерістер енгізі­­летіні. Ал конституциялық өзгерістің негізгі өзегі – Парламенттің бір палаталы болатыны тура­лы идеяның іске асқаны. Болашақта оның жұмыс сапасы жаңа деңгейге көтеріледі деген сенімдеміз. Себебі заңдық рефор­ма­ларға сәйкес заң шығарушы органда жедел түрде көп мәселе қара­ла­тыны анық. Әри­не, ең бас­тысы, Пре­зи­ден­тіміз ұсын­ған жаңа­­шыл­­­­дық­тар­дың бар­лы­ғы ре­ферен­думнан ке­йін, халық таң­дауы бойынша қа­былданады. Бұл да біздің мемле­ке­ті­міздің құрылысы де­­­­мокра­тия­лық қа­ғи­­­да­­ларға негіз­делген ел еке­нін байқатып отыр.

Құрылтайда көтерілген қандай мәселені айрықша атар едіңіз?

Дүйсенбай ТҰРҒАНОВ,

Мәжіліс депутаты:

– Мемлекет басшысының сөзінде цифрландыру мен жасанды интеллект тақырыбы жеке блок ретінде қарастырылды. Президенттің пікірінше, жаһандық технологиялық өзгерістер жағдайында жаңа шындыққа бейімделіп қана қоймай, оны қалыптастыруға белсенді қатыса алатын ұлттар ғана табысты болады. Бұл – елдің алдағы онжылдықтардағы бәсекеге қабілеттілігі тікелей байланысты болатын стратегиялық сын-қатер.

Сондай-ақ энергетика саласындағы өзекті мәселелер де назардан тыс қалмады. Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жаңа жылу электр орталықтарын салу секілді негізгі жобаларды жедел іске асыру қажеттігі айтылды. Үкіметке және «Самұрық-Қазына» қорына Курчатовтағы электр стансасын уақтылы іске қосуды, ГРЭС-2-де қосымша энергоблоктарды пайдалануға беруді және Екібастұзда ГРЭС-3 құрылысын бастау тапсырылды. Энергожүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ең алдымен, газ генерациясы есебінен теңгерімдеуші қуаттарды жедел енгізу міндеті қойылды.

Бұл ретте Президент табиғи газ әлеуетінің жеткілікті пайдаланылмай отырғанын қатаң сынға алды: жаңа кен орындарын барлау мен игеру жұмыстары тым баяу жүріп жатыр. Өткен жылы тауарлық газ импорты 18 пайызға өсіп, 4,5 млрд текше метрге жетті. Бұл – тиімсіз жоспарлаудың тікелей салдары және қазіргі жағдайда мүлде жол берілмейтін ахуал. Энергетикалық сенімділікті қамтамасыз етудің маңызды резерві ретінде елдің су ресурстары аталды. Алайда олардың әлеуеті әлі күнге дейін заманауи тұрғыда бағаланбаған, қолда бар деректердің басым бөлігі кеңестік кезеңге тиесілі. Президент еліміздің су-энергетикалық ресурстарының нақты әрі сенімді картасын әзірлеу қажеттігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ транзиттік әлеуетті дамыту, автомобиль және теміржол инфрақұрылымы секілді тұрақты экономикалық өсудің драйвері болуға тиіс салалар да сөз болды.

Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ,

қоғам қайраткері:

– Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп тегін айтпаса керек-ті. Тәрбиені әуелі бала жастан бастау қажет. Егер ұрпағымыз білімді, бірақ тәрбиесі нашар болса, одан пайда бар ма? Әрине жоқ. Ізгілігі жоғалған қоғам ерте азып-тозады. Менің төрт жасар немерем бар. Кейде әке-шешесі оған қатты сөйлеп қалса, «сабырмен айтсаңыздар, түсінемін ғой» дегенде кіп-кішкентай балдырғанның ақылына таңғаламын. Мұны айтып отырған себебім, біздің кезіміз бен қазіргі жастарды салыстыруға болмайды. Бүгінгі ұрпақ саналы. Сөйлемесе де іштей көп нәрсені біліп тұрады. Өйткені смартфон, интернет деген құдіреттің арқасында бұл күн­нің балаларынан ешнәрсе жасыра алмай­сың. Сол үшін жас­тардың ақыл-ой әлеуе­тін ұлттық тәрбиемен ұштастырып, дұрыс арнаға қарай бұра білген жөн.

Менің бұл ойым Президенттің Құ­рыл­­­­­­тайда айтқан «Жас­­­­тар­дың күш-қуаты, ынта-жігері, жаңа­­шыл­­дығы мен жасам­­­паздығы кез келген салаға зор серпін береді. Сондықтан біз өскелең ұрпаққа әрдайым жан-жақты қолдау көрсетеміз. Олардың ұлттық құн­дылық­тар­мен қа­тар жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойы­на сіңіруіне барынша жағдай жасаймыз» деген сөзімен тұспа-тұс келуі ерекше тебірент­ті.

Мемлекет басшысының Құрылтай отырысында айтқан ойларынан тағы бір ерекше ұнағаны – Парламентті Құрылтай деп атайық дегені болды. Бұл ұсынысты өз басым бабалар ізін жалғастырған ізгі амал деп қабылдадым. Расында да қазақтың талай тағдыршешті мәселесі осы құрылтайда қаралып, шешімдер қабылданған жоқ па? Сондықтан Парламенттің бір палаталы болып, оның атауы Құрылтайға ауысуы бабалар рухына жасалған тағзым, құрмет болды.

Бәкір ДЕМЕУОВ,

Павлодар облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы:

– Мемлекет бас­шы­­­сының Орта­лық Азия аймағында еліміздің рекордтық көр­сеткішке қол жет­кізгенін атап өткені бәріміздің көңі­лі­­мізді көтерді. Эко­номикамыз 6,5%-ға өсіп, еліміз­дің ішкі жалпы өнімі  300 млрд дол­лар­дан асыпты. Ал жан басына шақ­қан­да­ғы үлесі тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет 15 мың дол­лар болған. Бұл – дәйекті экономикалық көрсет­кіштер.

Бір мысал келтірейін, мен 2003–2009 жылдары Павлодар қаласының әкімі болып тұрғанда қала бюджетінің көлемі небәрі 20 млрд теңге бола­тын. Қазір ол 300 млрд теңгеден асады. Ондаған жылдар ішінде шаһардың қазына қа­ра­жаты 15 есе ұлғайған. 2000 жылдары қа­лаға республикалық трансферттер берілмеді, әлеу­меттік салаға тек қала­дан ғана қаражат қарас­ты­ры­латын. Ал қазір қарап отырсақ, респуб­ликадан өңір­­лер­ге миллиардтаған қаражат құйылып жатыр. Халықтың өмір сапасын, тұрмысын жақсар­туға орасан зор мүмкіндіктер жасалуда. 

Соңғы жаңалықтар

Сыртқы істер министрлігінің жаңа ресми өкілі тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 12:31

Әлем мойындаған кинолар неге көрерменсіз қалады?

Кино • Бүгін, 12:25

Аралда адасқан жолаушы аман-есен табылды

Аймақтар • Бүгін, 12:17

Қостанайда жыл басынан бері 20 адамды үсік шалған

Оқиға • Бүгін, 12:03

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

Спорт • Бүгін, 11:54

Ұлыбританияда отандық жоғары білім бастамалары таныстырылды

Ғылым • Бүгін, 11:48

АҚШ-тан көшкендер саны келушілерден асып түсті: Трамп эмиграция мәселесін қалай шешті?

Қоғам • Бүгін, 11:36

Енді автокөлік жуу орындары жаңа талап бойынша жұмыс істейді

Қоғам • Бүгін, 11:27

Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері пойызбен тегін қатынайды

Әскер • Бүгін, 11:17

Жаңа 4 фармацевтикалық зауыт салынады: Елімізде қандай дәрі-дәрмектер өндіріледі?

Президент • Бүгін, 11:02

Қазақстан өнерпаздары Нью-Делиде өнер көрсетті

Әлем • Бүгін, 10:54

Еңбек министрлігі Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Қоғам • Бүгін, 10:43

«Shymkent Open»: Каратэ турнирінде 900-ге жуық спортшы бақ сынап жатыр

Спорт • Бүгін, 10:37

«Қайрат» – «Брюгге» матчына Борат стилінде киініп келген шетелдіктер жауапқа тартылды

Оқиға • Бүгін, 10:25

ChatGPT кәмелетке толмағандарды автоматты түрде анықтай бастайды

Digital • Бүгін, 10:13

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:188
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қаңтар 2026 13:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары