Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Алматыда екі қабатты ғимарат өртке оранды

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Сәбидің өз салмағымен бірдей: Алматылық дәрігерлер жаңа туған баладан 2 кг ісікті алды

Микрокредит береміз : Алматыда халыққа қарыз ұсынған сайтқа қатысты тергеу басталды

S&P Global Ratings Фридом Банк Қазақстан АҚ бойынша болжамды Позитивті деңгейіне өзгертті

Шавкат Рахмонов отбасының алғашқы баспананы қалай алғанын айтты

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Щучинскідегі Палау орталығындағы жарылыс іс бойынша айыпталушыларға үкім шықты

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Бюджетке түскен батпан

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Роботтар Олимпиадасы: Германия Қытай 10:0

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Сүйінбай атындағы филармонияның өнерпаздары халықаралық фестивальде ел мерейін үстем етті

Сүйінбай атындағы филармонияның өнерпаздары халықаралық фестивальде ел мерейін үстем етті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның өнерпаздары Беларусь Республикасының Витебск облысы Глыбокае қаласында 24-25-ші шілде күндері өткен халықаралық «Шие» этнофестиваліне қатысып, қазақтың төл өнерін лайықты таныстырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Халықаралық мәдени шарада филармония құрамындағы «Қобыз сарыны» фольклорлы-этнографиялық ансамблі мен «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі өнер көрсетіп, фестиваль қонақтарының ыстық ықыласына бөленді.

2013 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Шие» фестиваліне Қазақстан, Мьянма, Ресей және Беларусь Республикасының шығармашылық ұжымдары қатысты. Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімінде Витебск облыстық депутаттар кеңесінің төрағасы Дмитрий Владимирович Демидов қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Глыбокае қаласы – Беларусьтің шие астанасы. Шиелі бақтары мен көркем көлдерінің ортасында орналасқан шағын қаламызға қош келдіңіздер! Өнер халықтарды жақындастырып, бір-біріміздің мәдениетімізді тереңірек тануға мүмкіндік береді. Біздің басты мақсатымыз – этностар арасындағы достық пен өзара құрметті нығайту, ұлттық өнер мен дәстүрдің сабақтастығын сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу, – деді Дмитрий Демидов.

Фестиваль аясында «Қобыз сарыны» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі Бекназар Қалекеев бастаған музыканттар қазақтың «Аққу» және «Ақыртас» күйлерін орындап, көрермендердің зор қошеметіне ие болды.

Ал «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблінің жетекшісі Бегзат Ағиярұлы бастаған бишілер – Әсел Көбеген, Сынбат Өтегенова, Аяжан Досқанова және Әсел Серікбай ұлттық билердің көркем үлгілерін сахналап, фестивальдің қорытынды концертінде орындалған «Қара жорға» биімен жиналған көпшілікті ерекше тәнті етті.

Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның директоры Сәбит Әбдіхалықов халықаралық фестивальдің маңызына тоқталды.

– Бұл фестивальде әр мемлекет өзінің ұлттық мәдениеті мен өнерін таныстырады. Біз қазақтың қобыз өнерін және сонау 1980-жылдары мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің бастамасымен құрылып, өзі атау берген «Алтынай» би ансамблін алып келдік. Осындай халықаралық өнер мерекелері тәжірибе алмасуға, кәсіби тұрғыдан шыңдалуға зор мүмкіндік береді. Ең бастысы – қазақ халқының бай мәдениеті мен өнерін әлемге танытуға қызмет етеді. Біздің ұжымды үнемі қолдап келе жатқан Алматы облысының басшысы Марат Сұлтанғазиев пен мәдениет басқармасына алғыс білдіреміз, – деді ол.

Фестиваль барысында Минск қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің кеңесшісі Рашид Равильұлы да арнайы қатысып, Алматы облысының өнерпаздарына қолдау білдірді.

Беларусь төрінде өткен халықаралық фестиваль қазақ өнерінің мерейін үстем етіп, Сүйінбай атындағы филармония ұжымының кәсіби деңгейі мен ұлттық мәдениетті халықаралық деңгейде насихаттаудағы әлеуетін тағы бір мәрте айқындады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:83
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Шілде 2026 15:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

07 Қыркүйек 2026 17:52see115

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see114

Алматыда екі қабатты ғимарат өртке оранды

07 Қыркүйек 2026 12:01see113

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see112

Сәбидің өз салмағымен бірдей: Алматылық дәрігерлер жаңа туған баладан 2 кг ісікті алды

07 Қыркүйек 2026 11:10see112

Микрокредит береміз : Алматыда халыққа қарыз ұсынған сайтқа қатысты тергеу басталды

07 Қыркүйек 2026 09:55see111

S&P Global Ratings Фридом Банк Қазақстан АҚ бойынша болжамды Позитивті деңгейіне өзгертті

07 Қыркүйек 2026 09:03see110

Шавкат Рахмонов отбасының алғашқы баспананы қалай алғанын айтты

06 Қыркүйек 2026 21:11see110

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see110

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see109

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see108

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see107

Щучинскідегі Палау орталығындағы жарылыс іс бойынша айыпталушыларға үкім шықты

07 Қыркүйек 2026 13:04see107

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see107

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see107

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see107

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see107

Роботтар Олимпиадасы: Германия Қытай 10:0

07 Қыркүйек 2026 11:19see106

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see105

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары