Елде балық шаруашылығы заңнамасын бұзудың 3,2 мыңнан астам фактісі тіркелді
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Қазақстанда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында балық шаруашылығы саласында 3,2 мыңнан астам заң бұзушылықтың жолы кесілді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі балықты заңсыз аулауға, су айдындарын ластауға, кеме қатынасы қағидаларын бұзуға және су биоресурстарын заңсыз тасымалдауға қатысты тіркелген.
"Тексеру нәтижесінде 2 639 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 68,3 млн теңгені құрады. Сонымен қатар, 48 адамға қатысты құқық қорғау органдарына 30-дан астам материал жолданып, 31 қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады министрлікте.
Сонымен қатар Жайық–Каспий бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Шекара қызметімен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп 1 239 құқық бұзушылықтың жолын кесті.
Нәтижесінде 936 адам жауапкершілікке тартылып, 25,8 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
"Акция барысында браконьерлік және сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі төнген балық түрлеріне заңсыз қол сұғу фактілері бойынша 33 қылмыстық іс қозғалды", - деп жазылған хабарламада.
Заңсыз айналымнан 8,5 тонна балық (оның ішінде 1,2 тонна бекіре тұқымдас балық), 10,7 кг бекіре уылдырығы, сондай-ақ 134 балық аулау құралы тәркіленді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:89
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 19:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















