Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Елде өз өмірін сақтандыратын азаматтардың саны 25 пайызға артқан

Елде өз өмірін сақтандыратын азаматтардың саны 25 пайызға артқан

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Елде өз өмірін сақтандыратын азаматтардың саны 25 пайызға артқан. Сала сарапшылары: «Оң динамикаға тұрғындардың қаржылай сауаттылығының артуы себеп», - дейді. Одан өзге түрлі мемлекеттік ынталандырулар, компаниялар арасындағы бәсекелестік те халықтың белсенділігіне әсер етіп отыр. Жалпы алғанда бұл сақтық шаралары не үшін керек? 

Сақтандыру саласының активтері биылғы 9 айда 2,1 трлн теңгеге жеткен. Қазір Қазақстанда бұл нарық бойынша ресми 10 компания тіркеуде тұр. Оның 9-ы — жекеменшік. Айырмашылық тек бағаларында ғана. Дегенмен елде ерікті түрде жүзеге асатын өмірлік сақтандыру саласы әлі де кенжелеп тұр. Бұны мамандар айтып отыр. 

Айгүл Қизатова, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ корпоративтік сату департаментінің бас маманы:

- Төлемдер 50 доллардан басталады. Әрі қарай адам өз еркімен таңдайды. Төлемді бір рет төлеуге болады. Ай сайын төлеуге болады. Тоқсандық, жарты жыл, бір жыл төлеуге болады. 

Сақтандыру секторы көпке түсініксіз тақырыптың бірі. Содан болар, өз өмірін сақтандырған 6,5 млн қазақстандықтың тек 1,5% ғана өз еркімен жасаған екен. Сарапшылар бұл жүйені өзіңізге және жақындарыңызға деген жауапкершілік деп түсіндіреді. Әрі қысылтаяң сәтте қаржылай қолдау көрсететін тетік. Жүйе салымшының қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, күтпеген жағдайларда ауыртпалықты жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Марина Орынбаева, сақтандыру саласының сарапшысы:
- Мысалы, бір отбасы асыраушысынан айырылды. Оның атында дүниеден бөлек несиелер бар. Егер сол кісінің атында сақтандыруы болса, бұл несиелердің бәрін сол сақтандыру компаниясы жауып беретін еді. Ал сақтандыру полисі болмаса, онда бұның бәрі мұрагерлікке өтіп, одан қалған ұрпағы төлеп жауып жататын болады.

Сақтандыру секторы түрлі бағытқа бөлінеді. Салымшының жазатайым жағдайдан немесе белгілі бір себеппен бақилық болғанда төленетін төлем. Мүгедектік, ауру-сырқау, еңбекке уақытша жарамсыз болу. Соңғысы — келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін берілетін қаржы. 

Динара Ыдырысова, сақтандыру компаниясының маманы:
- Бір ғана мысал келтірейін. Клиентіміз үш ай бойы 10 мың теңгеден төлеп отырды. Жол апатына ұшырады. Жұмыс орнынан денсаулық жағдайына байланысты төлем төленді және біздің сақтандыру компаниясы жарақаты үшін ақша төледі. Үш айда 30 мың теңге төлесе де, 700 мың теңгедей ақша алды.

Дей тұрғанмен сақтандыру секторы ақша салдым, табысқа кенелдім деген сөз емес. Компанияның төлем төлеуден бас тартатын кездері де болады. Егер сіз ай сайынғы төлемді 30 күннен кешіктірсеңіз, компания бір ай көлемінде қаржылай қолдау көрсетпейді. Сондықтан келісімшартта көрсетілген әр тармақтың орындалуы маңызды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 11:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары