Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Елдің институционалдық бағдарын қалыптастырады

Елдің институционалдық бағдарын қалыптастырады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Конституция жобасында жеке тұлғаны қорғаудың құқықтық кепілдіктері күшейтілді. Сондай-ақ адам капиталын дамытуға, білім мен ғылымды қолдауға, инновацияларды ынталандыруға басымдық берілген. Құжаттағы өзге де жаңашылдықтар «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: келешекке бағдар» тақырыбында өткен сарапшылар алаңында кеңінен талқыланды.

Сурет ЖИ көмегімен жасалған

Астанадағы жиынға Парламент депутаттары, саясаттанушылар, академиялық қауымдастық өкілдері, журналистер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Олар конституциялық реформаның негізгі бағыттары, жаңа институттар мен қоғамдық диалогтің орнықты мемлекеттік даму моделін қалыптастырудағы рөлін сөз етті.

Талқылау барысында Мәжіліс депутаты Абзал Құспан жаңа Конституция құқықтық әрі әділетті мемлекет құруға бағытталған маңызды қадам болады деген пікірін ортаға салды. Оның айтуынша, құжатта теңдік қағидасы күшейтілген.

– Жобада азаматтардың құқық­тарын қорғауға ерекше мән берілген. Мемлекет әрбір адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға, жеке өмірінің қол сұғылмауын қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар заң алдындағы теңдік қағи­дасы күшейтіліп, азаматтардың құқықтары бұзылған жағдайда оларды әділ қорғаудың тиімді тетіктері қарастырылған. Халықаралық тәжіри­беде кеңінен танымал «Миранда қағидасына» ұқсас нормаларды енгізу ұсынылады. Бұл қағида бойынша адамды ұстау кезінде оған өзінің негізгі құқықтары түсіндірілуге тиіс. Атап айтқанда, азаматтың үндемеу құқығы, адвокаттың көмегін пайдалану құқығы және қажет болған жағдайда тегін заң көмегін алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі, – деді депутат.

Қазіргі геосаяси ахуал күрделі кезеңде мемлекеттік институттардың орнықтылығы ерекше маңызға ие болып отыр. Осы тұрғыда саясаттанушы Талғат Қалиев жаңа Конституция елдің берік институционалдық негізін қалыптастыруға бағытталғанын айтады. Ал сарапшы Нұрбек Мат­жанидің айтуынша, цифрлық тех­нологиялардың қарқынды дамуы мен медиақұралдардың жаһандық кеңістігі жағдайында ақпараттық ортаны реттеу мәселелері ерекше өзекті.

– Жаңа құжат цензураға тыйым салып, сөз еркіндігіне кепілдік береді. Бұл норма БАҚ, ғылым, өнер және қоғамдық диалогтің еркін дамуына құқықтық негіз жасайды. Цензураға тыйым салу әртүрлі көзқарастар қатар өмір сүретін плюралистік ақпараттық ортаның қалыптасуына ықпал етеді. Соғыс пен қарулы қақтығыстарды насихаттауға тыйым салынады. Бұл ереже Қазақстанның бейбітшілікті жақтайтын сыртқы саяси доктринасын көрсетеді, – деді Н.Матжани.

Өз кезегінде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева бала құқықтарын қорғауға қатысты кепілдіктердің Ата заң деңгейінде бекітілуі аса маңызды екенін жеткізді.

– Кейбір өңірлерде балаларға қатысты қатыгездік көрсету, кәмелетке толмағандардың қолайсыз жағдайда өмір сүру фактілері тіркеліп отыр. Мұндай жағдайларда мемлекеттік органдар ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру, сондай-ақ қылмыстық іс қозғау секілді шаралар қабылдайды. Дәл осы себепті бала құқығының конституциялық кепілдіктерін күшейту маңызды. Өйткені Ата заң тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар қоғам дамуының құндылықтық бағдарларын да айқындайды, – деді омбудсмен.

«Bilim Group» компаниясының негізін қалаушы әрі жетекшісі, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы ғылым мен технологияның қарқынды дамуы экономиканың жаңа моделін қалыптастырып жатқанын атап өтті.

–  Финляндия, Оңтүстік Корея және Сингапур сияқты елдердің тәжірибесі білім мен технологияға негізделген даму стратегиясының тиімді екенін көрсетеді. Сонымен қатар әлемде цифрлық трансформация қарқын алып келеді. Жаһандық өзгерістер аясында Қазақстан үшін де жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр. Біздегі басты артықшылық – табиғи ресурс-тар мен адам капиталының үйлесімі. Ендігі міндет – табиғи байлықты технологиялық және зияткерлік капиталға айналдыру. Осы сипаттағы бағыттар жаңа Конституцияда қамтылған, – деп түйіндеді ол.

Сарапшылар алаңындағы талқылау конституциялық рефор­маның тек мемлекеттік институттарды жаңғыртуға емес, сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған құндылықтық негізді қалыптастыруға арналғанын көрсетті. Іс-шараны Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты «Amanat» партиясымен бірлесе ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Қазақстан • Бүгін, 09:24

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:12

Сенат төрағасы: Тарихи кезеңде ұлттың бірлігі аса маңызды

Үкімет • Бүгін, 09:00

Бірқатар халықаралық келісімдер ратификатталды

Саясат • Бүгін, 08:55

Шыны зауытындағы бірегей жобалар

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Энергетикалық қауіпсіздік – экономикалық тұрақтылық кепілі

Энергетика • Бүгін, 08:45

Еңбек көші-қонында тәуекел көп

Қоғам • Бүгін, 08:40

Мемлекеттік басқару: Жаңа сапаға қадам

Пікір • Бүгін, 08:38

Ағайынды Дүйсен мен Дүйсенбі болыс

Зерде • Бүгін, 08:35

Елдің институционалдық бағдарын қалыптастырады

Ата заң • Бүгін, 08:33

Оқушылар қалай тамақтанады?

Білім • Бүгін, 08:30

Ата-анаға құрмет – елдік қасиет

Пікір • Бүгін, 08:28

Ұрпақ тәрбиесінің төрт тұғыры

Тәрбие • Бүгін, 08:25

Бір баптың бағасы, бір тармақтың тағылымы

Пікір • Бүгін, 08:22

Наурыз айындағы тестілеу басталды

Білім • Бүгін, 08:20

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Наурыз 2026 10:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары