Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Еліміз сағатына 123,1 млрд кВт электр қуатын өндіреді

Еліміз сағатына 123,1 млрд кВт электр қуатын өндіреді

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Елде көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жоба әзірленеді. Оны Энергетика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп дайындайды.

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов ведомство басшысы Ерлан Ақкенженовке осыны тапсырды. Сонымен қатар жиында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда көтерген мәселелерінің орындалу барысы пысықталды.

Еліміз сағатына 123,1 млрд килловат электр қуатын өндіреді. Бірақ бұл барлық жоспарды табысты орындауға жеткіліксіз. Атом стансаларының құрылысы аяқталғанын күтпей-ақ жаңа қуат көздерін іске қосуды қолға алуымыз керек. Осылай деген Мемлекет басшысы кешегі құрылтайда саладағы олқылықтарды тізді. Дегемен Үкімет көп кідірмей, түйткілді шешіп, тапсырмаларды орындауға білек сыбана кірісіп кетті.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Мемлекет басшысы көмір генерациясын дамытудың және жаңа ЖЭО жобаларын іске асырудың маңызын атап өтті. Осыған байланысты Самұрық-Қазына қорына қаңтар айының соңына дейін Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында Жылу электр орталықтарын салу жобаларын іске асыру бойынша келісімшарттарды бекітуді тапсырамын. Құрылыс жұмыстарына алдымыздағы сәуір айында кірісу керек. Екінші ГРЭС-ті кеңейту бойынша құрылыс барысын ерекше бақылауға алу қажет. Сондай-ақ биыл Курчатовтағы ЖЭО және Екібастұздағы үшінші ГРЭС жобаларының техникалық құжаттамасын дайындауды аяқтау керек.

Негізі еліміздің 33 млрд тоннаға жуықтайтын ауқымды көмір қоры бар. Жыл сайын 110 млн тоннадан астам көмір өндіріледі. Жұмыс осы қарқынмен жалғасса, ол 300 жылға жетеді. Қазірдің өзінде Қазақстан осы бағыт бойынша әлемде алдыңғы қатарда. Демек көмір – мемлекетіміздің стратегиялық активі. Бұл тұста Энергетика министрілігі мүдделі органдармен бірігіп, 1 айдың ішінде Көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеуге тиіс. Жоба электр энергиясын өндіруге де септігін тигізеді.

Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:

- Бұл жоспарға шамамен 7,6  ГВт көмір генерациялау жобалары енгізілетін болады. Экологиялық заңнама талаптарын сақтай отырып, «таза көмір» технологиялар негізіндегі жаңа көмір генерациясының жобаларына ерекше назар аударылатын болады. Жалпы қуаты 960 МВт болатын Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларындағы 3 жылу электр орталықтары жобаларының аяқталу мерзімдері өзгермейді және олардың іске асырылуы министрліктің толық бақылауында. Әрбір жоба көмір генерациясын дамыту жөніндегі әзірленіп жатқан Ұлттық жобада егжей-тегжейлі сипатталатын және тіркелетін болады.

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі де Президент пәрменінің атқарылу барысын баяндады. Серік Жұманғариннің сөзіне сүйенсек, негізгі басымдық халықтың әл-ауқатын арттыруға беріледі. Биыл азаматтардың нақты табысының артуы 2-3 пайыздан жоғары болуға тиіс, - деді. Ал бұл мақсатқа  экономиканың тұрақты әрі сапалы өсуін қамтамасыз ету және инфляцияны төмендету есебінен қол жеткізілмек.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары –  ұлттық экономика министрі:

- Инфляцияны 9-11%-ға дейін төмендету үшін шаралар қабылданады. Азық-түлік тауарларының отандық өндірісін ұлғайтуға және ішкі нарықты молықтыруға, тауар нарықтарында теңгерімсіздіктерді болдырмауға, өнімді тиімді сақтау және тасымалдау бойынша инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылатын болады. Осы жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 19-дан 31-ге дейін кеңейтілді. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтердің өсуінен инфляцияға әсер инфляцияның нысаналы параметрлеріне байланысты шектелетін болады.

Ел экономикасының тұрақты дамуының маңызды факторы - шағын және орта бизнес екені мәлім. Бұл тұста әкімшілік жүктемені азайтып әрі қолдау көрсете отырып, бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту бойынша жүйелі шараларды одан әрі жалғастыру көзделіп отыр.

Авторлары: Альмира Оразбай, Марат Диханбаев

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 19:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары