Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Елімізде алғаш рет қазақ тілді мобильді ойын іске қосылды

Елімізде алғаш рет қазақ тілді мобильді ойын іске қосылды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақ тілін жасанды интеллектің көмегімен үйренуге болады. Алғаш рет елімізде қазақ тілді мобильді ойын іске қосылды.  

Steppe Games деп аталатын балаларға арналған ойын алаңында тіл үйренумен қатар ұлттық ас-ауқаттың түрімен танысады. Демек, жеткіншектер ойнап жүріп, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре алады. 

Айнұр Қуатқызы, тілші:

- Қазақ баласы замана көшіне ілесіп-ақ келеді. Жасанды интеллекті күн санап дамығанда, балаларға да ойлы ойын қажет болды. Бұл олқылықтың да орны толды. Телефонға телмірген жеткіншек енді ақыл мен ойдың ойынына ілесе алады. Степ Геймс жобасы арқылы баланың қиялына қанат бітеді. Тіпті, бала смартфондағы қосымша арқылы бауырсақ пісіріп, ләңгі тебуді үйренеді. Міне, осы арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңіреді дейді жоба әзірлеушілері. 

Мақпал Жұмабай, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры:

- Біздің кейіпкерлеріміз барлық тапсырмаларды өзі орындауы керек. Яғни бірінші кезеңде ол садақ атуы крек. Егер садақ ата алмаса келесі кезеңге өте алмайды. Бұл арқылы біз ұлттық ойындарды үйретеміз. Бір кезеңде ол ұлттық тағамды мысалы бауырсақ қалай пісіріледі соны үйренеді. Сонымен қатар, асық атып, ләңгі тебеді. Оған қоса Бозоқ сияқты тарихи ескерткіштермен танысады. Бұл ойын тек қазақ тілін үйретумен шектелмейді ол салт-дәстүр, тарихи ескерткіштерді таныту, ұлттық сананы дамыту бағытында үлкен мүмкіндіктері бар жоба. 

Ұлттық жоба  - технология мен дәстүрдің үйлескен үлгісі. Жоба әзірлеушілер оған шамамен екі жылға жуық уақытын сарп еткен. Ойынды  IT  мамандармен қатар, лингвистер бірлесіп жасап шықты.  Steppe Games  - тек тіл үйрету құралы емес, дүниетанымды, ұлттық құндылықты танытатын жоба. Балалар ойнап отырып, қазақша сөздік қорын толықтырады. Мәселен, бүгінде әлемде 2 млрдтан астам адам смартфон арқылы ойын ойнайды. Оның әрбір төртіншісі бала. Заманауи зерттеулер осыны көрсетіп отыр. Ал балаларға  пайдалы контенттің көп болғаны абзал.

Динара Ринатқызы, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі:

- Жастар арасында жасанды интелектіге деген қызығушылықтың артқаны қуантады. ЖИ құралдарын басқаруды игеріп, арнайы курстан өткен студенттер көп. Осындай ынталы жастардың арқасында заманауи технология ілгерлей бермек. Балаларға тіл үйрететін ойынды да зерделі жастар жасап шығарды. Қазірде жасанды интелект арқылы ойынды жетілдіре түскіміз келеді. 

Ойындағы жоба кейіпкерлері Арман мен Айша замандастарына білім нәрін қазақ тілінде үйретеді. Ойын картасы Қазақстанның нақты географиялық бейнесіне негізделген. 

Мейіржан  Әуелханұлы, жасанды интеллект жөніндегі сарапшы:

- ЖИ ол бір қатып қалған, ескіден қалған дүние емес. Ол жаңа дүние. Яғни жасанды интеллект саласындағы стартаптар өте көп. Және осы стартаптарға біздің министрлік өте жақсы жағдай жасау керек деген ойдамын. ЖИ қазір бүкіл әлемде өте жоғары деңгейде дамып, экономиканың қозғаушы күшіне айналып отыр. 

Бүгінде цифрлық дәуірдің жетегіне ерген жұрттың талабы жоғары. Себебі қазір әлемде контент үшін бәсеке қызу. Біздің жастар да жасанды интеллектіге негізделген жобалардың сан түрін жасады. Мәселен, отандық ІТ мамандар жасанды интеллект көмегімен видео мен суреттің анимациясын жасайтын отандық платформа ойлап тапты. Хигсвилд Эй-Ай стартабы жақында 1 млрд АҚШ долларына бағаланды. Осылайша отандық өнім тұңғыш Unicorn деңгейіне жеткен. Бүгінде бұл платформаға  әлем бойынша сұраныс көбейген.

Айнұр Қуатқызы, Жарқын Өрден

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:221
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 17:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары