Елімізде үш жылда 633 медициналық нысан салынды
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Елде соңғы үш жылда 633 денсаулық сақтау нысаны бой көтерді. Бұлардың қатарында, елордадағы Ұлттық онкологиялық және Шұғыл медицина орталықтары мен Алматыдағы Инфекциялық аурулар мекемесі де бар.
Жыл соңына дейін Риддердегі көпбейінді аурухананың, Өскемендегі Гематология кешені мен Ақтаудағы жедел жәрдем бекетінің құрылысы аяқталады. Бүгінде 601 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны қолданысқа берілді. Биыл тағы 54 ғимарат салынып бітеді. Одан бөлек, 32 аудандық аурухана жаңғыртылып жатыр. Сегіз аурухана көпбейінді деңгейге дейін кеңейтілді. Атап айтқанда, Теміртау, Балқаш, Жаңаарқа мен Үржардағы орталық ауруханалар және Шу, Меркі, Талас, Бейнеу аудандарындағы медициналық мекемелер жетілдірілді. Қаңтар-қазан аралығында салаға 214,8 млрд теңге инвестиция тартылды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:88
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 12:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















