Еліміздің батысында ауқымды әскери оқу жаттығу басталды
Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Маңғыстау облысының «Оймаша» полигонында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Батыс» өңірлік қолбасшылығы мен Құрлық әскерлері әскери қызметшілерінің қатысуымен көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқу-жаттығудың алғашқы кезеңінде роталық-тактикалық топтар белгіленген аудандарға марш жасады. Әскери қызметшілер лек құрамында қозғалысты ұйымдастыру, бөлімшелерді басқару және белгіленген бағыт бойынша тәртіпті сақтау мәселелерін пысықтады.
Марш барысында жеке құрамның іс-қимыл үйлесімділігіне, әскери техниканың дайындығына, қауіпсіздік шараларының сақталуына және жағдайдың өзгеруіне қарай командирлердің жедел әрекет ете білу қабілетіне ерекше назар аударылды.
Межелі аудандарға жеткеннен кейін бөлімшелер оқу-жаттығу жоспарына сәйкес берілген тапсырмаларды әрі қарай орындауға кірісті.
Әскери қызметшілер әскерлерді басқару, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және ахуалдың тез өзгеруіне байланысты шешім қабылдау мәселелерін пысықтайды.
Оқу-жаттығудың мұндай көпсатылы түрі әскери басқару органдарынан бастап тікелей қойылған тапсырмаларды орындайтын бөлімшелерге дейінгі әртүрлі деңгейлерді қамтуға мүмкіндік береді.
Аталған оқу-жаттығу әскери қызметшілердің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға, әскери басқару органдарының операцияларды жоспарлап, іске асыру дағдыларын жетілдіруге, әскерлерге берілген тапсырмаларды орындауға дайындығын тексеруге және әртүрлі жағдайларда бөлімшелердің үйлесімді іс-әрекетін нығайтуға бағытталған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:116
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қыркүйек 2026 09:35 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















