Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Еңбек көші қонында тәуекел көп

Еңбек көші қонында тәуекел көп

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазіргі күнге дейін еліміз еңбек мигранттарын қабылдайтын ел ретінде танылса, кейінгі жылдары жағдай өзгеріп, еңбек күшін экспорттайтын мемлекетке айналды. Мамандардың айтуынша, бұл – қалыпты үрдіс. Алайда «Ел азаматтары өзге елдердегі лаңкестік топтардың құрығына түсіп қалмай ма?» деген алаңдаушылық та бар.

Сурет: juzmedia.kz

Халықаралық көші-қон ұйы­мының (ХКҰ) есебіне сәйкес, өткен жылы шетелде жұмыс істеген 156,7 мың ел азаматы тіркелген. Олардың басым бөлігі Ресейде (128,8 мың), Кореяда (15,2 мың), Польша (2,6 мың) мен Ұлыбританияда (1,4 мың) ең­бек еткен. Еңбек көші-қонына бай­ланыс­ты жағдайды реттеу үшін қазір ел билігі ең­бек мигранттары ағылып жатқан мем­ле­кеттермен келісімдер жа­са­суға күш са­лып отыр. Мәселен, Қатар, Ұлыбри­та­­ния­ елдерімен екіжақты келісімдерге қол қойды.

Ал мамандардың айтуынша, Парсы шығанағы елдерінде жағдай күрде­лірек. Реформаларға қарамастан, бұл елдер­де жалақы кешіктіріліп, заңсыз рекру­тингтік төлемдер, төлқұжаттарды тартып алу мен кәсіподақтық қорғаудың болмауы секілді олқылықтар кездеседі. Осы тәуекелдерді азайту мақсатында ел Үкіметі Қатармен келісімге қол қойды, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы елдерімен халықаралық шарт жасасуға келіссөздер жүргізіп жатыр. Өткен жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Ұлыбританияның Еңбек заңнамасын бұзу мен қанауға қарсы қызметі (GLAA) арасында меморандумға қол қойылған.

Қазіргі уақытта Үкімет Корея Рес­пуб­ли­касына ерекше назар аударып отыр. Ел билігі төмен және орта білік­­ті жұ­мыс­шыларды заңды түрде жұмыс­қа орна­ластыруға мүмкіндік беретін Employment Permit System (EPS) жүйесіне қосы­лу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Егер екі ел келісімге келсе, Корея­да заң­сыз жұмыс істеп жүрген отандас­тары­мыздың саны азаймақ. Көші-қон коми­тетінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде Корея­да 7 мыңнан 15 мыңға дейін ел азаматы заңсыз еңбек етіп жүр. Енді оларды репат­риациялау, сертификаттау, жұмысқа орна­ластыру талаптарын біріздендіру қажет. Халықаралық көші-қон ұйымының дерек­теріне сәй­кес, ел Үкіметі Словакия, Жапо­ния, Шве­ция, Италия, Норвегия, Поль­ша, Чех Респуб­ликасы, Румыния, Финляндиямен де осындай келісімдер жасасу бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

Негізі жалған жұмыс ұсынатын алаяқ­тық жағдайлар Азия елдерінде жиі кез­дес­еді. Мәселен, былтыр еліміздің онда­ған азаматы Мьянма мен Лаоста еңбек қанауының құрбаны болған. Сарап­шылардың айтуынша, дәл осы аймақта жоғары жалақы мен тегін әуе билеттерін уәде ететін жалған бос жұмыс орындары көбейген, ол шын мәнінде адамдарды ауыр қанауға, тіпті құлдыққа жегуге соқтырып жатыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Әсет Шонов мәселелер шекарадан өтпей тұрып-ақ басталатынын айтады. Күмәнді ұсыныстарға келісетіндер – көбіне келісімшарттарды тексермейді, құқықтарын білмейді, оның үстіне тілді де меңгермегендер. Оның үстіне цифрлық, қаржылық сауаттың төмендігі жағдайды одан әрі күрделендіре түседі. Өйткені адамдар мұндай құрыққа тез ілінеді, ауыр міндеттемелер жүктейтін келісімдерге қол қояды, делдалдарға алдын ала төлем жасап, әлеуметтік қорғау құқықтарынан айырылып қалады.

«Қазір біз еңбек көші-қонын заңды әрі қорғалған арналарға көшіріп жатырмыз. Кореямен EPS жүйесі бойынша келіссөздер жүргізіп, Парсы шығанағы елдерімен жасалған келісімдерді іске асырып жатырмыз, сондай-ақ азаматтардың құқықтық дайындығын мемлекеттік платформалар арқылы күшейтудеміз», деді Көші-қон комитетінің төрағасы.

Оның айтуынша, қарапайым ереже­лердің өзі қауіптің алдын алады. «Делдал­дарға қолма-қол ақша беруге болмайды, елге кірудің ешқандай «көлеңкелі» схемаларына жол жоқ. Тексерілген жұмыс берушілер мен виза немесе рұқсаты бар келісімшарттар ғана болуға тиіс. Бұл азаматтардың құқықтарын қорғауға ке­піл­дік береді әрі консулдық қызмет көрсе­туді жеңілдетеді», деп ескертті А.Шонов.

Табыс табу мақсатында шетелге кете­тіндер, ең алдымен, жұмысқа орналасу арнасының заңдылығына көз жет­кізу қажет. Бұл мемлекеттік жұмыс­пен қам­ту орталықтары арқылы немесе үкі­мет­аралық деңгейде жасалған келісім­дер шеңберінде жүзеге асуға тиіс. Мәсе­лен, Кореяға жұмысқа орналасуға EPS жүйесімен келіссөздердің барысын, серти­фикаттау талаптарын қадағалап отыр­ған жөн. Бұдан соң сапар алдындағы бағдарлау курсынан өтіп, онлайн-оқыту бағдарламаларын меңгерген дұрыс. Skills.enbek.kz, migration.enbek.kz мемлекеттік платформаларында қажетті ақпарат жинақ­талған, ал ХҚҰ-мен бірлесіп жүзеге асыры­латын «Ашық әлем» ақпараттық науқа­ны мигранттар мен олардың отбасыларына арналған материалдарды үйлестіреді.

Мемлекет өз тарапынан үкіметаралық келісімдерді кеңейтіп, қабылдаушы елдермен жаңа квоталар бекіту бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Сонымен қатар мигранттар көп шоғырланған елдерде полиция атташелерін тағайындау арқылы консулдық және құқық қорғау органдары арасындағы байланысты күшейтіп жатыр. Осылайша, еліміз халықаралық келісімдер мен ел ішіндегі ақпараттық-ағартушылық жұмысты ұштастыра оты­рып, қауіпсіз еңбек көші-қонының тұтас архитектурасын қалыптастырып ке­леді. Десе де, заңсыз еңбек күшін ұйым­­дастырып, алаяқтық схемаларға тос­қауыл болмай тұр. Сондықтан әр аза­мат барар елдің ерекшеліктерін өз беті­­мен зерттеуі қажет. Ұсынып отыр­ған жұмыс орнының жалақысы, жұмыс кес­тесі, тұрғын жағдайы мен медици­налық сақтандыру шарттары нақты көрсе­тілген екі тілдегі келісімшарт жасау да аса маңызды. Көші-қон мамандары жол­ға шығар алдында төлқұжат, виза, сақтан­дырудың көшірмелерін жасап, сақ­тап алудың маңызы зор екенін айтады. Сондай-ақ жақын адамдарға мекенжай, жұмыс берушінің байланыс деректерін хабарлап қойған жөн. Мемлекет төтенше жағдайлар үшін 1414 сенім телефонының нөмірін, Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі мекемелерінің байланыстарын қолда ұстап жүруді ұсынады. Сақтықта қорлық жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Қазақстан • Бүгін, 09:24

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:12

Сенат төрағасы: Тарихи кезеңде ұлттың бірлігі аса маңызды

Үкімет • Бүгін, 09:00

Бірқатар халықаралық келісімдер ратификатталды

Саясат • Бүгін, 08:55

Шыны зауытындағы бірегей жобалар

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Энергетикалық қауіпсіздік – экономикалық тұрақтылық кепілі

Энергетика • Бүгін, 08:45

Еңбек көші-қонында тәуекел көп

Қоғам • Бүгін, 08:40

Мемлекеттік басқару: Жаңа сапаға қадам

Пікір • Бүгін, 08:38

Ағайынды Дүйсен мен Дүйсенбі болыс

Зерде • Бүгін, 08:35

Елдің институционалдық бағдарын қалыптастырады

Ата заң • Бүгін, 08:33

Оқушылар қалай тамақтанады?

Білім • Бүгін, 08:30

Ата-анаға құрмет – елдік қасиет

Пікір • Бүгін, 08:28

Ұрпақ тәрбиесінің төрт тұғыры

Тәрбие • Бүгін, 08:25

Бір баптың бағасы, бір тармақтың тағылымы

Пікір • Бүгін, 08:22

Наурыз айындағы тестілеу басталды

Білім • Бүгін, 08:20

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:123
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Наурыз 2026 10:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары