Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

Жігер. Шәміл Әбілтайдың күйшілігі хақында

ЕАЭО жедел жүктерді декларациялау ережелерін жетілдіріп жатыр

Таза қала конкурсы басталды

АҚШ ХҚС президенті мен прокурорына қарсы санкциялар енгізді

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

Суперқосымшадан дербес ЖИ көмекшіге дейін: Михаил Ломтадзе тің болашағы, сенім және Түркия туралы

Қызылша өткізуде қиындық болмайды

Елде үш жылда 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынды

“Далада ешкім қалмайды“: Алматыда жатақхана алмаған студенттер қайда хабарласуы керек

Тоқаев Тойли Курбановты Достық орденімен марапаттады

130 жылдық тарихты қалпына келтіру. Неге Алматыда бұрынғы “Қызыл Таң“ енді болмайды?

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

Сандардағы Таза Қазақстан: көрінетін нәтижелер

Шалқарда үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғын сан соғып қалды

Байланыс операторлары 20 тамыздан бастап тариф бағасын қалай көтереді

Қазақ КСР нің еңбек сіңірген әртісі Эдуард Мәлбеков дүниеден өтті

Алматы әкімдігі судың жаппай өшірілуі туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

​Астанадағы форумда роботтар Қара жорға биін биледі

Еңбек нарығы: маман көп, жұмысшы тапшы

Еңбек нарығы: маман көп, жұмысшы тапшы

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Еңбек нарығында екі қолға бір күрек таппай жүрген жоғары немесе кәсіптік білімі бар, еңбекқор, талапты жастар көп. Шын білікті маманға зәру мекеме мен кәсіпорын да жетерлік. Жұмысын жетік білетін кадрға жоғары жалақы ұсынатындар бір қауым. Кейде сол өз ісінің шеберлері жұмыс берушілердің көзіне бірден түспейді. Осының барлығын дұрыс үйлестірсек, еңбек нарығындағы ахуал жақсарары сөзсіз.

Мемлекет жұмыссыз жастарды қолдайды

Еңбек нарығындағы осындай қайшы­лықтарды тізбектегенде Электронды еңбек биржасы (Enbek.kz) еске түседі. Платформа күні бүгінге дейін талай жұмыс беруші мен жұмысшы арасына дәнекер болды. Айталық, былтыр 306,2 мың адам жұмыспен қамту шараларына тартылған, 912,8 мың азамат жұмысқа орналасқан. Қолдаулардың ішінде әлеуметтік жұмыс орындары, «Жастар практикасы», қоғамдық жұмыстар, «Күміс жас», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларының жөні бөлек. Мұның барлығы – субсидияланатын жұмыс орындары.

Бұдан өзге, былтыр жаңа бизнес бастамаларды іске асыруға ниет біл­дірген, халықтың әлеуметтік осал санатына жататын азаматтарға 1 572 800 теңге көлемінде 9 239 грант берілген. Еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдыларға онлайн оқытумен 63,5 мың жұмыссыз қамтылып, оның 56,6 мыңы оқуды аяқтаған. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін өзге де жобалар, кәсіпке баулитын оқулар бар. Осындай мемлекеттен көрсетілген игіліктердің арқасында жұмысқа орналасқандардың нақты саны міндетті зейнетақы жарналарының аударымымен расталған. Демек 912 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды деген ресми статистика шындыққа жақын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында: «Елімізге кәсіби даярлығы жоғары, білікті жұмыс­шылар өте қажет. Қазір елімізде мыңдаған жұмыс орны бос тұр. Түрлі салада, тіпті жалақысы едәуір жоғары жұмыс орындары бар. Бұл орындарды шетелден келіп жатқан адамдар толтырып жатыр. Жыл сайын мыңдаған инженер, құрылысшы, ауыл шаруашылығы маманы оқуын бітіріп шығады. Оларға білім беруге мемлекет қомақты қаражат бөліп жатыр. Алайда көбі мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Арнайы білімді қажет етпейтін, тез табыс әке­летін жұмыстарды таңдайды. Әрине, жұмыстың жаманы жоқ, адал еңбектің бәрі – маңызды. Бірақ бұл үрдіс жеке адамға да, бүкіл елге де үлкен пайда әкелмейді. Азаматтардың өндіріске барғаны абзал», деп атап өтті. 

Дипломы бар, тәжірибесі аз...

Еңбек нарығында өзінің таңдаған мамандығымен жұмыс істеп, ұңғыл-шұңғылына дейін білетін жастар көп. Еңбек тәжірибесіне қарай олар да сатылап өсіп, жоғары жалақы алады. Алайда кейінгі жылдардағы өзгерістерге зер салсақ, Мемлекет басшысы атап өткендей, ауыл шаруашылығында маман тапшылығы байқалады. Сол секілді инженерлерге де сұраныс жоғары. Мысалы, электронды еңбек биржасындағы дерекке көз жүгіртсек, кейінгі айда ауыл, орман, балық шаруашылығындағы жұмысшылар үшін платформада 18,7 мың бос жұмыс орны жарияланған. Өңдеуші өнеркәсіпте – 6,2 мың, көтерме және бөлшек саудада – 6,1 мың, құрылыста – 3,8 мың бос орын бар.

Жұмысшыға сұраныс экономиканың негізгі салаларында анық байқалады. Электрик, дәнекерлеуші, мұнаралық кран машинисі, тас қалаушы, бетоншы, автоэлектриктерге қол жеткізе алмай жүргендер көп. Жастардың жаппай өндіріске бармау себебін жұмыс істеуге ынта-ықыластың жоқтығымен түсіндіруге келмейді. Мысалы, Еңбек мобильділігі орталығындағы мамандар (жұмыспен қамту орталығы) дипломы болғанымен тәжірибесі жоқ жастарды «Жастар практикасымен» жұмыс орындарына жиі жолдайды. Өкінішке қарай, ондағы кәсіпорындардың дені жастарды жұмысқа жуытқысы келмейді. Тіпті дәнекерлеушілердің өзі жұмыс таба алмай қиналады.

Жұмыс берушілер жастардан тәжі­рибе сұрайды. Ал жастар өндіріс­тік компа­ниялар маңына жуытпаса, тәжірибені қайдан аларын білмей дал. Бос жұмыс орнын күтуден жалық­қан мамандар болашағын басқа саламен бай­ланыстыруға мәжбүр. Жігері құм болған жас бірнеше жылда машығын ұмыта бас­тайды, мамандықтан біржола алыстайды. Еңбек нарығында жиі кездесетін, жас мамандардың болашағына тұсау болған қайшылықтардың бірі – осы. 

Статистиканың құбылуына не себеп?

Жергілікті әкімдіктердің жариялаған есептерінен «Жұмыссыздық деңгейі төмендеді», «NEET жастардың үлесі азайды» деген сипаттағы статистиканы жиі кездестіреміз. Еліміздің басым аймағында NEET жастар расымен азайды ма, әлде әкімдіктер есеп үшін деректерді көтермелей ме? Ұсынған ақпараттың растығын тергеп-тексеріп жатқан ешкім жоқ. Ұғынықты болуы үшін алдымен «NEET жастар деген кім» деген сұрақ­қа жауап бере кетейік. Бұл санаттағы жас­тар тобының еңбектенуге, ізденуге, оқуға ниеті жоқ, азаматтық белсенді­лігі де төмен. Жас шамасы 15-35 аралы­ғын қамтиды.

Ұлттық статистика бюросының ұсын­ған дерегіне сүйенсек, елімізде NEET санатындағы жастардың үлесі былтыр үшінші тоқсанда 318 577 адамды құраған. Қызығы, 2022 жылдың бірінші тоқсанында бұл үлес 223 046 шамасында ғана болған. 2023 жылдың басында бұл сан бірден 422 042-ге жетсе, 2024 жылдың соңында 354 046-ға қайта төмендеген.

Кейде осындай статистикаларды ақтарғанда, түсініксіз тұстарына қайран қаласың. Мысалы, Алматы қаласында 2022 жылдың соңында NEET жастардың үлесі 24 380 болса, 2023 жылдың бірінші тоқсанында 53 803-ке күрт көбейген. Сол жылы Түркістан облысы бойынша статистика да бірнеше айда екі есеге дейін өскен. «TALDAU» әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер орталығының төрағасы Бақыт Әлмұратовтың пікірінше, елімізде жұмыссыздардың саны NEET жастардың үлесі секілді көбейіп келеді.

«Былтырғы жылдың қорытынды­сы туралы сауалнама жүргізгеніміз­де оған қатысқан респонденттердің 32%-ы «Жұмысшы мамандықтары жылы» есімізде қалды депті. Бұл – жақ­сы. «Еліміздің басты байлығы – адам. Мемлекет бұған қаншалықты назар ­аударды деп ойлайсыз?» деген сауалға респонденттердің 47,8%-ы жеткілікті дәрежеде емес, 10,1%-ы назар аудара алмай отыр, 4,4%-ы мүлде назар аудармайды деп жауап берген. Мұндай теріс пікір қалыптасуының бірден-бір себебі – еңбек нарығында жұмыссыз азаматтар­дың көбеюі. Яғни кейбір суық статистика нақты жағдайдан хабар бермеуі мүмкін. Бізде жастардың үлесі 30%-дан асады. Мемлекетіміздің болашағы зор, қыруар инвестиция тартылып жатыр. Менің­ше, ашылып жатқан жұмыс орындарында кімдер, қанша жалақыға еңбек етіп жатқанына мониторинг жүргізу керек. Сонда жағдайды дұрыс бағамдауға болады», дейді әлеуметтанушы Б.Әлмұратов.

Мемлекет басшысы 2021 жылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында: «Бүгінгі таңда NEET санатындағы 237 мың жас оқу да оқымайды, жұмыс та істемейді. Жыл сайын мектеп бітірген 50 мың түлек оқуға ақылы негізде түседі. Олардың 85%-ы – тұрмысы төмен отбасының балалары. Бұл жағдайды түзету қажет. Сұра­нысқа ие барлық мамандық бойын­ша техникалық және кәсіби білім жүз пайыз тегін берілуі керек. Мамандық алудың тағы бір мүмкіндігі армияда берілуге тиіс. Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың экономикадағы нақты сектор үшін қажетті жұмысшы мамандығын игеру мәселесін пысықтаған жөн. Құзырлы министрлік жоғары білім беру сапасын арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Жоғары оқу орындары мамандардың сапалы даярлануына жауап беруге міндетті», деген еді.

Қорыта келгенде, Мемлекет басшысы белгілеген тапсырмалар кезең-кезеңімен орындалып жатқанымен бар­­­­лығы дерлік бүгінде орындалды. Елі­мізде оқымайтын, жұмыс істемей­тін жас­тардың үлесі артып барады. Әрине, кейінгі жылдары туу көрсет­кіші жо­ға­рылағанын ескерсек, тұрақ­ты жұмысы жоқ немесе мүлде жұмыс істе­мейтін, тіп­ті оқымайтын жастардың көбеюі заң­ды да. Бірақ бір білетініміз, Мем­ле­кет басшысының сол 2021 жылғы Жол­дауынан кейін жұмыссыз жастарға көп қол­дау көрсетіле бастады. Қазір маман­дық­тардың небір түрі пайда болып, ең­бекке деген көзқарас өзгеріп жатыр. Осы тұрғыда былтырғы «Жұмыс­­шы ма­ман­­дықтары жылының» да әлеумет­­тік маңызы зор болды. Ендеше, жергілікті әкім­­діктер жұмыспен қам­ту шарала­рына байыппен қарағаны жөн. 

Соңғы жаңалықтар

Дамуға бастар жол

Саясат • Бүгін, 08:48

Төрт жасында 6-сыныптың есебін шығарады

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Құқықтық мәдениетті нығайтатын қадам

Қоғам • Бүгін, 08:43

Тіл тазалығы – ғасырға ұласқан мәселе

Тарих • Бүгін, 08:40

Сенімді күшейтуге көмектеседі

Қоғам • Бүгін, 08:38

«Балапанды» кімдер басқарды?

Басылым • Бүгін, 08:35

Бұқтырылған киік еті саудаға шықты

Өндіріс • Бүгін, 08:32

Өскелең ұрпақтың ұстаханасы

Таным • Бүгін, 08:30

Еңбек нарығы: маман көп, жұмысшы тапшы

Еңбек • Бүгін, 08:28

Бексұлтан Нұржеке, Қазақстанның Халық жазушысы: Келешекке деген үміт шырағы ешқашан да сөнбеуге тиіс

Сұхбат • Бүгін, 08:25

Ақтауда урологиялық операция жасалады

Медицина • Бүгін, 08:23

Отаншылдық ұғымын қалай түсінесің?

Жастар • Бүгін, 08:20

Қауіпті дертті сәулемен емдейді

Аймақтар • Бүгін, 08:17

Жастар жұмысы қайта жанданды

Жастар • Бүгін, 08:15

Коалиция мүшелері Алматы облысы жұртшылығымен жүздесті

Реформа • Бүгін, 08:12

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Ақпан 2026 09:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

19 Тамыз 2026 17:29see118

Жігер. Шәміл Әбілтайдың күйшілігі хақында

20 Тамыз 2026 05:03see117

ЕАЭО жедел жүктерді декларациялау ережелерін жетілдіріп жатыр

19 Тамыз 2026 10:00see116

Таза қала конкурсы басталды

20 Тамыз 2026 03:28see114

АҚШ ХҚС президенті мен прокурорына қарсы санкциялар енгізді

19 Тамыз 2026 08:42see113

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

19 Тамыз 2026 17:00see111

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

19 Тамыз 2026 22:32see110

Суперқосымшадан дербес ЖИ көмекшіге дейін: Михаил Ломтадзе тің болашағы, сенім және Түркия туралы

20 Тамыз 2026 23:11see109

Қызылша өткізуде қиындық болмайды

20 Тамыз 2026 06:28see108

Елде үш жылда 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынды

20 Тамыз 2026 23:17see107

“Далада ешкім қалмайды“: Алматыда жатақхана алмаған студенттер қайда хабарласуы керек

19 Тамыз 2026 14:39see107

Тоқаев Тойли Курбановты Достық орденімен марапаттады

20 Тамыз 2026 23:09see107

130 жылдық тарихты қалпына келтіру. Неге Алматыда бұрынғы “Қызыл Таң“ енді болмайды?

20 Тамыз 2026 22:59see106

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

20 Тамыз 2026 23:10see106

Сандардағы Таза Қазақстан: көрінетін нәтижелер

19 Тамыз 2026 12:29see106

Шалқарда үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғын сан соғып қалды

20 Тамыз 2026 23:16see105

Байланыс операторлары 20 тамыздан бастап тариф бағасын қалай көтереді

19 Тамыз 2026 11:13see105

Қазақ КСР нің еңбек сіңірген әртісі Эдуард Мәлбеков дүниеден өтті

19 Тамыз 2026 12:01see105

Алматы әкімдігі судың жаппай өшірілуі туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

20 Тамыз 2026 22:58see105

​Астанадағы форумда роботтар Қара жорға биін биледі

19 Тамыз 2026 22:34see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары