Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 миллиард теңге болатын астық кешені жүзеге асырылып жатыр

Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 миллиард теңге болатын астық кешені жүзеге асырылып жатыр

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Еңбекшіқазақ ауданында дәнді және майлы дақылдарды қабылдауға, кептіруге, сақтауға және тасымалдауға арналған заманауи кешен салу бойынша ірі агроөнеркәсіптік жоба жүзеге асырылып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Болашақта кешеннің қуаты жылына 120 мың тоннаға дейін өнімді өңдеуге мүмкіндік береді.

Жаңа кешен өңірдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін маңызды міндеттердің бірін шешуге бағытталған – жиналған өнімді кептіру және сақтау үшін қажетті қуаттарды қамтамасыз ету. 2026 жылы қуаты 30 мың тонна болатын алғашқы нысанды іске қосу жоспарланып отыр. Келесі жылы дәл осындай қуаттағы тағы бір нысан салу көзделген. Кешенді одан әрі кеңейту кәсіпорынның 2029 жылға дейінгі даму бағдарламасы аясында жоспарланған.

Жобаның жалпы құны шамамен 21 миллиард теңге деп бағаланып отыр. Бірінші кезеңді іске асыру үшін «Қазақстан Халық Банкінен» 3,8 миллиард теңге көлемінде несие қаражаты тартылған. Сонымен қатар, кәсіпорын шамамен 2 миллиард теңге көлемінде өз қаражатын салған.

Кешенді салу үшін мемлекет тарапынан көлемі 10 гектар жер телімі бөлінді. Бұдан бөлек, кәсіпорын шамамен 1 млн. АҚШ долларына тағы 7 гектар жер сатып алған.

Инвестициялардың едәуір бөлігі заманауи өндірістік инфрақұрылым құруға бағытталған. Электр желілерін тартуға шамамен 500 миллион теңге жұмсалды. Су жүйесі «Қазақстан темір жолы» инфрақұрылымына қосылған. Жабдықтарды сатып алу, құрылыс және монтаждау жұмыстарына жұмсалған шығындардың жалпы көлемі 5,8 млрд. теңгені құрады.

Кешен заманауи шетелдік жабдықтармен жарақтандырылуда. Технологиялық қондырғылардың бір бөлігі Германиядан жеткізілсе, астық сақтауға арналған силостар Испаниядан әкелінген. Өндірістік процестердің басым бөлігі автоматтандырылған.

Жабдық сағатына орта есеппен 28 пайыз ылғалдылығы бар шамамен 29 тонна астықты кептіруге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе егінді жаппай жинау кезеңінде маңызды. Себебі астықты қабылдау мен өңдеу жылдамдығы оның сақталуы мен сапасына тікелей әсер етеді.

Жобаның негізгі артықшылықтарының бірі – оның тиімді логистикалық орналасуы. Теміржол инфрақұрылымына жақын орналасуы тасымалдау шығындарын азайтып, өнім жеткізудің географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Кешеннің өткізу қабілетін одан әрі арттыру мақсатында ұзындығы шамамен 3 шақырым болатын теміржол желісін үш бағыт бойынша дамыту жоспарланып отыр. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін жылдам қабылдап, жөнелтуге және бүкіл логистикалық тізбектің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын тек облыс пен көршілес өңірлердің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен жұмыс істеуді жоспарлап отырған жоқ. Алдағы уақытта өнімді Қазақстанның басқа өңірлеріне жеткізу, сондай-ақ Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және басқа да сыртқы нарықтарға экспорттау көзделіп отыр.

Кәсіпорын толық өндірістік қуатына шыққаннан кейін мұнда шамамен 30 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Жобаның жүзеге асырылуы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу қуаттарын арттыруға, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін логистикалық шектеулерді азайтуға және қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін ішкі және экспорттық нарықтарға шығаруға мүмкіндік беретін қосымша инфрақұрылым қалыптастыруға жол ашады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қыркүйек 2026 18:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары