Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Енді біз олардың есімдерін атаймыз Қазақстанда интернет треш стримерлерден тазартылып жатыр

Енді біз олардың есімдерін атаймыз Қазақстанда интернет треш стримерлерден тазартылып жатыр

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Бірнеше қазақстандық стример үшін өзгелердің жан ауруынан "хайп" жасау, адам ұрлау және электршокермен пранк ұйымдастыру әрекеттері айыппұл және қамауға алумен аяқталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Tengri Life.

Ең ауыр жаза Шымкенттің 20 жастағы тұрғыны Данияр Сейдалиевке тағайындалды. Ведомство мәліметінше, ол тікелей эфир кезінде көрермендерді алдап, электршокер қолдану арқылы адам ұрлау көрінісін сахналаған. Трансляция балағат сөздермен және қоғамдық тәртіпті өрескел бұзумен қатар жүрген.

Сот оған сегіз тәулік әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.

Тағы бір жағдай Жамбыл облысында тіркелді. 19 жастағы Жарқынай Байбек пен Асылжан Танаберганов стрим кезінде аудитория жинап, көбірек донат алу үшін бір-біріне әдейі соққы жасаған. Олар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құқық қорғау органдарының назарына іліккендер қатарында TikTok-та "Бауырсақ" лақап атымен танымал Астананың 37 жастағы тұрғыны Индира Ештаева да бар. ІІМ ақпараты бойынша, ол тікелей эфирлерінде балағат сөздер айтып, әдепсіз контент таратқан. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған айыппұл салынды.

Ал Алматыда "Ақтөре" никнеймімен белгілі 32 жастағы контент жасаушы Ақтөре Батырбек бес тәулікке қамауға алынды. Ведомство мәліметінше, ол стрим кезінде айналасындағыларға тіл тигізіп, балағат сөздер сөйлеген.

Сондай-ақ TikTok-та "Алтын қыз" деген атпен танымал Жамбыл облысының тұрғыны Лайло Касымоваға айыппұл салынды. ІІМ оның эфирге бірнеше рет балағат сөздермен шығып, заңға қайшы контент жариялағанын мәлімдеді.

Министрлік дерегінше, барлығы тоғыз адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

ІІМ мұндай трансляциялар танымалдылық пен қаралымнан табыс табу үшін жасалады деп санайды.

"Аталған азаматтар лайк, қаралым және донат үшін ештеңеден тайынбай, шектен шығып жатыр. TikTok-тағы тікелей эфирлерде балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекеттер көрсетіп, қауіпті пранктер ұйымдастырып, адамдарды қорлайды", - деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Оның айтуынша, мұндай контентті балалар мен жасөспірімдердің тұрақты тамашалайтыны ерекше алаңдаушылық тудырады.

Ведомство интернеттегі анонимділік жауапкершіліктен құтқармайтынын атап өтті.

"Анонимді аккаунттың немесе телефон экранының ар жағында жасырынып қаламын деп ойламаңыздар. Ішкі істер министрлігінде кез келген құқық бұзушының жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін барлық қажетті құрал бар. Осындай әрбір құқық бұзушылық анықталады. Әрбір құқық бұзушы заңға сәйкес жауапқа тартылады. Алдағы уақытта да құқық бұзушылардың есімдерін тек алдын алу және профилактикалық мақсатта жариялап, көрсететін боламыз", - деді Әлекешев.

Ол ІІМ мұндай заңбұзушылықтарды анықтауды және олардың авторларын жауапқа тартуды жалғастыратынын айтты. Министрлік өкілінің сөзінше, полиция әлеуметтік желілердегі заңсыз контентке шағымданған қолданушылардың өтініштерін де қарастырып жатыр.

Тағы оқыңыз: Алматылық танымал блогерлер жолдағы “шоу“ үшін жазаланады

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:74
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Шілде 2026 13:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары