Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ әлем чемпионы Испанияның сыйақысынан 15 млн доллар салық ұстайды

“Бұрынғы триллионер“. Илон Маск миллиардтаған долларынан айырылды

Қазақ семсерлесушілері әлем чемпионатында үздік 32 спортшының қатарына енді

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады : 27 шілдеде ауа райы қандай болады

Сіздің WhatsApp ыңызды қазір оқып отыруы мүмкін қазақстандықтар оны қалай тексере алады

Ностальгия: Қазақстанның алғашқы банкноттарын еске түсіреміз

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман кәсіпқой бокста кезекті жеңісіне жетті

Астанадағы автосалон менеджері алдау арқылы 23 миллион теңгенің екі автокөлігін иемденіп алды

Қызылорда тұрғыны Алматыға келіп, іс түзсіз жоғалып кетті

Алматы полициясы Қайрат Ордабасы матчы алдында маңызды мәлімдеме жасады

Екі дос ерекше жүкпен теңізді кесіп өтіп, желі жұлдызына айналды

Заң мен тәртіп : Шымқала кештері қоғамдық қауіпсіздік талаптарын сақтау құндылықтарын насихаттады

Алматыда пайдаланылған газ үшін жүргізушілерге жаппай айыппұл салынуда

Қазақстанда жұмыспен қамтылған әйелдер саны 4,5 миллионнан асты

Челси футбол клубы Дастан Сәтпаев қатысқан жаңа видеоны жариялады

Елдегі жеке клиникалар МӘМС тен заңсыз қаржы алу үшін 140 мың азаматты жалған тіркеген

Фицо: Еріктілер коалициясына қосылу Словакияның саясатына қайшы

Бес ЖЭО қызыл аймақта қалып отыр: Қазақстан қысқа қалай дайындалуда

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауыр жарақат алды

Қытайдың жасыл энергетикаға инвестициясы рекордтық деңгейге жетті

Еркебұлан Ағымбаев: Біздің күшіміз ұжымдық үйлесімде

Еркебұлан Ағымбаев: Біздің күшіміз ұжымдық үйлесімде

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

– Театрдың қазіргі басты миссиясын қалай сипаттар едіңіз?

– 1999 жылдың қаңтарында құрылған ұжымның негізгі мақсаты әуелден ай­қын болды. Ол –  қазақтың ұлттық би өнерін кәсіби деңгейде дамыту, сақтап, келер ұрпаққа аманат ету. Ұжымымыз 2007 жылы «би театры» мәртебесіне ие болды. Бүгінде көптеген ұжым өзін би театры деп атағанымен, олардың басым бөлігі жеке билерді ғана орындайды. Ал бұл театрдың ерекшелігі – ұлттық би тілі арқылы тұтас спектакльдер қоюында. Театр репертуарында қазақы нақыштағы қойылымдармен қатар, әлемдік тақы­рып­тарға негізделген спектакльдер де бар. Мәселен, Морис Равельдің әйгілі «Болеро» шығармасы желісімен қойылған спектакль, ма­хаббат тақырыбын арқау еткен туын­ды­лар, сондай-ақ «Мың бір түннің бір түні» қойылымы көрерменге өзге ха­лық­тардың мәдениетін би өнері арқылы таныстырады. Ал «Абай» секілді ұлттық спектакльдерде қазақ халқының тарихы, тұрмыс-тіршілігі, қару-жарағы, киім үлгісі мен өмір сүру мәдениеті кеңінен көрініс тауып, сахна арқылы қайта жаң­ғырады.

Шешімін күткен мәселе көп

– Шетелдік көрермен қазақ биін қа­лай қабылдайды?

– Біз үшін шетелдік сапарлар – қазақ мәдениетін әлемге танытудың маңызды алаңы. Ұжым осы жылдар ішінде Еуропа мен Азияның көптеген елінде өнер көрсетті, Қытай мен Түркияға бірнеше мәр­те жолымыз түсті. Біз сахнаға шыққанда тұтас бір халықтың тарихы мен дәстүрін бірге алып шығамыз. Қыс­қа ғана қойылымның өзінде көкпар секілді ұлттық ойындарды, беташар мен қоштасу рәсімдерін көркем би тілі арқылы жеткізе аламыз. 

Еуропа елдерінің көрермендері біз­дің ұлттық костюмдерге ерекше қызығу­шылық танытады. Қазақ қыздарының зерлі көйлегі мен камзолы, шашбауы мен алқасы, білезігі мен сақинасына дейін олардың назарынан тыс қалмай­ды. Қойылымнан кейін «Неткен мәде­ниетті халық!» деген таңданысын жа­сыр­майтын шетелдік көрермендерді көргенде төбеміз көкке жетеді. 

– «Наз» театры ұлттық би өнерінің брен­діне айналды деп айтамыз. Қазіргі сахна кеңістігі кәсіби театрдың техника­лық және шығармашылық талабын толық қамтамасыз ете ме? Бұл мәселе неге жылдар бойы шешілмей келеді? 

– Театрдың бүгінгі тыныс-тір­шілігі туралы сөз қозғағанда, ең ал­ды­мен, өткен жылдар көз алдыма ке­леді. Еліміздегі көптеген кәсіби би ұжымдарының әлі күнге дейін өз ғи­мараты жоқ. Мәдениет министрлігіне қарасты «Салтанат», «Гүлдер» не­месе жаңадан құрылған «Бірлік» ан­сам­бльдері де жеке ғимаратсыз жұ­мыс істеп келеді. Сондықтан біз өз мүмкіндігімізді бағалап, барға шүкір­шілік етеміз. Бүгінде театрдың өз базасы қалыптасты. Көрермен залымыз қажет кезде дайындық алаңына айналып, шығармашылық жұмыстарды үздіксіз жүргізіп отырмыз. Арнайы балет за­лында әртістеріміз күн сайын кәсіби жат­тығуларын өткізеді. Алайда бұл жағ­дай бір күнде қалыптаса қойған жоқ, ұзақ жылдар бойы түрлі қиындықты бастан кешірдік. 2007 жылы театр мәртебесін алғанға дейін ұжымымыз фи­лармония құрамында болды. Ол кез­де филармонияның да өз ғимараты бол­мағандықтан, дайындықты Кон­гресс-холл сахнасында өткізетінбіз. Ғимараттың жертөлесіндегі шағын ғана балет залы негізгі жұмыс орнымыз еді. Концерт жоспарланған күндері дайындық тоқтап, залды босатуға тура келетін. Аптасына бірнеше рет үзіліп қалатын репетициялар шы­ғар­машылығымызға едәуір кедергі келтірді.

Қазір жағдай мүлде басқа. Театрдың дайындығы тоқтаусыз жүреді. Ұжымға сұраныс жоғары, гастрольдік сапарлар мен концерттік бағдарламаларымыз жиі ұйымдастырылады. Кей кездері әр­тіс­теріміз демалыссыз еңбек етуге мәж­­бүр болып жатады, бірақ өнерге деген адалдық пен жауапкершілік бізді алға жетелей береді. Дегенмен шешімін күткен мәселелеріміз де жоқ емес. Ең алдымен, сахнаның техникалық мүмкіндіктері заман талабына толық сай келмейді. Қазіргі заманауи театр­ға қажет жарық жүйелері, LED-эк­ран­дар мен дыбыс жабдықтары жетіс­пейді. Сахнаның көлемі де үлкен қо­йы­лым­дарды еркін жүзеге асыруға сәл тарлық етеді. Соған қарамастан, шығармашылық ізденісті тоқтатқан емеспіз. Кейінгі жылдары бұл бағытта да оң өзгерістер байқалады: көрермен залына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, гастрольдік сапарларға арналған арнайы көлік берілді. Алдағы уақытта сахнаның техникалық жабдықталуы да кезең-кезеңімен жаңартылады деп сенеміз.

Мен тек өз ұжымымды ғана емес, мәдениет саласындағы өзге әріп­тестеріміздің де мәселесін ойлаймын. Менің пікірімше, ең алдымен, қазақ тілінде қойылымдар ұсынатын қуыршақ театры мен ерекше қажеттілігі бар жандар өнер көрсететін «Қанаттылар» театрының жағдайына мемлекет та­рапы­нан баса көңіл бөлінуі қажет. Өйткені бұл ұжымдар қоғам үшін аса маңызды әлеуметтік әрі мәдени мис­сия атқарып отыр. Ал біздің «Наз» би театрына келер болсақ, ұлттық би өнері арқылы қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, фольклорын және ру­хани құндылықтарын насихаттауды басты міндетіміз санаймыз. Театрымыз Орталық Азиядағы ұлттық би тілі­не негізделген алғашқы кәсіби би теа­тр­ларының бірі ретінде бұл бағыт­тағы шығармашылық ізденістерін бә­сеңдетпейді.

Өзекті тақырыпты сахналаймыз

– Театр репертуарында заманауи хо­реография мен ұлттық бидің арақатынасы қандай? Кейде ұлттық нақыш шоу эле­менттерінің тасасында қалып бара жат­қан жоқ па?

– Меніңше, заманауи хореография мен ұлттық биді бір-біріне мүлде қарсы қоюға болмайды. Әрқайсысының өз бағыты, өз көрермені бар. Бүгінде заманауи би стилінде жұмыс істейтін ансамбльдер аз емес. Дегенмен «ұлт­тық би өнері заманауи ағымдардың көлеңкесінде қалып қояды» деген пікірмен үзілді-кесілді келіспеймін. Керісінше, әлемдік хореографиядағы көптеген ізденістің түп-тамыры әуел бастан-ақ халықтық мәдениет пен фольклордан бастау алады. Клас­сикалық би де, заманауи бағыттар да, тіпті көше биінің кейбір элементтері де түптеп келгенде ұлттық мәдениеттен нәр алып жатады. Біздің театр тек ұлттық би бағытын ұстанады екен деп, заман көшінен қалып қойған емеспіз. Қазіргі қоғамда өзекті болып отырған күрделі тақырыптарды ұлттық би тілі арқылы сахнаға шығаруға үнемі тырысып ке­леміз. Соның бір жарқын мысалы – «У сана» спектаклі. Қойылымның атауының өзі бүгінгі қоғамның үлкен дертіне айналған мәселені меңзеп тұр. Онда біз смартфон мен планшетке тәуелділікке ұшыраған балалардың психологиялық әлемін бейнеледік. 

Қойылым барысында балалар жақсы білетін түрлі заманауи ойындардың элементтері көрсетіледі. Алайда спек­такльдің біз үшін ең басты ерекшелігі – осы өзекті тақырыптың ұлттық би қи­мыл­дарымен және өзіміздің қазақы пластикамен берілуінде. 

Көрермен бұл туындымызды өте жылы қабылдады. Әсіресе балалар сах­надағы оқиғаларды тез түсініп, өздерін кейіпкерлердің орнында көре алды. Сондықтан «ұлттық би бүгінгі күннің мәселелерін көтеруге қауқарсыз» деген пайым мүлде қате. Ұлттық өнер де қазіргі қоғаммен тамаша үндесе алады, тек оны көрерменге жеткізудің соны соқпақтары мен жаңа тәсілдерін таба білу керек.

– Театрда кадр дайындаудың ішкі мек­тебі қалыптасқан ба? Тәжірибелі әртістер кетсе, олардың орнын басатын буын қаншалықты жеткілікті?

– Кадр мәселесі бүгінде мені де қатты толғандырады. Шын мәнінде, елі­мізде хореография мамандарын даяр­лайтын оқу орындары жоқ емес, бар. Алматыдағы А.Селезнев атындағы хореографиялық училище, Астанадағы Ұлт­тық хореография академиясы, Қы­зыл­ордадағы жоғары оқу орнының хореография кафедрасы, сондай-ақ Шымкент пен Орал қалаларындағы ма­мандандырылған бөлімдер жыл сайын жас мамандарды түлетіп шығарып жа­тыр. Осы оқу орындарының түлек­тері бізге келіп, шығармашылық ұжы­мымыздың құрамына қосылады. Әрине олардың кәсіби дайындық деңгейі әртүрлі. Дегенмен кәсіби талапқа сай, қабілеті мен әлеуеті жоғары жастарға мен әрдайым мүмкіндік беремін. Жалпы, кадр тапшылығы тек біздің театрға ғана тән мәселе емес. Бүгінде еліміздегі көптеген кәсіби өнер ұжымдары, соның ішінде опера және балет театрлары да білікті бишілердің жетіспеушілігін қатты сезініп отыр.

– Қазіргі қазақ би өнерінде жаңа есім­дер аз көрінеді деген пікір бар. Сіз бұған келісесіз бе?

– Негізі, би театрының табиғатының өзі ұжымдық өнерге негізделген. Сон­дықтан біздің шығармашылық табы­сымыз көбіне жеке орындаушының емес, тұтас ұжымның маңдай тері, бір­лескен еңбегі арқылы бағаланады. Репертуарымыздағы билердің ба­сым бөлігі де көпшілік қатысатын ау­қым­ды композициялардан тұрады. Кейде бір сахнада 24, тіпті 48 бишіміз қа­тар өнер көрсетеді. Көрерменге ұсы­нылатын дүниелеріміздің негізгі ерек­ше­лігі де осында. Театр құрамында та­­­лантты жеке орындаушыларымыз (со­­листеріміз) бар. Алайда олардың шы­ғармашылығы көбіне театрдың жалпы қойылымдарының ая­сында көрініс табады. Драма театрын­дағы немесе кинодағы актерлер секілді жеке тұлға ретінде жиі алдыңғы шепке шығып, танылуға мүмкіндік әрдайым бола бермейді. Өйткені би өнерінде басты назар ортақ композиция мен ансамбльдік үйлесімге аударылады. Біз жеке орындаушыларымызды көп­шілікке танытуға күш салып келеміз. Бірақ мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін қосымша қаржылық қолдау қа­жет екенін жасыра алмаймын. Жеке концерт ұйымдастыру, оларды үл­кен тележобаларға қатыстыру, кең ау­ди­торияға насихаттау белгілі бір шы­ғындарды талап етеді. Сондықтан өнер иелерінің шығармашылығын жеке бренд ретінде кеңінен таныту көбіне демеушілердің қолдауына байланысты болып жатады.

Қазір жаңа есімдердің аз көрінуі белгілі бір деңгейде рас. Бірақ бұл бізде таланттың жоқтығынан емес, би театры өнерінің ішкі заңдылығы мен ерекшелігінен туындайды. Өйткені біздің театр, ең алдымен, ұжымдық шығармашылыққа сүйенеді. Мұнда басты орында жеке биші емес, сахнадағы тұтас көркем бейне мен ортақ идея тұрады.

– Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:66
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Шілде 2026 04:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ әлем чемпионы Испанияның сыйақысынан 15 млн доллар салық ұстайды

26 Шілде 2026 20:00see153

“Бұрынғы триллионер“. Илон Маск миллиардтаған долларынан айырылды

26 Шілде 2026 13:08see151

Қазақ семсерлесушілері әлем чемпионатында үздік 32 спортшының қатарына енді

26 Шілде 2026 08:35see150

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады : 27 шілдеде ауа райы қандай болады

26 Шілде 2026 20:33see146

Сіздің WhatsApp ыңызды қазір оқып отыруы мүмкін қазақстандықтар оны қалай тексере алады

27 Шілде 2026 18:51see134

Ностальгия: Қазақстанның алғашқы банкноттарын еске түсіреміз

26 Шілде 2026 18:01see133

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман кәсіпқой бокста кезекті жеңісіне жетті

26 Шілде 2026 10:13see131

Астанадағы автосалон менеджері алдау арқылы 23 миллион теңгенің екі автокөлігін иемденіп алды

27 Шілде 2026 21:05see130

Қызылорда тұрғыны Алматыға келіп, іс түзсіз жоғалып кетті

27 Шілде 2026 08:29see129

Алматы полициясы Қайрат Ордабасы матчы алдында маңызды мәлімдеме жасады

26 Шілде 2026 14:02see126

Екі дос ерекше жүкпен теңізді кесіп өтіп, желі жұлдызына айналды

27 Шілде 2026 14:25see126

Заң мен тәртіп : Шымқала кештері қоғамдық қауіпсіздік талаптарын сақтау құндылықтарын насихаттады

27 Шілде 2026 10:04see124

Алматыда пайдаланылған газ үшін жүргізушілерге жаппай айыппұл салынуда

27 Шілде 2026 16:16see121

Қазақстанда жұмыспен қамтылған әйелдер саны 4,5 миллионнан асты

27 Шілде 2026 17:08see121

Челси футбол клубы Дастан Сәтпаев қатысқан жаңа видеоны жариялады

27 Шілде 2026 19:44see118

Елдегі жеке клиникалар МӘМС тен заңсыз қаржы алу үшін 140 мың азаматты жалған тіркеген

27 Шілде 2026 16:14see117

Фицо: Еріктілер коалициясына қосылу Словакияның саясатына қайшы

26 Шілде 2026 15:29see115

Бес ЖЭО қызыл аймақта қалып отыр: Қазақстан қысқа қалай дайындалуда

27 Шілде 2026 11:48see114

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауыр жарақат алды

27 Шілде 2026 12:17see113

Қытайдың жасыл энергетикаға инвестициясы рекордтық деңгейге жетті

27 Шілде 2026 00:59see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары