Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Есіктен есікке акциясы: Әділет өңірлерде халықтың ұсынысын жинап жатыр

Есіктен есікке акциясы: Әділет өңірлерде халықтың ұсынысын жинап жатыр

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Акция еліміздің барлық өңірінде өтіп, тұрғындарды партияның «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстыруға, сондай-ақ қазақстандықтардың ұсыныстары мен өтініштерін жинауды көздейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Есіктен есікке» жобасы аясында өңірлік сайлауалды штабтардың өкілдері, Құрылтай депутаттығына кандидаттар, партияның сенімді тұлғалары, белсенділер мен жастар қанатының өкілдері қала және ауыл тұрғындарымен мекенжай бойынша кездесулер өткізу үстінде. Кездесу барысында азаматтар партияның негізгі бастамаларымен танысып, сұрақтарына жауап алып, сонымен қатар, елдімекендердегі өзекті мәселелер талқыланып келеді.

Партияның мәліметінше, мұндай кездесулер ірі қалаларда ғана емес, аудан орталықтары мен шалғай ауылдық жерлерде де ұйымдастырылып жатыр.

Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында Құрылтай депутаттығына кандидат Қалия Төренова Петропавл қаласының тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның негізгі ережелерін таныстырды және облыс орталығын дамыту мәселелерін тұрғындармен бірге талқылады.

Жетісу облысында акция «Есіктен есікке: әр адамның пікірі маңызды» ұранымен өте бастаған. Өңірлік штаб өкілдері тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпараттық материалдар таратуды қолға алған. Осындай тынымсыз шаралар Қызылорда, Қостанай және Қарағанды облыстарында да ұйымдастырылып жатыр.

Жамбыл облысында акция аясында Құрылтай депутаттығына кандидат Шолпан Қариева көшпелі штаб мүшелерімен бірге Тараз қаласының тұрғындарымен, «Ауыл Береке» базарының кәсіпкерлерімен және Айтеке би тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті.

«Партияның басты міндеті – азаматтармен тұрақты диалог орнатып, әрбір сайлаушының пікірін ескеру. Біз үшін сайлауалды бағдарламаны таныстыру ғана емес, әрбір адамның ойын тыңдау маңызды. Дәл осындай ашық диалог тиімді шешімдер қабылдауға және әділетті өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деді кандидат Шолпан Қариева.

Акция Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында да жалғасып жатыр. Бұл өңірлерде партия өкілдері тұрғындармен мекенжай бойынша кездесулер өткізіп, ақпараттық материалдар таратып, азаматтардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ асып келеді.

«Партияның басым бағыттарының қатарында азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту, бір миллион жаңа жұмыс орнын құру, орта кәсіпкерлікті қолдау, ауылдық аумақтарды дамыту, елдің азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздігін нығайту, сондай-ақ заманауи технологиялар мен жасанды интеллектке негізделген жаңа экономиканы қалыптастыру бар», – деп атап өтті Ақтөбе қаласының тұрғындарымен кездесуде Құрылтай депутаттығына кандидат Ербол Данагұлов.

Мұндай ақпараттық-түсіндіру акциялары Алматы, Астана және Шымкент қалаларында да қарқын алған. Өңірлік штабтың мәліметінше, Алматыда үгіт-насихат науқаны басталғалы бері «Есіктен есікке» форматында 64 шара ұйымдастырылып, олардың барысында 26 мыңнан астам тұрғынмен кездесу өткізілген.

Партия өкілдерінің айтуынша, «Есіктен есікке» жобасы сайлаушылармен тікелей байланыс орнатудың негізгі тетіктерінің бірі саналады. Кездесулер барысында түскен барлық ұсыныс пен өтініш партияның алдағы жұмысында ескерілмек.

Дайындаған:

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Тамыз 2026 12:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары