Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Есірткімен күрес жалғасып жатыр

Есірткімен күрес жалғасып жатыр

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында жалғасын тапқан акцияға Пол­и­ция департаменті жанынан құрыл­ған Есірткі қылмыстарының алдын алу жөн­інде кеңес мүшелері де қатысты. Кеңес құрамында ауыр атлет, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, тележүргізуші, fashion-продюсер Динара Сәтжан, кәсіп­кер, футболшы Ноян Ауғанов, бло­герлер – Артур Асқарұлы мен Сайлаубек Ерғазы да бар. Кеңес жұмысы – жастар арасында есірткіге қарсы тұрақты имму­нитет қалыптастыру, саламатты өмір салтын ұстау, өмірлік ұстанымдарға бау­луға атсалысу. Әр салада жеңіс пен жетіс­тікке жеткен тұлғалар қоғам дерті­мен дәрігерлер мен полицейлер ғана емес, қоғам болып күресу қажетін мақ­сат еткен. Олар бүгінде білім алып жүр­ген жастар да 10 жылдан соң келесі буынға ағалық, азаматтық қолдау біл­діріп, дұрыс бағыт беретініне сенеді. 

Іс-шараның алғашқы бөлімінде нарколог-дәрігерлер студенттерге дәріс оқып, тақырыптық бейнематериалдар ұсынды. 6 жылдық тәжірибесі бар пси­хиатр-нарколог Назым Жарасбекқызы есірткінің зиянын түсіндіріп, тәжірибесі жайында әңгіме өрбітті. Оның сөзінше, көбіне жасөспірімдер депрессия мен стреске төзбей, бұрыс жолға түсетін көрі­неді. 

– Қазір орталығымызда кәмелетке жасы толмаған балалар да ем алып жа­тыр. 13-14 жастағы ұл-қыздар да – п­ациен­тіміз. Сондықтан өміріңіз үшін дұрыс таңдау жасағаныңыз жөн, – дейді нарколог.

Есірткіге тәуелді адамды қалай бай­қауға болады? Олар ұзақ уақыт бұл әре­кетін жақындарынан жасырғысы келеді. Алайда оны бойындағы белгілерден білуге болады.

– Психологиялық тұрғыдан белгілер көрініс табады, көңіл күй құбылып, мінез-құлық өзгереді. Мазасыздық баса­ды, апатия пайда болады. Әңгімеден қашу, сөзден жалтару, өтірік айту, бейтаныс адамдармен араласу, жиі ақша сұрау да көңілге күдік ұялатады. Жағым­сыз иіс пен киім-кешектен дақтарды байқайсыз. Адамның дел-сал күйде жүр­генін сөзі түгілі көзінен-ақ аңғарасыз. Бірден салмақ жоғалту не дененің ісінуі байқалады. Ұйқысыздық мазалайды не керісінше адам бірнеше күн ұйықтап жатуы мүмкін, – дейді Назым Жарас­бекқызы.

Бұдан соң мамандар студенттерге тақырыптық бейнероликтер көрсетіп, есірткінің өлімге әкеп соқтыратынын түсіндірді. Ал іс-шараның екінші бөлі­мінде кеңес мүшелері жастармен әңгіме құрып, қызықты оқиғаларын баяндап берді. Жиынға арнайы мамандармен қатар жастар бетке ұстар азаматтардың қонақ болуы ерекше әсер етті. 

– Мұндай жиындардың жиі өтіп жат­қаны қуантады. Өзім де студент болдым, біз студент болғанда, дәл бұлай ешкім келмеген екен. Сол кездегі жағдай да қазіргідей емес, есірткіге жақын жастар көп еді, тіпті маған да байқап көр деп ұсын­ған. «Қане, байқап көр, бір қолдан­ғаннан ештеңе де болмайды. Бұл – ересек өмірдің белгісі» деп, тура жолдан адастырмақ болғандар жанымыздан табылды. Сондай кезеңді бастан өткіздік. Сіздерге айтар жалғыз кеңесім, еңбек­сүйгіш болыңыздар. Еңбек еткен, жұ­мыс­тан қолы босамаған адамның бас­қаны ойлауға мұршасы да болмайды, – дейді тележүргізуші Динара Сәтжан. 

Жастар іс-шара соңында Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығы мен жылдам қимылдайтын арнайы жасағының өнерін де тамаша­лады. «Байкал» қызметтік итінің жасы­ру­лы есірткіні тауып, қылмыскерді қа­лай ұстайтынын көріп, қайран қалысты. Полиция қызметкерлерінен практи­калық, теориялық білім де алып үлгерді.

– Адамдар қызметтік иттерді дайын­дықтан өткізу кезінде есірткі заттарын бересіздер ме деп жиі сұрап жатады. Қыз­меттік иттерге ешқандай да есірткі берілмейді. Әр есірткі затының өзіндік имитаторы болады. Мысалы, мына қор­ап­тағы синтетикалық есірткінің бірі – героинді алсақ, бұл шын героин емес, қызметтік итті героинге дайындайтын имитатор, – дейді полиция майоры Дастан Қалқаманұлы. 

Астана қаласы Полиция департа­ментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Дамир Байбазаров ситуациялық ойындар өткіз­іп, белсенді студенттерге сыйлық та табыстады. Біз студенттердің де іс-шара­ға қатысты ой-пікірін білген едік. 

– «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қоз­ғалысының Астана қалалық филиа­лы­ның төрағасының орынбасарымын. Тұран-Астана университетінің Ақпарат­тық жүйелер факультетінде оқып жатыр­мын. Іс-шараға медиаға танымал маман­дар, арнайы қонақтар қатысқанына қуан­ыштымын. Жастардың да әсер ал­ғанын байқадым. Ауыл-аймақтан келген студенттер қаладағы түрлі жағдайды біл­меуі мүмкін, сондықтан мұндай жи­ын­дарды жиі өткізу қажет, – дейді 2-курс студенті Олжас Айдосұлы.

– Қонақтардың студенттермен пікір алмасуы, мотивациялық әңгімесі өте керемет өтті. Университет дайындығы, сахналаған көріністері, кинологтардың еңбегі ерекше таңғалдырды. Ризамын, – дейді юриспруденция мамандығында білім алушы Ақмарал Ақылбаева. 

Түсініп-түйгеніміз, жастарға практи­ка­лық бағытта қызықты әрі сапалы жұмыстар өтімді әрі қоғам болып әрекет еткенде ғана нәтиже болмақ...

Айсұлу СЪЕЗХАН

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Желтоқсан 2025 08:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары