Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Ет бағасы алаңдатып тұр

Ет бағасы алаңдатып тұр

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мұңға айналды. Өзгесін былай қойғанда, төскейінде төрт түлік мал жер қайыстырады дейтін сулы-нулы өңірде төрт түлік мал басының табиғи өсімі неге ойдағыдай емес? Қара қазанымды майлап, ақ дастарқанға ет өнімдерін молынан жеткіземіз деп құлшынған ауыл тұрғындарына үш жылдан бері несие беріле бастады. 2024 жылы 1,8 млрд теңге қаражат бөлінді. «Kokshe» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына жалпы көлемі 1 931,7 млн теңгені құрайтын 220 өтінім түсті. Осы қаражаттың 1 161,2 млн теңгесі немесе 128 өтінім өңірдегі мал шаруашылығын дамытуға ұсынылды. Өтініш иелерінің бизнес-жоспарын жан-жақты саралай келе, несие комитеті 131 өтінімді мақұлдады. Қолдарына зарығып көрген қаражат тиген соң, малсақ қауым ойға алған жоспарын іске асыруға кірісіп кетті. Әйтсе де, нәтиже көңіл көншітерлік емес.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

«Кokshe» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Баяхметовтің айтуынша, несиенің пайыздық мөлшері – жылына 2,5% көлемде. Жекелеген өтінім иелері 10 млн теңгеге дейін несие ала алатын болса, селолық кооперативтерге 30 млн теңгеге дейін беріледі. Қаражаттың жоқтығынан тауы шағылып отырған ауыл адам­дарының алдынан даңғыл жол ашылып, қорасына мал бітіретін-ақ жағдай. Оның үстіне, бағдарламаға қаты­сушылар ауылдастары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға тиісті. Тұтастай алғанда осы бағдарлама арқылы ауыл тұр­ғын­дарының әлеуметтік-тұр­мыстық жағдайы көп-көрім жақсарып қалар еді. Еркебұлан Баяхметовтің ақпаратына қарағанда, тек Ақмола өңірінің тұрғындарына 2,5 млрд теңге қарастырылған. Күні бүгінге дейін корпорацияға өңірдің 9 ауданынан 18 жоба түскен. Өтінім берушілерді саралап қарайтын болсақ, бел буып, белсене кіріскелі отырғандардың негізі Ереймен­тау ауданынан. Бұл өңір мал бағуға өте қолайлы, жайылымы көп, жері шүйгін.

Аудан тұрғындарынан жалпы құны 222 млн теңгені құрайтын 8 өтінім түсіпті. Өтінім иелері төрт түлік мал басын көбейту үшін мал сатып алмақ. Әйтсе де, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Жүсіповтің мәліметіне қарағанда, осы ауданның тұрғындары өткен жылдары да бағдарлама қатыс­қан. Мемлекеттік демеу көп-көрім болғанымен, нәтижесі қуантарлық емес.

– «Ауыл аманаты» бағдар­ламасы бойынша алғашқы несие­лер 2023 жылы беріле бас­тады, – дейді басқарма басшы­сының орынбасары, – қолдау болғанымен, өңірдегі төрт тү­ліктің басы күрт өсті деп айта алмаймыз. Әрине, несие берілген соң қадағалау бар. Мал басы өспеген соң несиеге алынды деген мал тексеріс кезінде қорадан-қораға көшіп жүр ме деген күдік те бар.

Тексеру де оңай-оспақ шаруа емес. Бағдарлама бойынша алынған малға чип салынуы керек. Ал көршісінде электронды базаға енгізілмеген мал болуы әбден мүмкін. Бағдарлама бойынша жұмыс нәтижесін саралағанда көршісін тексере алмайсыз. Өйткені ол бұл жұмысқа қатысушы емес қой. Осы арада мына бір жайды екпін түсіріп айта кетуге болады. Егер 2023 жылы бір бас сиырдың бағасы 250–300 мың теңге болса, қазір 700 мың теңгеге жетті. Егер ауылдағы малсақ қауым мал сатып алу үшін сол жылы несие алатын болса, қазір оп-оңай жауып тас­тар еді. Өкінішке қарай, мұндай ұмтылыс жоқ. Жеңілдікпен алын­ған несие жабылғаннан кейін мал иесі әрі қарай мал ұстап отыр ма, жоқ па, оны ешкім тексермейді.

Бәлкім, бағдарламаның мақ­саты мен мұратын ел ішінде түсіндіріп, насихаттау жағы кем­шін шығар.

– Біз ел ішінде бірігіп коопе­ратив құру жайын жиі айтып жүрміз, – дейді Ілия Жү­сіпов, – егер кооператив болып ұйымдасса, жеңілдікпен берілетін несиені көбірек алуға мүмкіндік туады. Бір ауылда бір жоба болу жеткіліксіз. Бірнеше жоба болса, бір-бірімен селбесіп, ортақ мақсатқа ұмтылып, табыс табуға болар еді.

Ел ішіндегі жайды таразыға тартсаңыз, бірігуден де береке қашып тұрғанын аңғарар едіңіз. Мәселен, Зеренді ауданының малсақ қауымы ауылдың адымын алға бастыратын «Ауыл аманаты» бағдарламасы туралы ақпарат құлақтарына тигеннен кейін іске кіріскен. 2024 жылы аудан тұрғындарынан 57 өтінім түсті. Несие алып, кәсіп ашқан адамдар түптің-түбінде артық-ауыс малдарын ет өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың бордақылау алаңдарына тапсыруға тиіс. Мұндай ілкімді сабақ­тастық бақ­қанға да, өңдегенге де тиімді.

Осы арада бастан жақты айыр­­ғандай етіп айта кетелік. Табанақы, маңдай термен мал өсірген адам жыл он екі ай бойы бейнеттеніп өсірген малын алып-сатарларға жем болмай, бордақылау ала­ңына тапсыра алады. Шикізатқа зәру болып отырған кәсіпорынның күн тәртібіндегі күрделі мәселесі де оп-оңай шешімін табады. Әуел бастағы зеренділіктердің бағалы бастамасы әжептәуір қолдау тапқан. Ет кластерін жолға қою үшін 140 млн теңге шамасында қаражат та бөлін­ген. Екі тараптан түзілген келісімшартқа сәйкес, ет комбинаты ветеринарлық қызметті жолға қоюды міндетіне алған. Егер жұмысқа кәсіби мамандар араласса, ағзасы сау, өнім беретін малды да жаза баспай таңдап алу мүмкіндігі туады. Мал өнімдерін өңдеумен айналысатын «МВ4» ЖШС бағдарламаға қатысатын ауыл тұрғындарына мал азығын өз құнымен бере­ді. Малсақ қауымның бағы­мын­­дағы малды сатып алу ке­зінде базардағы бағадан жо­ғары төлемек. Нақтыласақ, әр келісіне 50 теңге қосылмақ. Мұндай жүйенің жүзеге асырылуы ауыл тұрғындарының еңсесін көтеруге тиіс еді. Несие алуға да құжаттарын түзіп, көмектеспек ниетте болды.

– Бүгінде бұл жоспар жүзеге аспай қалды, – дейді Еркебұлан Баяхметов, – қы­рыққа жуық бағдарламаға қа­тысу­шының тек екеуі ғана мал­да­рын ет комбина­ты­на тап­сырмақшы. Оған ет баға­сының күрт қымбаттап кетуі себепші болып отыр.

2024 жылы комбинаттың ұсынған бағасы тиімді болатын. Қазір баға өсіп кетті. «Кokshe» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өкілінің пайымдауынша, несие берген кезде қаржыны мақсатсыз жұмсау немесе қайтар­мау бағытында тәуекел бар. Шынтуайтында, «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысу­шылардың басым көпшілігі жұ­мыс­­сыздар. Олардың көбі алынған несиені өз мақсатында жұмсағанын дәлелдей алмайды. Соңынан айыппұл төлеуге тура келеді.

– Мұндай мысалдар көп. Сотқа да жүгінеміз, – дейді Еркебұлан Баяхметов, – егер ауыл тұрғын­да­ры­ның қаржылық сауаты жақсы болса, мұндай келеңсіздікке жол берілмес еді. Адамдармен сөй­лесе қалсаң, қа­лай қате жібер­гендеріне өздері де таң қалады. Меніңше, қаржылық сауат жетіспейтін секіл­ді.

Өңірде «Ауыл анаматы» бағ­дар­ламасы бойынша толық­қанды жұмыс істеп жат­қандар да бар. Тақырыпты та­ратып айтқан кезде Ілияс Жүсіповтің пікірінің көңілге қонымды екенін айта кетуге болар. Егер ауданда мал бағатын жайы­лым мен мал азығын дайындау мүмкіндігі жеткіліксіз болса, онда мал шаруашылығы бизнесіне несие берудің қажеті жоқ. Мәселен, Целиноград ауданында жайылым мүлдем тапшы, халық та мұндай жерде төрт түлік малды мыңғыртып баға алмайтынын түсінеді. Сондықтан олар жеңіл өнеркәсіпке ден қойған.

Облыстық ауыл шаруа­шы­лығы басқармасының ақпа­ратына қарағанда, берілетін несие көлемі жыл айын өсіп келеді. Алдағы жылдары жеңілдетілген несие көлемі 7 млрд-қа жетпек. «Бағдарламаның бастау алғанына екі жыл ғана. 2023 жылы екі ауыл шаруашылығы кооперативі құрылса, қазір оның саны 10-ға жетті. Олар заңды тұлға ретінде жұмыс істегеннен кейін ет өнім­дерін базарға шығарып, сүтін сүт зауыттарына өткізе алады және заңды тұлға ретінде лизингке техника да ала алады», дейді Ілияс Жүсіпов.

Ел дастарқаны ет өнімдеріне бөгіп тұруы үшін алдымен осы бағдарлама талаптарын жетіл­діру қажет шығар.

 

Ақмола облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:215
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 08:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see159

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see149

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see149

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see148

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see147

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see145

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see141

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see137

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see135

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see131

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see126

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see122

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see121

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see116

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары