Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Еттің дәмін ұмыттық : қарызы көп тұрғындар қандай азық түлік алады?

Еттің дәмін ұмыттық : қарызы көп тұрғындар қандай азық түлік алады?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Осы уақыт аралығында дүкенге кіргендердің басым бөлігі себетін ең қажетті азық-түлікпен ғана толтырған. Сүт өнімдері, макарон, нан мен жарма жиі көзге түссе, ет өнімдері мен қымбат тағамдар сирек байқалды. 

Көпбалалы ана тек қана сүт өнімдерін алып, кассада 33 мың теңге төледі. Оның айтуынша, бұл бар болғаны бір апталық азық, ал ай сайын тамаққа кемінде 100-150 мың теңге жұмсалады. Мұндай шығын көпбалалы отбасылар үшін қалыпты саналғанымен, табыс соған сай өсіп отырған жоқ. Одан бөлек төлейтін несие мен пәтерақы да бар. Біз жолыққан әже  жағдайым «жаман емес» десе де, көршісінің үш айдан бері жалақы алмай, нансыз отырғанын айтты. Бұл – ресми статистикада сирек көрінетін, бірақ күнделікті өмірде жиі кездесетін жалақы кешігетінінің айқын дәлелі.

Екі балалы жас отбасы екі аптаға жететін азын-аулақ азық-түлік сатып алып, 43 мың теңге жұмсаған. Олардың себетінде де нәр болар азық жоқ. «Балалардың балабақшадағы тамағына сенеміз, өзімізге осы да жарайды», – дейді әкесі. Бұл сөздің өзі кей отбасылар үшін балабақша асханасы негізгі қорекке айналғанын аңғартқандай. Тағы бір жас отбасы бір апталық балалардың қосымша тамағына ғана  30 мың теңге шығындағанын айтып, әйелінің бала күтіміне байланысты декреттік демалыста екенін, бір табыспен өмір сүру қиын екенін айтты.

Кезекте тұрған құрылысшылар да көп ой салды. Басқа қаладан келген олар арзан әрі тоқ болатын макаронды жиі сатып алады. Макарон – жұмысшылар үшін күнделікті ас.  

Ал алты баласы бар ана ерекше қажеттілігі бар баласына 35 мың теңгеге арнайы тамақ сатып алған. «Бір дүкенге кірсең, 10 мың теңге төлеп шығасың. Ет дегеннің дәмін ұмыттық», – дейді ол. Оның айтуынша, баласы қайтыс болғаннан кейін мемлекет берген марапат пен жәрдемақы да қайтарылып алынған. Бұл әлеуметтік қолдаудың формалды жүйесі өмірдің нақты ауыртпалығына сай келе бермейтінін көрсетеді.

Бір сағаттық бақылау кезінде кассирмен де сөйлесуге мүмкіндік туды. Оның айтуынша, картамен төлейтіндердің басым бөлігі азық-түлікті бөліп төлеу немесе несие арқылы рәсімдейді. Qr төлемнің артында көбіне нақты ақша емес, келер күннің қарызы тұрғанын жасырғандай.  Ресми деректерге сүйенсек, 2025 жылғы қазан айында тұтынушылық несиенің жалпы көлемі 16,2 триллион теңгеге дейін өскен. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 25,6% артық екенін Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мәліметтері көрсетеді. Тұрғындар қарыз алуға мәжбүр болып отыр. Сарапшылар мұны табыс өсімінің инфляция қарқынына ілесе алмауымен байланыстырады. Яғни халықтың қазіргі шығыны көбіне ертеңгі табыстың есебінен жабылып отыр. Дүкен кассасындағы карта мен QR арқылы жасалған төлемдер – цифрланудың емес, тұтынудың қарызға тәуелді бола бастағанының  көрінісіндей. Бұл үрдіс ең алдымен көпбалалы, жас және бір табыспен күн көріп отырған отбасылардың қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіреді.

Бір сағат ішінде байқалған ортақ тенденция айқын: сатып алушылардың басым бөлігі тек ең қажетті өнімдерді сатып алады. Ет пен қосымша тағамдар қолжетімсіз категорияға өткен. Бір апталық азық-түлікке кететін шығын 30-40 мың теңгеден төмен емес, ал көпбалалы және бір табысты отбасылар ең осал топқа айналып отыр. Дүкен сөрелеріндегі баға мен тұтынушының себеті бүгінгі қоғамның нақты әлеуметтік портретін көрсетеді.

Айкөркем САҒАТ, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің 4-курс студенті

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:197
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 10:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары