Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Еуразия кеңістігіндегі серіктестік бағдары

Еуразия кеңістігіндегі серіктестік бағдары

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бүгінде әлем бұрын-соңды болмаған өзгерістер кезеңін бас­тан өткеріп отыр. Халықаралық қатынастар жүйесі қайта қалып­тасып, геосаяси бәсекелестік кү­шейіп, жаһандық сауда мен логис­тиканың бағыттары өзгеріп жатыр. Осындай жағдайда мем­ле­кеттердің орнықты дамуы көбіне олар­дың сенімді серіктестік байланыстар құра алу қабілетіне байланысты болмақ.

Осы тұрғыдан алғанда Қазақ­стан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастар Еуразия кеңістігіндегі тұрақтылықтың маңызды фак­торларының бірі болып қала бермек. Екі ел арасындағы байланыс­тар ортақ тарихқа, географиялық жақындыққа, экономикалық өзара тәуелділікке, ұзақ жыл бойы қалыптасқан саяси сенімге негізделген.

Мемлекеттік сапардың ерек­ше ма­ңыздылығы – оның өт­кен жыл­дың қараша айында Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Мәскеуге жасаған мем­лекеттік сапарының заңды жал­ға­сы болғандығында. Сол кезде қол қойылған Жан-жақты стра­тегиялық әріптестік пен одақ­тастық туралы декларация екіжақты қатынастардың жаңа кезеңін айқындаған еді. Ал Аста­на­дағы кездесулер осы саяси уағ­даластықтарды нақты жоба­лар мен бастамалар арқылы толықтыруға бағытталды.

Сапар қорытындыларының ең маңызды саяси нәтижелерінің бірі қос мемлекет халықтарының достығы мен тату көршілігінің жеті негізі туралы Бірлескен мә­лімдеменің қабылдануы болды. Бұл құжаттың мәні екі мемлекет арасындағы қатынастардың ұзақмерзімді идеологиялық және саяси негізін қалыптастырады. Құжатта тарихи жадыны сақтау, тату көршілік, өзара құрмет, экономикалық әріптестік, мәдени-гуманитарлық байланыстар, жастар арасындағы ынтымақтастық және ортақ бола­шаққа ұмтылу секілді қа­ғидат­тар бекітілген. Қазіргі халық­ара­лық жағдайда мұндай құжат­тардың маңызы артып келеді. Өйткені мемлекетаралық қаты­настардың тұрақтылығы эко­но­микалық мүдделерге ғана емес, ұзақмерзімді құндылықтық негіз­дерге де сүйенуге тиіс.

Мемлекет басшыларының келіссөздері барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері ерекше назарда болды. Ресей біздің елдің негізгі сауда әріптестерінің бірі болып қала береді. Өткен жылдың қоры­тын­дысы бойынша екіжақты тауар айналымы 27,4 млрд долларға жетті. Алайда Қазақстан – Ресей экономикалық байланыстарының ерекшелігі тек сауда көлемімен өлшенбейді. Елімізде ресейлік капиталдың қатысуымен 17 мыңнан аса кәсіпорын жұмыс істейді. Екі елдің өнеркәсіптік кооперациясы аясында жалпы құны 52 млрд доллардан асатын 177 жоба жүзеге асырылып отыр.

Бұл көрсеткіштер екі елдің өн­дірістік өзара ықпалдастығы­ның жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Машина жасау, металлургия, мұнай-химия, агро­өнер­кәсіп және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы кооперациялық жобалар жаңа өндірістік тізбек­тер қалыптастырып, эконо­микалардың бәсекеге қабілет­тілігін арттыруға ықпал етеді.

Келіссөздердің тағы бір ма­ңыз­­ды бағыты көлік және логистика мәселелері болды. Қазіргі ке­зеңде Еуразия кеңістігіндегі бәсе­келестік көбіне көлік дәліздері мен транзиттік маршруттар үшін кү­реске ұласып отыр. Еліміз өзінің гео­графиялық орналасуының арқа­сын­да Еуропа мен Азияны байланыстыратын негізгі тораптардың бі­ріне айналды. Ресеймен бір­лесіп жүзеге асырылып жатқан «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» бағыты және жаңа логистикалық жобалар еліміздің транзиттік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.

Сапар барысында көрсетілген «Астана – Мәскеу» халықаралық ұшқышсыз жүк тасымалы бағы­ты ерекше назар аудартады. Бұл жобаны дәстүрлі көлік инфра­құрылымын цифрлық технологиялармен ұштастырудың нақ­ты мысалы, яғни бо­лашақтағы логистиканың даму бағытын көрсетеді.

Энергетика саласы да Қазақ­стан – Ресей қатынастарының негізгі тіректерінің бірі болып қала береді. Мұнай мен газ тасымалы, электр энергетикасы және атом энергетикасы салаларындағы ынтымақтастық екі ел үшін де стра­тегиялық маңызға ие. Әсіресе атом энергетикасы бойынша ын­тымақтастықтың жаңа кезеңге өтуі ерекше назар аудартады. Біздің елдегі алғашқы атом электр стансасын салу жобасы энергетикалық қауіпсіздік мәселесін шешумен қатар, жаңа технологияларды енгізуге, инженерлік кадрларды даярлауға және жоғары тех­нологиялық өн­дірістерді дамытуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сапар қазіргі Қазақстан  –  Ресей қатынастарының мазмұны айтар­лықтай өзгеріп келе жат­қа­нын көрсетті. Егер бұрын ын­тымақтастықтың негізгі салмақ орталығы энергетика мен саудаға түссе, бүгінде цифрландыру, жасанды интеллект, инновациялар мен білім мәселелері алдыңғы қатарға шығып отыр.

Президенттерге ұсынылған бірқатар жоба осы үрдісті ай­қын көрсетті. Атап айтқанда, Астанадағы «Сириус» мектебінің құрылысына старт берілуі екі елдің болашаққа инвестиция салуға деген ұмтылысын білдіреді. Бұл жоба дарынды жас­тарды қолдауға, ғылыми және технологиялық әлеуетті дамытуға бағытталған.

Сондай-ақ Амур жолбарысын Қазақстанға қайта жерсіндіру жөніндегі бірлескен бағдарлама да назар аударуға тұрарлық. Бұл бас­тама екі елдің табиғатты қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және орнықты даму салаларындағы ынтымақтастығының жаңа қырын көрсетеді.

Ғарыш саласындағы әріптестік те өзінің стратегиялық маңызын сақтап келеді. Биыл адамзаттың ғарышқа алғашқы ұшуына 65 жыл толып отыр. Байқоңыр ғарыш айлағы бұрынғыдай  Қазақстан мен Ресейдің ғылыми-технологиялық ынтымақтастығының маңызды рәмізі болып қала береді.

Гуманитарлық байланыс­тар мәселесі де келіссөздердің маңызды бөлігіне айналды. Бүгінде Ресейдің жоғары оқу орындарында 60 мыңнан аса қазақстандық студент білім алып жатыр. Ғы­лыми зерттеу­лер, академиялық ұтқырлық бағдарламалары және мәдени жобалар екі халық арасын­дағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға ықпал етіп отыр.

Қазіргі әлемде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен адам капиталының сапасымен анықталады. Сондықтан білім, ғылым және жас­тар сая­саты салаларындағы ынтымақ­тастықтың маңызы алдағы жылдары арта түспек.

Жалпы алғанда, Владимир Путиннің елімізге жасаған мем­лекеттік сапары Қазақстан – Ресей қатынастарының жаңа сапалық кезеңге аяқ басқанын көрсетті. Оның басты ерекшелігі – дәстүрлі ынтымақтастық бағыт­тарының сақталуымен қатар, техно­логиялық жаңғыруға, инно­ва­цияларға, білім мен ғылымға негізделген жаңа күнтәртібінің қалыптасуы.

Қазақстан үшін Ресеймен стратегиялық әріптестікті дамы­ту – сыртқы саясаттың жеке ба­ғыты ғана емес, ұлттық дамудың ма­ңызды құралдарының бірі. Бұл эко­­номикалық өсімді қамтамасыз етуге, транзиттік әлеуетті арт­ты­руға, технологиялық жаң­ғыру­ды жеделдетуге, еліміз­дің Еуразия­дағы рөлін күшейтуге қызмет етеді.

Сондықтан Астанада өткен жоғары деңгейдегі кездесулердің маңызы екіжақты қатынастар шеңберінен әлдеқайда кең. Олар­дың нәтижесі Еуразия кеңіс­тігіндегі тұрақтылықты нығайтуға, өңірлік өзара байланыстылықты арттыруға, жаңа халық­аралық жағдайдағы тиімді ынтымақ­тастықтың үлгісін қалып­тастыруға ықпал етпек.

Манарбек ҚАБАЗИЕВ,

СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты басқарма төрағасының орынбасары

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Маусым 2026 09:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see128

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see120

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары