Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Ғаламторды жалған ақпарат жайлады

Ғаламторды жалған ақпарат жайлады

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Ақпараттың тез әрі оңай қолжетімді болуы қауіпті де көбейтті. Ғаламторда жарияланған материалдардың 62 пайызы қисынсыз. Бұл әлем тұрғындарының 86 пайызы жалған мәлімет оқығанын білдіреді. Бұл жайында Demandsage статистикалық порталы хабарлады. 

Сарапшылар әлеуметтік желілерде жаряланған мәліметтерді талдап, қайсысы ақиқат, қайсысы жалған екенін жіктеп көрсеткен. 

Жалпы бұл жүргізілген статистика қазіргі ақпарат заманында бәріміз үшін маңызды деп ойлаймын. Тереңіне бойлай бермейміз. Десе де бұдан әлемдік экономикаға да мол шығын келеді. 

Бір ақпараттың дүниежүзіне тарап кетуіне 10 секунд жеткілікті. Бұл адамзат қол жеткізген технологиялық жетістік. Десе де қазір ақпараттың пайдасы мол болғанмен, зияны да көбейіп барады. Demandsage жүргізген сауалнамаға сүйенсек, америкалық сайттардың 23%-дан астамы жалған жаңалық таратқанын мойындаған. Ересектердің 45%-ы күн сайын шындыққа жанаспайтын ақпаратқа тап болатынын айтады. Ал, ғаламторда тараған жалған ақпараттың 40 пайызы әлеуметтік желілілердің үлесінде. Journal of Economic Perspectives зерттеулеріне сүйенсек, әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі, зерттелген, шынайы ақпараттан гөрі, фейк ақпаратқа көбірек әрі бірден назар аударады. Өйткені халықты елең еткізетін тақырып іздейді. 

Бұл әлеуметтік желілерде жалған саяси жаңалықтардың жылдам таралуына әкеледі. Мәселен, АҚШ-тағы 2026 жылғы президенттік сайлауда ең танымал 20 жалған ақпар, 20 шынайы жаңалықтан көп қаралым жинаған. 

Ғаламторды жалған ақпарат жайлады 

Әлеуметтік желілердің танымалдығы артқаны сол, тосқауыл болу үшін әлем елдерінде белгілі заң жобалары да әзірленген. Әр мемлекетте жалған ақпарат үшін өз Заң нормаларына сәйкес жаза қолданылады. Алайда ақпаратты қайдан оқитынын оқырман өзі таңдайды. Мәселен, Финляндияда ересектердің 56%-ы тек ресми бұқаралық ақпарат құралдары таратқан ақпаратқа жүгінеді. Бұл көрсеткіш Ұлыбританияда 33 пайыз. Ал Грекия тұрғындарының масс-медиаға сенімі төмендеген. 

Жалған мәліметтің әлемдік экономикаға әсері

Қазір әлемдегі қақтығыстар, түрлі қылмыс, лаңкестік әрекеттер белең алып жатыр. Табиғи апаттардың салдарына куәміз. Дәл осындай саяси, әлеуметтік, экономикалық тығырыққа тірелген уақытта жалған ақпарат тез тарайды. Сәйкесінше оған тез иланып қалатындардың да қарасы көп. Сөйтіп жаңалықтар манипуляция құралы ретінде қолданылып кетуі мүмкін. Бұдан адамдардың да, эконмиканың да жоғалтар тұсы көп. Мәселен, жалған мәліметтерден әлемдік экономикаға жыл сайын 78 миллиард доллар шығын келеді. Киберқауіпсіздік жөніндегі CHEQ компаниясы жалған ақпараттан нақты қай саланың зардап шегетіні жөнінде дерек келтіреді. 

Ең көп шығын жалпы қор нарығына тиесілі. Жылына 39 миллиард доллар. Бұдан бөлек, қаржылық ақпарат беру, басқару ісі, денсаулық сақтау саласы, онлайн-платформалардың қауіпсіздігін қадағалау, саяси шығындар. 

Көз ілестірмес жылдамдықпен таралып жатқан ақпараттың шегі жоқ. Ақпарат қоғамның санасына тікелей әсер етеді. Сондықтан шынайы, дер кезіндегі және дұрыс жеткізілген ақпаратты ғана оқу маңызды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:219
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Желтоқсан 2025 15:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары