Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Сколково ғылым және технология институтының ғалымдары медицина қартаю үдерісін толық тоқтатуды үйренген күннің өзінде адамзат мәңгі өмір сүре алмайды деген қорытындыға келді. Бұл туралы Science Alert порталы жариялаған зерттеуде айтылған, - деп хабарлайды Tengri Life.
Мұның басты себебі - ДНҚ-да өмір бойы үздіксіз жиналатын кездейсоқ мутациялар. Әдетте ағза мұндай өзгерістердің көбін түзетіп отырады. Алайда уақыт өте келе олардың бір бөлігі сақталып қалады. Осындай өзгерістер көбейген сайын ағзалар мен тіндердің қызметі әлсіреп, ақырында адамның өміріне қауіп төндіреді.
Ғалымдар қартаюдың негізгі себебі ретінде тек соматикалық мутацияларды қарастыратын математикалық модель жасаған. Есептеу бойынша, тіпті қатерлі ісік, жүрек-қан тамырлары аурулары, деменция және жас ұлғаюына байланысты басқа да сырқаттар толық жойылған жағдайда да, жасушалардағы мутациялар уақыт өте көбейіп, ағзаның қалыпты жұмысын бәрібір бұзады.
Осындай жағдайда адамның орташа өмір сүру ұзақтығы 150-190 жасқа дейін жетуі мүмкін. Бұл қазіргі Ұлыбритания тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығынан шамамен екі есе көп. Қазір ол әйелдер арасында - 83 жас, ерлер арасында - 79 жас.
Зерттеу авторлары адамның өмір сүруінің теориялық ең жоғарғы шегі 627 жас болуы мүмкін екенін де алға тартты.
Сондай-ақ, ғалымдар адам ағзасындағы барлық тін бірдей қарқында қартаймайтынын айтты. Мәселен, тері мен бауыр жасушалары үнемі жаңарып отырады. Ал жүрек пен ми жасушалары іс жүзінде жаңаланбайды. Сондықтан дәл осы мүшелерде мутациялар әлдеқайда жылдам жиналады.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:105
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Шілде 2026 15:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















