Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Ғарышқа самғаған айбарлы қазақ

Ғарышқа самғаған айбарлы қазақ

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сурет Үкімет баспасөз қызметінен алынды

Ендеше, бү­гінде 1185 жылдық тарихы бар Қар­қаралы Ұлы дала тарихындағы Түр­кі қа­ғанаттары, Алтын Орда, Қазақ хан­ды­ғы және бергі дәуірлерді бастан ке­шір­­ген қасиетті де қастерлі мекен бол­ғаны анық.

Арғысын айтып көп созбай-ақ, бергі тарихына үңілсек, Қарқаралы – қазақ халқын отаршылдықтан азат ету жо­лын­да жанқиярлықпен күрескен Алаш қайраткерлерінің алтын бесігі. 1905 жылы «Қарқаралы петициясын» ұйымдастырған Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, қазақ жерін талан-таражға салудан сақтап қалуға өл­шеу­сіз үлес қосқан Әлімхан Ермеков сияқты Алаш қозғалысының көрнекті өкілдері осы қасиетті топырақта өшпес із­ қалдырғаны белгілі. Алаш қай­раткерлерінің қазақ халқының тәуел­­сіздігі мен еркіндігі үшін күре­сінде Қар­қаралы топырағын басып өтпе­ген­де­рі кемде-кем шығар.

Ғарышкер туған жері туралы айт­қанда: «Қарқаралы – Қазақстанда, тіпті бүкіл әлемде ерекше бір жер. Құдайдың өзі бере салған – тау десең тау, орман десең орман, өзен десең өзен, көл десең көл. 1240 метр биіктікте көл ор­наласқан. Бүгінге дейін осындай көптеген қасиетті жер-суының бар болғанына таңғаламын», дейді. Ен­деше, осындай тарихи дәуірлерді бастан өткерген, қасиетті жер-суы бар Қар­қаралы топырағында ғарышкер-батыр­дың дүниеге келуі кездейсоқ емес. 

Ана батасы

Батыр отбасы туралы естелігінде әкесінің ерте қайтыс болғанын, ес біл­ге­лі анасы мен әпкесінің қолында тәр­бие­ленгенін айтып, «туған жер анамдай ыс­тық» деп тебіренеді.

Ол 1946 жылы 27 маусымда Қараған­ды об­лысы Қарқаралы ауданының «Бірінші май» ұжымшарында дүниеге келген. Елде соғыс жаңа ғана аяқталып, батырлық пен ерлікті дәріптеген кезең еді. Әкесі Оңғарбай мен анасы Қамия­ның көз алдында дүниеден өткен тоғыз ұлдан кейінгі перзентіне «Енді осы жа­ма­нымыз аман болсыншы» деген ниетпен азан шақырып, Тоқтар деген есім берген екен.

Ата-анасы ерте дүние салғаннан кейін, ол әпкесі Бикен мен жездесі Нығметтің тәрбиесінде болды. Орта мек­тептің сегіз сыныбын аяқтағаннан кейін Теміртау құйма-механикалық зауытында токарь болып жұмыс істей жү­ріп, кешкі мектепті бітірді. 1965 жылы орта мектепті тәмамдаған соң, Ар­мавир жоғары әскери ұшқыштар училищесіне оқуға түседі.

Әскери ұшқыштар даярлайтын оқу орнына аттанғалы жатқанда, әпкесі Тоқтардың анасына келіп: «Ұшқыштар мектебіне бармасын, қалсын десеңіз, соны айтыңыз», дегенде, анасы: «Балам, сенің қанатыңнан қақпаймын. Қанатың қатайсын. Мықты болып, үлкен, биік дәрежеге жет», деп бата берген екен. Міне, сол батаның көрегендікпен айтыл­ғаны өмірде дәлелденгені анық. 

Сынақшы-ұшқыш

Тоқтар Әубәкіров – тек ғарышкер ғана емес, сонымен қатар тәжірибелі ұшқыш, сынақшы-ұшқыш ретінде де танымал тұлға.

1976 жылы ұшқыш-сынақшылар мектебін аяқтағаннан кейін Ұлан-Удэ авиациялық зауытына сынақшы ретінде жіберіледі. Көп ұзамай А.Микоян атындағы тәжірибелік-конструкторлық бюроға ұшқыш-сынақшы болып қабылданды. Ол мұнда 1992 жылға де­йін қызмет етіп, әскери ұшақтардың жаңа түрлерін сынақтан өткізді.

1976–1991 жылдары 50-ден астам ұшақ түрін меңгеріп, сынақ жұмыс­та­рын жүргізді. МиГ-29, МиГ-31, дыбыстан жылдам ұшатын МиГ-23, МиГ-25, МиГ-27 әскери ұшақтарын, олардың түрлі модификацияларын сынақтан өткізу­ге қатысты. Кеңес одағында тұң­ғыш рет МиГ-31Б ұшағымен әуеде екі рет жа­нармай құйдырып, жерге қонбай Сол­түстік полюске ұшу сапарын 1988 жылы ерлікпен орындады.

Осындай ұшқыш-сынақшы ретіндегі мол еңбегі мен іс-тәжірибесі ескеріліп, 1990 жылы 6 қарашада КСРО-ның еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы атағы берілді. 

«Ғарышқа халқың үшін ұш!»

Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшу жөніндегі ұсынысқа бірден келісе қоймағанын айтады: «Ғарышқа бірден ұшқан жоқпын. Алғашқыда екі рет бас тарттым. 90-жылдары Кеңес үкіметі құлаған соң, «қазақтардың арасынан ғарышқа кім бірінші болып ұшады?» деген мәселе өткір тұрды. Ол тұста бізде кадр тапшы еді. Штаттағы бірнеше тәжірибелі ұшқыш қайтыс болған. Алдымен жас ұшқыштардың арасынан таңдау жасадық. Осы себепті бірден келіскен жоқпын. Бірақ көпшілігі да­йын болмай шықты. Талғат Мұсабаевтан ғана жылт еткен от көрдік. Оны ғарышқа ұшыруға дайындай бастадық, алайда кәсіби білігі аз болғандықтан, бұл мақсатымыз орындалмады. Бұдан кейін тағы да менің кандидатурама тоқталды. Екінші рет те бас тарттым. Себебі өзім жұмыс істейтін А.Микоян атындағы тәжірибелік-конструкторлық бюроны тастап кеткім келмеді.

Мені    ғарышқа   ұшыруға   Дінмұхам­мед Қонаев­тың өзі де мүдде­лі бол­ған. Үшінші рет Президент Назар­баев мені жеке қабылдауына шақырды. «Тоқтар, хал­­қы­мыз бұл күнді 30 жыл күтті. Әзір қолы­мызда тұрған ғарыштық техно­ло­гия­ның барлығы біраз уақыттан кейін еш­кімге керексіз күйінде қалады. Ғарыш­қа халқың үшін ұш!» деді. Келістім».

Ұшуға келісім беруінің бір себебін Тоқтар Әубәкіров былай түсіндіреді: «Аржағын айтар болсам, ол – қазақтың намысы. Біз де жұмыс істей аламыз! Ісіміз ешкімнен кем болмайды деген на­мыс болды. Ресейдің маңдайалды әскери мектебінде оқыдым. Маған Ресей «Қиыр Шығыстың ең мықты ұшқышы» деген баға да берді. Мұның түбінде қазақтың намысы жатты. Менен басқа ол өңірде бір қазақ жоқ. Кезінде бізді кейбіреулердің мазақ қылған сөздері маған қатты бататын. Үнемі осыны ойлап, намыстанып жүрдім».

Намыс туралы айта келе, батыр қасқырды мысалға келтіреді: «Табиғи түйсіктері керемет дамыған аң ғой. Қасқырдың бөлтірігі ішкі түйсікпен туады екен. Көкбөрінің миллиондаған жылдардан бері планетаны адамзатпен бөлісіп жүргені осы түйсігінің мықтылығынан болса керек. Циркке барсаңыз, басқа аңның бәрі бар да, қасқыр жоқ. Қасқыр – қолға бағынбайды. Оның намысы бар». 

Ғарышты зерттеуші

Тоқтар Әубәкіровті Қазақстандағы ғарыштық ғылыми зерттеулердің негізін қалаушылардың бірі десек те бола­ды. 1991 жылғы 2 қазанда ғарыш кеме­сімен Байқоңырдан ғарышқа ұш­қанда, өзге ғарышкерлермен бірге био­технология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойын­ша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүр­гізіп, ғарышта 7 күн 22 сағат 13 минут болды.

Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу үдерісі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспанды астрофизикалық бақылау жұмыстары да жүргізілді.

Кейін, 1993–1994 жылдары Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық аэроғарыштық агент­тігінің бас директоры, Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары болып, ғарыштық ғылымды ұйым­дас­тыруға, дамытуға өз үлесін қосты. 

Мемлекет қайраткері

Ғарышкер Қазақстан тәуелсіздік алған кезеңнен бастап мемлекеттің бас­­қа­ру институттарында белсене қыз­мет етті. 1994–1995 жылдары Қазақ­стан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депу­таты – Қорғаныс және қауіпсіздік коми­тетінің төрағасы, 1996 жылдан Пре­­зидент кеңесшісі, Қауіпсіздік кеңесі хат­­шы­­сының орынбасары, 2004 жылдан Пар­ламент Мәжілісінің депутаты болды.

Кейін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрыл­тай­­дың мүшесі, «Тұран-Астана» уни­вер­ситеті Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Тоқтар Оңғарбайұлы қоға­м­­дағы түйткілді мәселелерге келген­де де пікір-ұсынысын ашық айтады. Бірде ауылдағы халықтың жағ­дайын ойлап: «Өзгесі болмаса да, ауылдағы жұрт­тың қолында малы бар. Тоқсанын­шы жылдары құртып алып еді. Қазір, әйтеуір, бірте-бірте қалпына келді. Ауыл халқы сонымен күн көріп отыр. Мен өзім бала кезімде аз ғана ауылда болып, өмір бойы қалада жүрсем де, тоқсаныншы жылдары айтқам: қазақты асырайтын – мал. Малды жоймаңдар деп. Жұмыс жоқ, қазір халықтың 40 пайыздайы ауылда», деген еді.

Белгілі бір кезеңде ол еліміздің билік құрылымында да, оппозициясында да жүрді. Ғарышкер ел ішіндегі саяси ахуалға өзіндік көзқарасын білдіріп, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия қатарында болды. Кейін «Азат» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиялардың бірігуіне байланысты Тоқтар Әубәкіров: «Бүгінгі күн – қарапайым халық аңсаған күн деп ойлаймын. Бұл – тарихи күн. Көптеген адам Қазақстанның екі жетекші оппози­ция­лық партиясының бірігуін күтті. Мен де бұл сәтті ұзақ күттім. Бұл менің арманым еді. Мен өзім қосыла алатын халықтық партияның пайда болуын асыға күттім. Ұзақ уақыт бойы «өз» партиямды іздедім. Міне, ақыры оны таптым», деп өзінің саясаттағы азаматтық белсенділігін айшықтады.

Байқоңырды жалға беру туралы шешім қабылданғанда да ұлт мүддесін көздеп, оған қарсы шыққан еді. Сол үшін оның өмірінде түрлі қиындық орын алғаны да рас.

Тоқтар Оңғарбайұлы келешекте Әділетті Қазақстанның жастары қандай болуы керектігіне жиі тоқталып, өнегелі ақылын айтып келеді: «Жастарға ылғи айтып жүремін. Өмірде мақсатың болуы керек. Алдыңа мақсат қоймасаң, өмір бойы адасып өтесің. Бала кезден-ақ кім болатыныңды анықта. Одан бұрын сен бұл жерге қалай келдің, қалай жеттің, осы ма­ңызды. Мақсатыңа біреудің жолын кесіп, біреуге арамдық жасап жетсең, ендеше арманыңның қалай орындалғанын артыңдағы ұрпағыңа айтпай-ақ қоюыңа болады. Ұят».

Шынтуайтына келгенде, осы бір «ұят» деген сөздің өзі қазақ арасында ұмытылып, архаизмге айналып бара жатқандай. Ал бүгінгі Әділетті Қазақстанның жастары үшін бұл сөздің құндылығы өте өзекті болып отырғаны айдан анық емес пе?

Сонымен, әлемнің 256-шы, КСРО-ның 72-ғарышкері, тұңғыш қазақстандық ғарышкер, Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің генерал-майоры, Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы ретінде Тоқтар ағамыздың есімі тарихта алтын әріппен жазылды.

Оның өмірбаяны – қазақтың ғасырлар бойы еркіндікке ұмтылысын сим­во­ликалық тұрғыда білдіретін мем­лекет­тік рәміздегі қыран құс бейнесімен үндеседі. Сол Ұлы даланың батыр ұлы өз елінің толық тәуелсіздікке қолы жетер тұста қыран құсша самғап, ғарышты бағындырды. Мұны кездейсоқ құбылыс деп айта аламыз ба?

Бұл – бала арманын жүзеге асыр­ған адамның жай ғана өмірбаяны емес. Бұл – қилы замандарды бастан кешір­ген Ұлы дала елінің тағдыр-талайы сияқты көптеген жеңіс пен қиын сынақтарға толы ұзақ жолдан өткен перзентінің өмір тарихы.

Сатай СЫЗДЫҚОВ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ҒЗО директоры, ҰҒА құрметті академигі

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Шілде 2026 09:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары