Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Германия азаматтарының отбасы қаза тапқан ажалды ЖКО үшін қазақстандық сотталды

Германия азаматтарының отбасы қаза тапқан ажалды ЖКО үшін қазақстандық сотталды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Солтүстік Қазақстан облысында сот жантүршігерлік жол апатына себепкер болған такси жүргізушісіне үкім шығарды. Оқиға салдарынан Германия азаматтары – әйел, оның әкесі мен күйеуі қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жол-көлік оқиғасы 2025 жылғы қыркүйекте Қызылжар ауданындағы Петерфельд ауылы маңында болған. Оқиға орнынан түсірілген жантүршігерлік видео сол кезде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап кеткен болатын.

Қонақтан қайтып келе жатқан

Сотталушы - жалға алынған Chevrolet Monza автокөлігімен мобильді қосымша арқылы жеке тасымалмен айналысқан 29 жастағы ер адам. 1 қыркүйекте ол Мамлютка қаласына жолаушы апарып тастап, Петропавлға қайтып келе жатқан.

"Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, көлік тізгініне ие бола алмай қалған (Chevrolet Monza) жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, өз жолағымен келе жатқан Mazda CX5 көлігімен соқтығысқан. Соққыдан бағытынан тайып кеткен Mazda инерциямен қарсы бетке шығып, өз жолағында келе жатқан Lexus LХ570 көлігімен соқтығысқан", - делінген Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкімінде.

Mazda көлігінде Германия азаматтары – ерлі-зайыпты, олардың қызы мен күйеу баласы болған. Олар Қазақстанға туыстарына қонаққа келген және сол күні Қарағандыдан Ресей шекарасына қарай бағыт алған.

Жол апаты салдарынан Mazda жолаушылары – 73 жастағы ер адам мен оның 48 жастағы қызы алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Көлік тізгінінде болған жүргізуші үш күннен кейін ауруханада қайтыс болды. Тек қабырғасы мен жамбасы сынған 74 жастағы әйел ғана аман қалды.

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты

Кеше 18:41 1

Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін

Кеше 20:44 1

Сонымен қатар, Lexus автокөлігінің жолаушысы да зардап шекті. Оның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келген.

Әлеуметтік желілердегі оқиға орнынан түсірілген кадрлар

Мән-жайы

Жәбірленушілер де, куәгерлер де, сотталушының өзі де сол күні ауа райы ашық болып, жолдың құрғақ әрі жақсы күйде болғанын атап өтті.

Сотталушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді. Ол жол жүріп келе жатқанда денсаулығы сыр бергенін айтты.

"Ол бүйрек ауруына байланысты кенеттен қатты ауырсынуды сезгенін, соның салдарынан қол-аяғы істемей қалып, көлікті басқара алмаған. Басқарусыз қалған көлік алдымен оң жақ жиекке қарай, кейін сол жаққа қарай қозғалып, қарсы бетке шығып кеткен де, Mazda автокөлігімен соқтығысқан", - деп келтіріледі сотталушының түсініктемесі сот үкімінде.

Сот бұл нұсқаны негізсіз деп тапты: іс материалдарына сәйкес, автокөлік шұғыл маневрлер жасамаған және тежегіш баспаған. Көлік қарсы бетке баяу шыққан, бұл соттың бағалауынша, жүргізушінің ұйықтап кетуі немесе басқа нәрсеге алаңдауына көбірек ұқсайды. Сондай-ақ сотталушының бұған дейін де осындай ауырсынуды сезінгені, бірақ соған қарамастан көлік жүргізуді тоқтатпағаны атап өтілді.

"Сотталушы кінәлі деп танылып, оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сондай-ақ ол жеті жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болсын", - деп үкімді оқыды Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айдарбек Бекқожинов.

Бұдан бөлек, сотталушы жәбірленушілерге моральдық өтемақы төлеуі тиіс: Lexus көлігінде зардап шеккен жолаушыға 1 миллион теңге және қаза тапқан отбасының туыстары болып табылатын төрт жәбірленушінің әрқайсына 3 миллион теңгеден.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан тұрғындары қосымшалар арқылы жүзеге асырылатын қалааралық жеке тасымалдың қауіпсіздігі мәселесін бірнеше рет көтерген болатын. Олардың пікірінше, такси жүргізушілері ақша табу үшін күніне бірнеше рет рейске шығады, жылдамдықты асырады және мессенджерлер мен тасымалдаушыларға арналған арнайы бағдарламаларды оқып, жауап беріп, телефонды қолдарынан түсірмейді.

Соңғы жылдары өңірде осындай жеке тасымалдаушылардың қатысуымен бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Сәуір 2026 17:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары