Голан жоталарында қазақстандық саперлер 2 мыңнан астам жарылғыш зат пен оқ дәріні жойды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Қазақстанның Голан жоталарындағы БҰҰ-ның бөліну аймағын бақылау жөніндегі миссиясы құрамындағы үшінші ұлттық контингентінің инженерлік-саперлік тобы жарылғыш заттарды анықтау, залалсыздандыру және жою жұмыстарын жүргізіп келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бітімгерлік миссияны атқару кезеңінде биылғы мамыр айынан бастап 15-тен астам іс-шара өткізіліп, әскери қызметшілер 350-ден астам жарылғыш затты жойды. Сонымен қатар 1 800-ден астам оқ-дәрі де залалсыздандырылды.
Инженерлік-саперлік топтың кәсіби шеберлігі, іс-қимылдарының үйлесімділігі және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы саперлерге қойылған міндеттерді орындап, жауапкершілік аймағындағы тұрақты жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:94
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қыркүйек 2026 13:13 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















