Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Гүлмираның yoonee.ai платформасы

Гүлмираның yoonee.ai платформасы

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қазіргі жаһандану дәуірінде білім – ең басты капитал. Алайда әлемнің үздік университеттерінде оқу бәріне бірдей қолжетімді емес. Құжаттық рәсімдердің күрделілігі, қымбат аударма қызметі мен кеңесшілер көптеген дарынды жастар үшін кедергіге айналып отыр. Осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат еткен жаңа технологиялық – «yoonee.ai» платформасы Орталық Азия жастары үшін жаһандық білім кеңістігіне жол ашуды көздейді.

Платформаның негізін қалау­шылардың бірі – америкалық отбасы асырап алған Гүлмира. Айтуынша, Қазақстан оның туған отбасының жылуы, осындағы достарының құшағы есебінде. «Араға сан жыл салып, өз еліме қайта оралу – жанымның бір бөлшегін қайта алу секілді», дейді ол әсерленіп. Осы ішкі байланыс оның кәсіби ұстанымына да әсер еткенін аңдадық. Бізді сүйіндіргені, ол туған елі үшін бір игі іс істеу үшін «yoonee.ai» жобасын қолға алыпты. Сол мақсатта ол Феруза, Айдана есімді достарының басын қосып, Орталық Азия жастарының шетелде білім алуына көмектесетін «yoonee.ai» жобасын жүзеге асырған.

Кейіпкеріміз әуелде әлемдегі беделді әуе компанияларының бірі – «Delta Air Lines» авиация жүйесінде сарапшы болып қызмет атқарды. Осы орталықта жұмыс істей жүріп, күрделі деректермен, қаржылық модельдермен және жаһандық логистика саласында өз қабілетін шыңдаған. Авиациядағы тәртіп, дәлдік пен қауіпсіздікке негізделген жүйелік ойлау оның арманына қанат бітіріпті. Гүлмира кейіннен технологиялық стартап құруға белін бекем байлайды. «Авиация адамдарды физикалық тұрғыда біріктірсе, IT оларды цифр­лық кеңістікте байланыстырады», дейді ол.

Оған сөз арасында «Қазақ мәдениеті мен құндылықтары өмір жолыңызға әсер етті ме?» деген сұрақ қойдық. Оның жауабы мынадай болды. «Америкалық болып өскеніме қарамастан, мен бәрібір қазақпын. Қазақстанға оралмай тұрып-ақ мінезімде көшпелілерге тән төзімділік, алға ұмтылыс бар екенін сезетінмін. Қазақтың қонақжайлығын алғаш рет көргенімде, таңғалдым. Менің қанымда да осындай қасиет бар екенін сездім. Тіпті мен бұл қасиетті АҚШ-та өзіммен бірге алып жүргенімді, оны байқамағанымды түсіндім. Бұл менің бизнеске деген көзқарасымды да өзгертті. АҚШ-та бизнес көбіне тек мәміле деңгейінде қалады. Ал Қазақстанда ол – қарым-қатынас, бір-біріне жанашыр болу. Мен осыны әрдайым өз болмысыма сіңіруге тырыс­тым. «yoonee.ai» жобасы да дәл осы мақсатта жұмыс істеп, студенттерге қолдау көрсететін жанашыр платформа болуын қалаймын», дейді ол.

Бұл жоба АҚШ, Франция және Қазақ­станның білім беру жүйелерінен өткен бір­неше жас маманның ортақ тәжірибесінен туған. Олардың пайымынша, көптеген студент қабілетсіздігінен емес, күрделі құжаттарды дайындау салдарынан оқуға түсе алмай қалады. Осы тұста жасанды интеллект талапкерлерге көмек қолын соза алады. Аталған платформаға студенттер құжаттарын жүктейді, ал жүйе оларды академиялық дәлдікпен аударып, бағаларын халықаралық стандартқа сәйкес­тендіреді. Мәселен, 5.0 GPA немесе 100 балдық жүйедегі баға АҚШ жүйесімен нақты салыстырылып, таңдаған университеттермен сәйкестік деңгейі көрсетіледі.

Жобаның басты миссиясы – жаһандық білімді демократияландыру. «yoonee.ai» командасы халықаралық студенттер төлейтін «географиялық салықты» жоюды мақсат етеді. Яғни студенттің болашағы оның тұрған жеріне немесе қаржылық мүмкіндігіне емес, тек әлеуетіне байланысты болуы тиіс. Бұл, әсіресе Қазақстанның аймақтарында тұратын жастар үшін маңызды. Себебі АҚШ универ­ситеттерінің талаптарын білетін білікті аудармашыларды табу көбіне қиын әрі қымбат.

Осы себепті платформа қазақ, орыс және өзбек тілдерін қолдауды жоспарлап отыр. Бұл талапкерлерге үздік америкалық университеттер әлемін өз ана тілінде, тікелей смартфон арқылы зерттеуге мүмкіндік береді. Жоба авторларының айтуынша, Орталық Азия – ашылмаған таланттарға бай өңір. «Silkroad Innovation Hub», «Astana Hub», «Uzbekistan IT Park» сияқты бастамалар аймақтағы әлеуеттің айқын дәлелі.

«yoonee.ai» командасы үшін тағы бір маңызды бағыт – мәдени және академиялық алмасу. Ұзақмерзімді жоспарлардың бірі – «мобильді аудитория» форматындағы екіжақты алмасу бағдарламасын іске қосу. Бұл бағдарлама тек Орталық Азия жастарын Батысқа жіберумен шектелмей, аме­рикалық студенттерді де Қазақстан мен өңір елдеріне тартуды көздейді. Осы арқылы Жаңа Жібек жолының академиялық және мәдени байлығын әлемге таныту, берік кәсіби байланыстар орнату жоспарланған.

Гүлмираның пікірінше, «yoonee.ai» – тек технологиялық стартап емес, мәдени дипломатияның да жаңа үлгісі. Ол білім арқылы халықтарды жақындастырып, Орталық Азияны жаһандық зияткерлік және инновациялық кеңістіктің маңызды бөлігі ретінде көрсетуге бағытталған. Бір сөзбен айтқанда, тамырын тапқан технология осылайша болашаққа жол салып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Отандық оқу орындарының өрісі

Білім • Бүгін, 08:15

Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым

Университет • Бүгін, 08:12

ЖИ-аватар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Гүлмираның «yoonee.ai» платформасы

Digital • Бүгін, 08:08

Жастар кәсіпкерлігі: қолдау бар, қайтарымы қалай?

Бизнес • Бүгін, 08:05

Білім нысандарын аралады

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Робот-полиция

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жедел жәрдем автопаркі жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Бұйырмаған қазы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50

Сирек аңдармен толықты

Алматы • Бүгін, 07:45

Моноспектакльдегі мөлтек сыр

Театр • Бүгін, 07:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:35

Аян

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30

Петропавлда хабар-ошарсыз кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті орманнан табылды

Оқиға • Кеше

Ертең еліміздің бірқатар өңірінде түман түсіп, боран соғады

Ауа райы • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:214
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 08:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары