Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Хабар агенттігінің қызметкерлері марапатталды

Хабар агенттігінің қызметкерлері марапатталды

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

30 жыл «Хабар» агенттігі үшін тарих қана емес, тұтас тағдыр. Осы жылдар ішінде арна елдің үніне айналып, көрерменмен бірге қалыптасты.

Камераның ар жағындағы мыңға тарта жанның еңбегі осы тұрақтылықтың кепілі. Бүгін 140 маманның қажырлы қызметі лайықты бағаланды.

Отыз жылда «Хабар» елдің айнасына, көрерменнің көзайымына айналды. Бүгін жылдар бойы ақпараттың алдыңғы шебінде жүрген мамандар марапатталды. Олардың бірі - Бағдат Әбдіқожаева. Ол өз еңбек жолын «Хабардың» Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып бастаған. Жаңалықтың ыстығы мен суығын қатар көріп, аймақ тынысын көрерменге жеткізді. Қазір арнаның жаңалықтар бөлімінде шығарушы редактор болып еңбек етеді. Кәсібіне адалдығы мен табандылығы бағаланып, мерейтойлық марапатқа ие болды.

Бағдат Әбдіқожаева, «Хабар» Агенттігі» АҚ АСБҚ шығарушы редакторы:

- Хабар бізге не берді? Хабар бізге кәсіби өсу берді, Хабар бізге өзіміздің мамандығымызға адал қызмет ету мүмкіндігін берді. Хабар бізге елге танылып, елдің 30 жылдағы , дамуы, қалыптасу тарихын көрерменге жеткізуді мүмкіндігін берді. Хабарда қызмет еткенімді мақтан тұтамын. Хабардың арқасында мен өте биік деңгейдегі, кәсіби мамандармен әріптес болдым. Агенттіктің әрі қарай да өсіп өнуі үшін адал еңбек етемін.

Камера сыртында да көрерменге айтарлықтай еңбек сіңіріп жүрген мамандар аз емес. Олардың бірі телеоператор Серік Қоңырбаев.Ол он бес жылдан астам уақыт бойы елдің тарихи сәттерін объектив арқылы көпшілікке жеткізіп келеді.

Серік Қоңырбаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ телеоператоры:

- Хабар агенттігінің әлі алар белесі алда, жетістігі көп болсын. Біз келген кезде dvk.dvc pro ауыр камералар болды. Қазір техника өзгерді, жеңіл, біз түсірген камералар 12 кг болатын, қазіргідер жеңіл, техникалар дамып кетті.

Ақпарат тасқыны тегеурінді, интернет заманы талғампаз. Бірақ соның ішінде «Хабар» өз үні мен бағытын жоғалтқан жоқ. Эфирде өзекті жаңалықтар, сапалы сериалдар, көркем және деректі фильмдер көрсетіліп келеді. Осының бәрінде кәсібіне адал мыңдаған маманның тынымсыз еңбегі жатыр. Сол жандардың бірі – «24KZ» арнасының режиссері Эльмира Досжан. Ол тележурналистика саласында жиырма жыл еңбек етіп келеді. Бастапқыда музыкант мамандығын меңгерген ол кейін шығармашылық жолын теледидармен байланыстырған.

Эльмира Досжан, «24 KZ» арнасының режиссёрі:

- Бүгін өте толқулы күн, 30 жыл деген ол өте үлкен уақыт. Бүгінгі марапат менің ғана марапатым деп ойлмаймын. Бүкіл ұжымның марапаты. Әрине толқу бар. Осынша уақыттың зырғып өтіп кеткеніне өзімде толқып тұрмын.

Агенттік медианарықта заманауи технологияларды енгізуден де көш бастап тұр. Уақытпен үндесіп, жаңашылдықпен жетілген ұжым студиядағы жұмысты заманауи сипатқа ие етті. Мәселен, операторсыз жұмыс істейтін автоматтандырылған камераларды алғаш болып «24KZ» арнасы орнатқан. Сондай-ақ тікелей эфир жүргізу ісінде де арна алдыңғы орында. Заман көшінен қалмаған агенттіктің материалдық-техникалық әлеуеті артып, заманауи медианың жаңа белесіне көтерілді.

Кемелбек Ойшыбаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы:

- Көптеген ауыспалы жағдайларда Хабардың негізін сақтай біліп, сонымен қатар сабақтастықты жалғастыратын қызметкерлеріміз, 140-тай әріптестеріміз осы 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатырғандығы қуантады. Көрерменіміз көп болу үшін сапалы дүние жасауымыз керек. Сапалы жобалар жасау керекпіз. Сол бағытта алға қойып отырған мақсат міндетті түрде хабар тарататын болсақ, ол тексерілген ақпарат болу керек. Екіншіден, жобаларды жасаған кезде, түрлі-түрлі жобаларды жасаған кезде сапалы бағдарлама жасау керекпіз.

Тәуелсіздікпен бірге түлеген телеарна алғаш рет 1994 жылы эфирге шыққан еді. Сол күннен бастап «Хабар» елдің даму жолын, халықтың тынысын, уақыттың үнін үздіксіз жеткізіп келеді.

Авторлары: Наргиз Бекмаганбетова, Самат Қазанбаев 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2025 19:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары