Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жаһандық үндестікке бастар жол

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Халық белсене қатысып, қолжетімді орта қалыптасқан : ТМПА байқаушылары Құрылтай сайлауының барысы туралы не айтты?

Халық белсене қатысып, қолжетімді орта қалыптасқан : ТМПА байқаушылары Құрылтай сайлауының барысы туралы не айтты?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Миссия өкілдері азаматтардың белсенділігін, дауыс беру үдерісінің ашықтығын, сайлау комиссиясы мүшелерінің жоғары деңгейдегі дайындығы мен ерекше қажеттілігі бар адамдарға сайлауда жақсы жағдай жасалғанын атап өтті. Бақылаушылар барған учаскелерде заңбұзушылық тіркелмеген.

Алматыда жұмыс істеген топтың құрамына Түркия, Әзербайжан мен Қырғызстан парламентінің өкілдері кірді. Олардың қатарында ТМПА-ның Құқықтық мәселелер мен халықаралық қатынас жөніндегі комиссиясының мүшесі, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты Филиз Кылыч; ТМПА-ның Білім, мәдениет, әлеуметтік және гуманитарлық мәселе жөніндегі комиссиясының мүшесі, Әзербайжан Милли Мәжілісінің депутаты Хикмет Мамедов; ТМПА-ның Білім, мәдениет, әлеуметтік және гуманитарлық мәселе жөніндегі комиссиясының төрағасы міндетін атқарушы, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты Ұлықбек Карыбек уулу мен ТМПА Бас хатшысының орынбасары міндетін атқарушы Бектур Базакечев бар.

Филиз Кылычтың айтуынша, сайлау учаскелерінде тыныш әрі қолайлы жағдай қалыптасып, комиссия қызметкерлері өз міндетін жақсы меңгерген.

«Сайлау учаскелері өте жақсы дайындалған. Әсіресе, көру қабілеті бұзылған және мүгедектігі бар басқа да адамдар үшін барлық қажетті жағдайды жасағаны көрініп тұр. Жауапты тұлғалар сайлауды ұйымдастыру мәселесін жақсы біледі екен, жоғары деңгейде дайындалған», – дейді Филиз Кылыч.

Ол мұндай жұмыстың Түркияда да жүргізілетінін атап өтті. Алайда Қазақстанның дауыс беруге қолжетімді жағдай жасау тәжірибесі ерекше назар аударуға лайықты екенін айтты. Түркия өкілі өтіп жатқан сайлауды бүкіл түркі әлемі үшін маңызды оқиға деп атап, Құрылтайдың жаңа құрамына сайланатын депутаттарға сәттілік тіледі.

«Бұл сайлау қазақ халқына, Қазақстан Республикасы мен бүкіл түркі әлеміне игілік әкелсін деп тілеймін. Бауырлас Қазақстанмен ынтымақтастығымыз одан әрі нығая түседі деп үміттенемін», – деп ағынан жарылды ол.

Әзербайжан Милли Мәжілісінің депутаты Хикмет Мамедов саяси бәсекелестікке және сайлауға жеті партияның қатысып отырғанына назар аударды. Оның айтуынша, әртүрлі саяси күштер сайлауда елдің дамуына қатысты түрлі көзқарасты, дүниетаным мен тәсілді білдіреді.

«Сайлауға жеті партияның қатысуының өзі – демократия. Бұл – демократия мерекесі, өйткені мұнда жеті түрлі пікір, жеті түрлі дүниетаным мен жеті түрлі саяси көзқарас ұсынылған. Жалпы, Құрылтай дәстүрі барлық түркі халықтарына тарихи тұрғыдан жақын. Біздің ата-бабаларымыз маңызды мемлекеттік шешімді дәл осындай жиында қабылдаған. Сондықтан Қазақстанның бұл қоғамдық диалог формасын қайта жаңғыртып жатқанына қуаныштымыз. Бұл – исі түркіге ортақ тарихи мұра», – деді Хикмет Мамедов.

Дауыс беру күніне дейін миссия өкілдері саяси партиялармен кездесіп, сайлау науқанының барысын талқылады. Бақылаушының айтуынша, кездесуге қатысушылар сайлауға кедергі келтіретін ешнәрсені байқамаған.   

Хикмет Мамедов жаңа бір палаталы Құрылтайдың құрылуы маңызды шешімдер қабылдайтын ұлттық дәстүрге сәйкес келетінін де атап өтті. Ол Қазақстан азаматтарының саяси ерік-жігеріне құрмет білдіріп, жеңісті сайлаушылар қолдаған партия иеленуі тиіс екенін айтты.

Қырғызстан өкілі Ұлықбек Карыбек уулу бақылаушылардың алты сайлау учаскесіне барғанын хабарлады. Оның айтуынша, дауыс беру ұлттық заңнама мен демократиялық стандартқа сәйкес ұйымдастырылған.

Бақылаушылар дауыс беру құпиясының сақталуына, комиссиялар  жұмысының ашықтығы мен азаматтардың белсенділігіне назар аударды. Учаскелерде әр жастағы сайлаушылар, оның ішінде жастар мен аға буын өкілдері болды. Демалыс күні болғанына қарамастан, тұрғындар дауыс беруге келіп, бақылаушылар барған учаскеде белсенділік жоғары болған.

Бектур Базакечев миссия өкілдерінің Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясымен, саяси партиялармен және сайлау үдерісінің басқа да қатысушыларымен кездесулер өткізгенін айтты. Бұл кездесулер учаскелердің дайындығы мен дауыс беруді ұйымдастыру барысы туралы ақпарат алуға мүмкіндік берген.

«Сайлаушының учаскеге келуінен бастап бюллетеньді жәшікке салуына дейінгі бүкіл үдерістің ашық, жария әрі ешқандай қысымсыз өтіп жатқанын көрдік», – деді ол.

Бақылау дауыс беру аяқталып, бюллетеньдер саналғанға дейін жалғасады. Осыдан кейін миссия өзінің қорытынды есебін ұсынады.

23 тамыздағы сайлау жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлау жөніндегі алғашқы сайлау болды. Оның құрамына бірыңғай жалпы ұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдермен сайланатын 145 депутат кіреді. Депутаттық мандат үшін жеті саяси партия бақ сынап жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:54
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Тамыз 2026 13:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see144

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see143

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see139

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see137

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see135

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see135

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see133

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see131

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see130

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see130

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see125

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see124

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see124

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see121

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see116

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see115

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see115

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see115

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see113

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары