Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Халық неге несиеге тәуелді?

Халық неге несиеге тәуелді?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Халықтың қарызы 25 трлн теңгеден асты

Қазақстанда ел азаматтарының банк алдындағы қарызы жыл сайын өсіп келеді. Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша азаматтардың банк секторына берешегі 25,3 трлн теңгеге жеткен. Оның 17 трлн теңгесі – тұтынушылық несиелерге, 7,2 трлн теңгесі – ипотекалық қарыздарға, ал 1,1 трлн теңгесі – өзге мақсаттарға берілген несиелерге тиесілі.

«2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша халықтың банк секторына берешегі 25,3 трлн теңгені құрады. Оның ішінде тұтыну мақсаттарына берілген кредиттер – 17,0 трлн теңге, ипотекалық қарыздар – 7,2 трлн теңге, өзге мақсаттарға арналған кредиттер – 1,1 трлн теңге. Жалпы берешек құрылымында тұтынушылық кредиттердің үлесі 67,1 пайызды, ипотекалық қарыздар 28,5 пайызды, ал өзге мақсаттарға берілген қарыздар 4,4 пайызды құрайды», деп хабарлады Ұлттық банк.

Қазақстанда несие алу қиындай түседі

Ведомствоның дерегіне сәйкес, соңғы бес жылда тұтынушылық несиелер көлемі айтарлықтай өскен.

«2021 жылғы 1 мамырда тұтынушылық несиелер көлемі 4,6 трлн теңге болса, 2026 жылғы 1 мамырда бұл көрсеткіш 17 трлн теңгеге жетті. Осылайша соңғы бес жылда тұтынушылық несиелер көлемі 3,7 есе ұлғайды», делінген жауапта.

Несие көлемі қай өңірлерде жоғары?

Ұлттық банк өңірлер бойынша ең жоғары несие жүктемесі мегаполистерде байқалатынын атап өтті.

«2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша халыққа берілген банк секторындағы кредиттердің ең үлкен үлесі Алматы қаласына тиесілі. Мұнда берешек көлемі 7,5 трлн теңгені немесе жалпы көлемнің 29,6 пайызын құрайды. Екінші орында Астана қаласы – 4,1 трлн теңге немесе 16,3 пайыз. Үшінші орында Шымкент қаласы – 2 трлн теңге немесе 8 пайыз», деп мәлімдеді Ұлттық банк.

Халықтың қарызы ғана емес, мерзімі өткен берешек көлемі де артып келеді.

Мамандар кеңесі: Несие аларда нені ескеру керек?

Ұлттық банктің мәліметінше, 2021 жылы мерзімі өткен қарыздар көлемі 300 млрд теңге болса, бүгінде бұл көрсеткіш 1,1 трлн теңгеге жеткен.

«Соңғы бес жылда банк секторындағы халықтың мерзімі өткен берешегі шамамен төрт есеге өсті. 2021 жылғы 1 мамырда бұл көрсеткіш 0,3 трлн теңге болса, 2026 жылғы 1 мамырда 1,1 трлн теңгені құрады», деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ халықтың несиеге тәуелділігінің негізгі себептерінің қандай екенін де сұрап білдік. Ұлттық банк соңғы жылдары халықты несиелеу нарығында шамадан тыс белсенділік белгілері байқалғанын мәлімдеді.

«Соңғы уақытқа дейін жеке тұлғаларды несиелеу көлемінің жоғары қарқынмен өсуі аясында шамадан тыс белсенділік белгілері байқалды. Мәселен, 2023 жылы тұтынушылық мақсаттарға берілген қарыздардың өсуі 41,3 пайызға жетсе, 2024 жылы 23,8 пайызды құрады. Ал тұтынушылық қарыздар портфелі осы кезеңде жыл сайын орта есеппен 34 пайызға өсіп отырды», деп түсіндірді Ұлттық банк.

Қарыз жүктемесін азайту үшін қандай шаралар қабылданды?

Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі соңғы жылдары халықты несилеу нарығына қатысты бірқатар шара қабылдаған.

«Агенттік кепілсіз тұтынушылық банктік қарыздардың ең жоғары мөлшерін 2 200 АЕК-тен асырмауды белгіледі. Сонымен қатар кепілсіз микрокредиттердің шекті мөлшері 1 100 АЕК көлемінде бекітілді. Бұдан бөлек, 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға жаңа кепілсіз тұтынушылық несиелер беруге тыйым салынды. 2014 жылдан бері банктер борыштық жүктеме коэффициентін есептеуге міндетті. Оған сәйкес азаматтың барлық қарыздары бойынша ай сайынғы төлемдері табысының 50 пайызынан аспауы тиіс. 2025 жылы бұл әдістеме жетілдіріліп, табысты жасанды түрде көбейтуге мүмкіндік беретін схемалар алынып тасталды», деп хабарлады Ұлттық банк.

Ведомство 2027 жылдан бастап қарыз алушыларға қойылатын жаңа талап енгізуді жоспарлап отыр.

«Ұлттық банк 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қарыз алушының жиынтық берешегінің жылдық табысқа қатынасы бойынша шекті деңгейді енгізуді жоспарлап отыр. Ол жылдық табыстың 8 есесінен аспауы тиіс. Бұл азаматтардың шамадан тыс қарыздану тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді», деп қорытындылады ведомство.

Табысынан 8 есе көп қарызы барларға несие берілмейді: Ұлттық банк жаңа шектеу енгізеді

Қаржылық сауаттылық бізге не үшін қажет?

Қаржыгер Расул Рысмамбетовтың пікірінше, халықтың несиеге жиі жүгінуіне бірнеше фактор әсер етеді. Оның ішінде табыстың жеткіліксіздігі мен несие өнімдерінің қолжетімділігі негізгі себептердің бірі.

«Халықтың бір бөлігінің табысы салыстырмалы түрде төмен. Сондықтан көптеген адам үшін несие тек ірі сатып алулардың емес, күнделікті тұтыну деңгейін сақтап қалудың құралына айналды. Бұған қоса инфляция да өз әсерін тигізеді. Бағаның өсетінін түсінген азаматтар қажетті тауарды кейінге қалдырмай, дәл қазір сатып алуға тырысады», дейді Расул Рысмамбетов.

Оның айтуынша, соңғы жылдары азаматтардың қаржылық сауаттылығы артқанымен, бұл бағытта әлі де шешімін күткен мәселелер жеткілікті.

«Азаматтардың көбі банктік өнімдердің негізгі түрлерін түсінеді. Алайда қарыз жүктемесін дұрыс есептеу, қаржылық қауіпсіздік қорын қалыптастыру және ұзақ мерзімді жоспарлау мәселелерінде білім деңгейі жеткіліксіз. Дегенмен оң өзгерістер бар және оны күнделікті байқап жүрміз», дейді сарапшы.

Несиені төлеуге шамаңыз жетпесе не істеу керек?

Қаржыгер қаржылық сауатсыздықтың несиеге тәуелділікке әсері бар екенін жоққа шығармайды. Бірақ мәселені тек осы фактормен түсіндіру дұрыс емес екенін алға тартады.

«Адам қаржы құралдарын қаншалықты аз түсінсе, оны тиімсіз шарттарға көндіру немесе алдау соншалықты оңай. Ақшаның құнын және шамадан тыс несие алудың салдарын түсінетін адам әдетте салмақты шешім қабылдайды. Бірақ қарызға тәуелділікке халық табысы, инфляция және елдегі экономикалық жағдай да ықпал етеді», дейді ол.

Расул Рысмамбетов Қазақстанда қаржылық жоспарлау мәдениеті әлі толық қалыптаспағанын атап өтті.

«Көптеген отбасы шығындарын бір ай көлемінде жоспарлайды. Бірақ бірнеше жылға арналған қаржылық жоспар құру тәжірибесі кең тарамаған. Ал дәл осындай ұзақ мерзімді жоспарлау артық қарыз жүктемесінен сақтап, жинақ жасауға мүмкіндік береді. Тіпті ипотека алған азаматтардың өзі көбіне екі-үш жылдан арғы кезеңді жоспарламайды», дейді қаржыгер.

Сарапшының айтуынша, қарыз алушылардың тағы бір жиі жіберетін қателігі – несие шарттарын толық түсінбеуі.

«Өкінішке қарай, көптеген азамат ай сайынғы төлем мөлшеріне ғана қарайды. Ал несиенің толық құны, тиімді сыйақы мөлшерлемесі, комиссиялар мен айыппұлдар көбіне назардан тыс қалады. Соның салдарынан адам өзіне түсетін нақты қаржылық жүктемені дұрыс бағаламайды», дейді ол.

Сондай-ақ азаматтардың көпшілігі жеке немесе отбасылық бюджетті тұрақты түрде жүргізбейді.

«Меніңше, отбасылардың жартысынан азы ғана нақты бюджет жүргізеді. Көпшілік табысы мен шығысының шамамен көлемін білгенімен, оны тұрақты түрде есепке алмайды. Ал кіріс пен шығысты қағазға жазып отырудың өзі қаржылық тәртіпті айтарлықтай жақсартады», дейді сарапшы.

Расул Рысмамбетов тұтынушылық несиелердің өсуіне табыс деңгейі де, тұтынушылық психология да әсер ететінін айтады.

«Табысы төмен отбасылар үшін несие көбіне тұрмыстық мәселелерді шешудің құралына айналады. Ал табысы жоғары адамдар үшін қажетті тауарды немесе қызметті тезірек алу ниеті басым болады. Сондықтан екі фактордың да ықпалы бар», дейді ол.

«Қазір сатып ал, кейін төле» қағидаты

Сарапшы қазіргі қоғамда кең таралған «қазір сатып ал, кейін төле» қағидатының да белгілі бір тәуекелдері бар екенін атап өтті.

«Бір жағынан бұл тауарлар мен қызметтердің қолжетімділігін арттырады. Бірақ екінші жағынан адамдарды болашақ табыс есебінен өмір сүруге үйретуі мүмкін. Егер қаржылық тәртіп әлсіз болса, бұл қарыз жүктемесінің артуына және отбасылық бюджеттің тұрақтылығының төмендеуіне алып келеді. Ал экономикалық күйзелістер кезінде мұндай отбасылар тәуекел тобына айналады», дейді қаржыгер.

Әлеуметтік желінің әсері: Жұрттан қалмау үрдісі де белең алды

Оның пікірінше, әлеуметтік желілердің де ықпалы өте жоғары.

«Instagram және басқа да әлеуметтік желілер белгілі бір өмір салтын көрсетіп, адамдарды бір-бірімен салыстыруға итермелейді. Соның салдарынан кей азаматтар сатып алу туралы шешімді эмоциямен қабылдайды. Несие қажетті өмір салтына тез жетудің құралына айналып барады. Бүгінде «жұрттан қалмау» қалыпты құбылыс ретінде қабылдана бастады», дейді Расул Рысмамбетов.

Несие төлемін кешіктіргенде нені білген жөн?

Сарапшы мәселені шешудің негізгі жолы қаржылық білім беруді күшейту деп санайды.

«Қаржылық сауаттылықты мектеп жасынан бастап оқыту қажет. Адамдарға бюджет жүргізуді, жинақ қалыптастыруды, несие мен инвестиция шарттарын түсінуді үйрету керек. Сонымен қатар цифрлық платформалар мен әлеуметтік желілерді қаржылық білім таратуға белсенді пайдалану маңызды», дейді ол.

Оның сөзінше, қазіргі мемлекеттік және банктік оқыту бағдарламаларының пайдасы бар болғанымен, олар әлі толық жүйелі сипатқа ие емес.

«Қаржылық білім беру – бір реттік акция емес, мектептен бастап зейнет жасына дейін жалғасатын тұрақты процесс болуы тиіс. Сонда ғана нақты нәтиже болады. Қаржылық білім адамдардың несие мен шығындарға жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді. Алайда несиеге тәуелділікті азайту үшін халық табысының өсуі және жинақ жасауға ынталандыратын тетіктердің қалыптасуы да қажет», дейді сарапшы.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:82
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Маусым 2026 17:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see157

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see143

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see142

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see141

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see141

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see139

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see135

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see129

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see125

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see125

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see117

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see117

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see116

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see116

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары