Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Халықтық Конституцияны қолдау коалициясы Ертіс өңірі тұрғындарымен кездесті

Халықтық Конституцияны қолдау коалициясы Ертіс өңірі тұрғындарымен кездесті

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті. Қоғам өкілдері, өндіріс саласының мамандары, жастар және аймақ белсенділері жаңа Конституцияның маңыздылығы туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Суреттерді түсірген: Талғат Таныбаев, Әли Ғалым

Жалпыұлттық референдум қарсаңында коалиция өңірлерде, оның ішінде ең шалғай елді мекендерде де 12 мың іс-шара өткізді. Бұл туралы коалиция мүшелері Павлодар облысының орталығындағы қалалық мәдениет сарайында өңірдің қоғамдық өкілдерімен өткен кездесуде айтты. Жиынға шамамен 900 адам жиналды.

Өңір тұрғындарымен әңгіме барысында Ерлан Қошанов жаңа Конституция жобасын Мемлекет басшысы ұсынғанын атап өтті. Парламенттік реформаны дайындау кезінде Конституциялық комиссияға қазақстандықтардан 10 мыңнан астам ұсыныс пен өтініш келіп түсті. Мәжіліс спикері Павлодар облысының ғалымдары, тұрғындары, сарапшылары мен қоғам өкілдері осы ірі тарихи кезеңнің белсенді қатысушыларының бірі болғанын атап өтті.

– Қоғамның талабын және заман тынысын терең түсіне отырып, Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда ұсынылған өзгерістердің ауқымы мен маңыздылығы жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар екенін атап өтті. Бұл Конституциялық комиссияның жұмысы барысында нақтыланды. Біз бәріміз Президенттің жобаны әзірлеу процесін өз бақылауында ұстап, комиссия басшыларын және мүшелерін үнемі қабылдап отырғанына куә болдық. Осы кездесулерде Президентіміз жаңа Конституцияның тұжырымдамалық идеяларына, негізгі қағидаттары мен іргелі құндылықтарына қатысты бағыт-бағдарды айқындап, олардың мәні мен мазмұнын белгіледі. Сондықтан Жалпыұлттық коалиция атынан біз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев біздің Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның жаңа халықтық Конституциясының бастамашысы әрі архитекторы болды деп нақты айта аламыз, – деді Ерлан Қошанов.

Ол жаңа Конституция саяси жүйе мен барлық қоғамдық институттарды жаңа жағдайда жаңғыртуға бағыт беретін маңызды құжат екенін атап өтті.

Астанада жаңа Конституция жобасы бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстары өтті

Кездесу қатысушылары жаңа Конституция жобасын осы уақыт ішінде қоғамда кеңінен талқыланудың арқасында терең түсінгендерін айтты. Бұл қағидаттар құжаттың кіріспе бөлімінен бастап-ақ айқын көрініс тапқан.

«Торайғыров университетінің» аға оқытушысы, саясаттанушы Борис Поломарчук жаңа Конституция Қазақстан халқының әртүрлілігін нағыз күшке айналдыратынын, ал ұлтаралық келісім – болашақ қауіпсіздігінің кепілі екенін атап өтті.

Университет доценті Айман Зейнулина жаңа Ата заң жобасында қай заманда да қазақ интеллигенциясының мұраты болған құндылықтар мен мән жиылып, тоғысқанын айтты. Бұл – әділет пен заңның үстемдігі, ғылым мен білімнің дамуына басымдық, адамға бағдарланған мемлекет және интеллектуалды, прогрессивті ұлт құру бағыты.

Вице-министр: Конституцияға енгізілетін өзгерістер азаматтардың іргелі құқықтарын нығайтуға бағытталған

Сөз сөйлегендер Конституция деңгейінде адамның абыройын, заң алдындағы теңдігін, шыққан тегі, ұлты, нанымы немесе діні бойынша кемсітушіліктің болмауын бекіту маңыздылығын, сондай-ақ елдің тағдыры бәрінің ортақ жауапкершілігі екенін көрсететін бірлік идеясына назар аударды.

Сонымен қатар павлодарлықтар жаңа Конституцияны қабылдаумен экология мәселелерін шешуге үлкен үміт артып отыр. Ата заң жобасында жоғары экологиялық мәдениет принципін және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ақпаратты жасыруға жауапкершілік енгізу азаматтардың жылдар бойғы өтініштеріне нақты жауап болды. Өнеркәсіптік аймақ тұрғындары бұл шараны табиғатты сақтау және халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған әділ қадам деп санайды.

Жаңа Ата заң жобасында бекітілген принциптердің тәжірибеде қалай іске асқаны туралы өңірлік «TURGYNDAR AMANATY» жобасының қатысушылары, яғни жергілікті тұрғындар өздері айтып берді. Жоба тұрғындардың үйлері мен аулаларындағы мәселелерді бірлесіп шешуге жағдай жасауға бағытталған.

Осы бастама аясында өңірлерде тұрғындар, Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ), ПИК, депутаттар және қалалық қызметтер арасындағы кешенді өзара әрекет моделі құрылды.

Мұндай жүйе тұрғындарға өз үйлерін басқаруға тікелей қатысуға және қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік алуға мүмкіндік береді. Тұрғындардың пікірінше, бұл тәсіл Мемлекет басшысының қоғамның ел басқаруына қатысуын кеңейтуді мақсат еткен реформаларымен үндеседі. Оның логикалық жалғасы – жаңа Конституция жобасы, яғни әр азамат адал еңбек етіп, өз тағдырын өздігінен қалыптастыра алатын тең мүмкіндіктер қоғамының құқықтық негізі.

Конституциялық реформа: Ел дамуының жаңа кезеңі

Жаңа Конституцияның қабылдануы аясында жастарға цифрлық ортада, білім, ғылым, мәдениет және саясат салаларында ашылатын жаңа мүмкіндіктер туралы Павлодар облысының креативті жастары өкілдерімен IT-колледжінде өткізілген ашық микрофон форматындағы кездесуде талқыланды.

Жастар Мемлекет басшысының жаңа Конституция жобасына енгізілген негізгі қағидалардың бірі – адам капиталының маңыздылығы екенін атап, осы стратегияны қолдайтынын және білімдері мен қабілеттерімен ел дамуына үлес қосуға дайын екенін білдірді. Студенттер ғылыми зерттеулер жүргізуге, инновацияларды енгізуге, заманауи білім беру бағдарламаларына қолжетімділікті кеңейтуге және адал еңбек етуге нақты мүмкіндіктердің жасалуы маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ олар осындай мүмкіндіктердің арқасында өз болашағына сеніммен қарап, өмірі мен кәсіби жолын туған елінде жоспарлай алатынын айтты.

Павлодар алюминий зауытының алаңында облыстың алюминий кластері мен энергетикалық кәсіпорындары өкілдерімен мазмұнды әңгіме өрбіді. Талқылау барысында Коалиция мүшелері павлодарлық өндіріс қызметкерлерінің назарын еңбек адамының мүддесін қорғауға аударды. Жобада жұмыс орындарының қауіпсіз жағдайлары, әділ әрі кемсітусіз еңбекақы төлеу, сондай-ақ заңға сәйкес әлеуметтік қорғау нормалары бекітілген. Мемлекет минималды әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз етуге және жұмыспен қамтуды қолдауға міндеттеме алады. Өндіріс саласының өкілдері атап өткендей, бұл ережелер ірі өндіріс орындары мен энергетикалық нысандар үшін қолданбалы мәнге ие, яғни олар өндірістік қауіпсіздік пен еңбек ұжымдарының тұрақтылығына тікелей байланысты.

Павлодар облысының тұрғындары 15 наурызда өз пікірлерін ашық білдіруге дайын.

Соңғы жаңалықтар

Жұмыс кабинетінен 15 мың доллар табылған: Петропавлда экс-судьяларға қатысты үкім шықты

Оқиға • Бүгін, 17:58

Үстірт қорығында сирек кездесетін жыртқыш аң көзге түсті

Табиғат • Бүгін, 17:55

Гүл мен сыйлық аларда абай болыңыз: Бас прокуратура мереке қарсаңында азаматтарға ескерту жасады

Қоғам • Бүгін, 17:50

Халықтық Конституцияны қолдау коалициясы Ертіс өңірі тұрғындарымен кездесті

Референдум • Бүгін, 17:45

Қостанайлық сарапшылар жаңа Конституция жобасын қолдады

Ата заң • Бүгін, 17:38

Мәулен Әшімбаев Иран халқына көңіл айтты

Әлем • Бүгін, 17:24

Әзербайжандағы дрондар шабуылынан екі адам зардап шекті

Әлем • Бүгін, 17:08

Премьер-министр Щучинск пен Семейдегі өрттен кейін қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

Үкімет • Бүгін, 16:50

Валюта бағамы өзгерді: Доллар күрт арзандады

Қаржы • Бүгін, 16:48

Вице-министр: Конституцияға енгізілетін өзгерістер азаматтардың іргелі құқықтарын нығайтуға бағытталған

Қоғам • Бүгін, 16:41

Иран президенті көрші елдерге үндеу жасады

Әлем • Бүгін, 16:39

Робот Темірбек пен барыс Әділет жастарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

Ата заң • Бүгін, 16:30

Таяу Шығыс елдерінен бүгінге дейін қанша азамат жеткізілді?

Оқиға • Бүгін, 16:12

Енді азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады

Инвестиция • Бүгін, 16:02

Ақмарал Әлназарова мереке қарсаңында медицина қызметкерлерін марапаттады

Медицина • Бүгін, 15:57

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:299
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Наурыз 2026 18:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары