Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Жалпыұлттық коалиция өкілдері Шымкент тұрғындарымен кездесті

Жалпыұлттық коалиция өкілдері Шымкент тұрғындарымен кездесті

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

«Әділетті және прогрессивті Қазақ­станның халық­тық Конс­титуциясы үшін» жалпыұлттық коа­лициясы мүшелері­нің өңірлерге сапар­лары жалғасып жа­тыр. Ерлан Қошанов бастаған делегация Шымкент қала­сының тұрғын­дары­мен бірқатар кездесу өткізді.

Ғалымдар, еңбек ұжым­дары, мәдениет, спорт және ком­муналдық сала өкілдері Ата заң жобасының негізгі ере­же­лерін және оның ел болашағы үшін маңы­зын талқы­лады. Басты назарда – адам, оның еңбегі, білімі және қауіпсіздігі.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті алаңында ғылыми қауымдастық­тың, оқытушылар мен студент­тердің қатысуымен кездесу өтті. Оған 300-ден аса адам жиналды. Іс-шарада Ерлан Қошанов универ­ситет ұлттың зияткерлік негізін қалыптастыратын маңыз­ды алаң екенін ерекше атап өтті.

«Біз биік мұратқа, ұлы мақ­сат­тарға бет алған ұлтпыз. Алдымызда ауқымды, іргелі істер күтіп тұр. Біз әділдік салтанат құрғанда ғана биік белесті бағындырамыз. Заң мен тәртіп үстемдік құрғанда ғана деге­німізге жетеміз. Жастары­мыз білім мен ғылымның, иннова­ция мен технологияның тілін толық игерсе ғана озық елге айна­ламыз. Оған мыңжылдық тарихымызбен, төл мәдениетіміз­бен жетеміз. Осының бәрі осы жаңа Конституцияда тайға таңба басқандай көрініс тауып отыр», деді Е.Қошанов.

Талқылау барысында Мәжі­ліс депутаты Екатерина Смолякова Ұлы даланың мың­жыл­­дық тарихына тән мәдени кодты сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Ал Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университеттер мен зерттеу ортасы үшін дамудың ұзақмерзімді қағидаттары айрықша маңызды екенін айтты. Оның айтуынша, мұндай қағидаттар мемлекеттік саясаттың басым­дықтарын айқындап, инсти­туционалдық автономия дең­гейін анықтауға және елдің бә­секеге қабілеттілігінің негізі ретінде ғылымның рөлін күшей­туге мүмкіндік береді.

Оңтүстік Қазақстан педагоги­калық университетінің проректоры Баршагүл Исабек кез келген қуатты мемлекеттің тағдыры оның заңдарымен, тарихи сабақ­тас­тығымен және халық рухымен айқындалатынын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституция преамбуласында Ұлы даланың мыңжылдық тарихын сақтау туралы айтылатын ережелер ата-бабалар аманатына адалдықты көр­сетеді және Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы» және Тәуке ханның «Жеті жар­ғысы­нан» бастау алатын дала демо­кра­тиясы дәстүрлерінің жалғасы.

Ал Мұхтар Әуезов атын­дағы уни­верситеттің саясаттану кафед­расының меңгерушісі Ардақ Монтаев халықара­лық тәжірибеге назар аударып, әлем­дегі 190 елдің шамамен 110-ын­да бір палаталы Парламент бар екенін атап өтті.

Одан кейін коалиция мү­шелері «Еңбекші» коммунал­дық кәсіпор­ны­ның қызметкерлерімен кез­десті. Санитарлық тазалық қыз­мет­керлері, жүргізушілер мен ком­муналдық шаруашылық мамандары тұрақты жұмыспен қам­тудың, еңбек қауіпсіздігінің және әлеуметтік қорғалудың маңызы туралы айтты.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС мұнай өңдеу зауы­тында заң мен тәртіп, әділдік пен жауапкершілік құнды­лықтары туралы айтылды. Кәсіпорын қыз­мет­керлері еңбек ету құқығын қор­ғау­ға, әділ еңбекақы мен қауіп­­сіз еңбек жағдайларын қамта­ма­сыз етуге бағытталған заңнама­лық норма­лардың маңы­зына тоқ­талды. Сондай-ақ эко­логиялық мәдениет пен қор­шаған ортаға ұқыпты қарау мәсе­лелеріне ерекше назар ауда­­­ры­л­ды. Бұл бағыттар мемле­кет­­тік сая­­саттың ұзақмерзімді басым­­дық­­тары болуға тиіс екені айтылды.

Кездесулер одан әрі жалғасын тауып, Шымкент жастар театры алаңында мәдениет саласының өкілдерімен жүздесті. Әртістер мен шығармашылық мамандық иелері мәдениет, білім мен рухани құндылықтар ұлттық біре­гейлікті сақтаудың және отан­сүй­гіштікті тәрбиелеудің берік негізін қалыптастыратынын атап өтті.

Осы күні Коалиция мүшелері спорт­шылармен, жаттықтыру­шылар­­мен де кездесті. Спорт қауым­­дас­­тығының өкілдері әділдік, адал бәсеке, тәртіп пен жауап­кер­­ші­лік құн­дылықтары спорт­тың да, қуатты мемлекеттің де негізін­де жат­қанына тоқталды. Жаттық­­ты­ру­шылар түсіндіру жұмыс­ына белсенді қатысуға және жастар­дың заңға, еңбекке әрі азаматтық жауап­кершілікке деген құрметін қалып­тастыруға дайын екенін жеткізді.

Кездесулерге қатысқан Шымкент тұрғындары 15 наурыз күні жаңа Конститу­ция жобасы бойынша өтетін референдум­ға қатысуға дайын екендерін білдірді. 

Соңғы жаңалықтар

Әңгіме арқауы – руханият мәселесі

Қоғам • Бүгін, 08:05

Жақсының жары

Тұлға • Бүгін, 08:00

Шеңгелді ауылында мал сою пункті іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 00:40

Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді сәтті бастады

Теннис • Кеше

Ұлттық банк 2 жаңа коллекциялық монетаны сатылымға шығарады

Банк • Кеше

Астанадағы жылы аялдамалар «Сергек» жүйесіне қосылды

Елорда • Кеше

Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Кеше

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы референдумға тәуелсіз байқаушылар ретінде қатысады

Референдум • Кеше

Қызылорда облысында жаңа Конституция жобасын қолдау бойынша үгіт-насихат жұмыстары өтті

Ата заң • Кеше

Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Ракпаров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады

Олимпиада • Кеше

Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгіледі

Қоғам • Кеше

Шымкент қаласының тұрғындары Әділетті Қазақстан бағытына қолдау білдірді

Ата заң • Кеше

Ақпанда туған айтыс жанашыры

Қоғам • Кеше

Отандық көліктердің бағасы төмендей ме?

Қоғам • Кеше

Маңғыстауда алғашқы инновациялық логопедия және цифрлық білім кабинеттері ашылды

Аймақтар • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Ақпан 2026 08:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары