Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарих жаңартты

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді

Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ақмола облысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері жергілікті халықпен, жастармен, спортшылармен, еңбек ұжымдарымен және туристік сала өкілдерімен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Сапар өңір халқымен, этномәдени бірлестіктермен кездесуден басталды. Көкшетаудағы «Болашақ сарайында» 400-ге жуық адам – зиялы қауым, шағын және орта бизнес өкілдері, ақсақалдар, мәслихат депутаттары, денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері, басқа да белсенді азаматтар жиналды.

Алқалы жиында сөз сөйлеген Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов еліміздегі қоғамдық диалогты жаңа деңгейге көтеретін түбегейлі жаңа орган – Халық кеңесінің құрылуына ерекше назар аударды.

«Жаңа Конституция арқылы Халық кеңесі институты құрылады. Ол Қазақстан халқының ортақ мүддесін білдіретін ең жоғары консультативтік орган болады. Ассамблеяның барлық инфрақұрылымы мен бірегей тәжірибесі сақталып, өз жұмысын жалғастырады. Халық кеңесі өңірлерді, азаматтық қоғамды және этномәдени бірлестіктерді біріктіреді. Яғни, халықтың көпэтникалық үні айқындала түседі деген сөз. Осылайша, Ассамблеяның ұзақ жылдар бойы жиған тәжірибесін пайдаланып, өз бетінше заңнамалық күн тәртібін қалыптастыратын біртұтас құрылым қалыптасады», деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев жаңа Конституцияны қабылдаудың тарихи мәнге ие екенін, әлемдік ахуал құбылып тұрған уақытта мемлекетіміз табиғи даму кезеңіне аяқ басқанын айтты. Депутаттың пікірінше, жаһандық өзгерістерге орай, еліміздің орнықтылығын, Тәуелсіздігіміздің тұрақтылығын және алдағы ондаған жылдар бойы біртіндеп дамуды қамтамасыз ететін берік әрі заманауи құқықтық іргетас қажет.

Жергілікті жұртшылық өкілдері алдағы референдум қоғамды Мемлекет басшысының стратегиялық мақсаттарына біріктіретініне назар аударды. Облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Умар Шоназаров әр азамат үшін Конституцияның маңыздылығын төлқұжатпен салыстыруға болатынын айтты. Егер төлқұжатта адамның жеке деректері көрсетілсе, Конституцияда бүкіл халықтың тағдыры мен болашағы қамтылған.

Коалиция мүшелерінің өңірдегі волонтерлік бірлестіктермен кездесуі де мазмұнды өтті. А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде өткен жиын облыстық волонтерлер форумының ашылуымен тұспа-тұс келді. Форумға 500-ге жуық адам қатысты.

Кездесуде Мәжіліс депутаты, республикалық волонтерлік қозғалыстың жетекшілерінің бірі Вера Ким жаңа Конституция жобасында волонтерлік қызметтің маңыздылығына мән берілгеніне тоқталып, жұртшылықты құттықтады. Депутат атап өткендей, осы арқылы Ата заң жобасында мықты мемлекет тек билік институттары ғана емес, сонымен қатар бір-біріне қолдау көрсетуге дайын адамдарға да арқа сүйейтіні туралы қарапайым, бірақ аса маңызды идея айқын көрініс тауып отыр.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев жаңа Ата заңда адами капиталдың дамуы елдің стратегиялық даму бағыттарының бірі ретінде танылатынын атап өтті. Бұл мемлекет білімге, ғылымға және жас ұрпақтың мүмкіндіктеріне сенім артып отырғанын көрсетеді.

«Eurasia Group Kazakhstan» кәсіпорны алаңындағы ашық диалог барысында Қоғамдық коалиция мүшелері фермерлердің барлық сұрақтарына жауап берді. Өз кезегінде аграрлық сектор өкілдері жаңа Конституция жобасында еңбексүйгіштік, прогресс пен білім мемлекеттің іргелі қағидалары ретінде бекітілгеніне оң пікір білдірді.

Жаңа Конституция жобасындағы еңбек адамының мәртебесі «ENKI» ЖШС керамикалық кірпіш зауытының еңбек ұжымымен кездесуде талқыланды.

Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров Конституцияның жаңа редакциясында қауіпсіз еңбек жағдайлары, лайықты сыйақы төлеу және әлеуметтік қорғау құқығы заңдық негізде бекітілетініне назар аударды.

Одан әрі Жалпыұлттық коалиция мүшелерінің Ақмола облысының спорт саласының өкілдерімен кездесуі Зеренді ауданының мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде өтті. Бұл спорт мектебі заңсыз алынған активтерді қайтарудан түскен қаражат есебінен бой көтергенін айта кеткен жөн.

Бапкерлермен, спортшылармен және секция басшыларымен әңгіме барысында коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасында әділеттілік ұғымы алғаш рет мемлекет пен биліктің жаңарған моделінің қағидаларының бірі ретінде бекітілгенін атап өтті. Кездесуде жергілікті спортшылар барлығына тең мүмкіндіктер туғызу, әсіресе, өңірлерден шыққан талантты жастардың дамуы үшін маңызды мүмкіндік екеніне назар аударды.

Ақмола облысының туризм және қолөнер саласы өкілдерімен кездесуде Ата  заң деңгейінде табиғатқа қамқорлық, ұлттық мәдениетті қолдау және шығармашылық еркіндіктің ерекше маңызы сөз болды.

Өз кезегінде туризм саласының өкілдері жаңа Конституция жобасында азаматтар мен мемлекеттің міндеттері арасындағы теңгерім қамтылғанына назар аударды. Олар атап өткендей, әрбір қазақстандықтың дербес жауапкершілігі арқылы еліміздің қайталанбас бай мұрасын болашақ ұрпаққа аман жеткізе аламыз. 

Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады

Кездесулерге қатысушылардың барлығы 15 наурыздағы референдумға қатысып, жаңа Конституцияны қабылдауға дауыс беруге ниетті екенін білдірді.

Сарапшылар Конституция жобасын түсіндірді

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер

Қысқы спорт • Бүгін, 17:56

Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды

Теннис • Бүгін, 17:49

Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады

Ата заң • Бүгін, 17:48

Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады

Футбол • Бүгін, 17:39

Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?

Экономика • Бүгін, 17:31

2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?

Экономика • Бүгін, 17:25

Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Президент • Бүгін, 17:14

Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті

Ата заң • Бүгін, 17:11

Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды

Аймақтар • Бүгін, 17:10

Сарапшылар Конституция жобасын түсіндірді

Ата заң • Бүгін, 17:05

Референдум және жаңа Конституция: Халық көп жиналатын орындарда ақпараттық жұмыс жанданды

Ата заң • Бүгін, 17:01

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?

Қоғам • Бүгін, 16:55

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?

Қоғам • Бүгін, 16:52

Атырауда үшем дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 16:42

Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті

Аймақтар • Бүгін, 16:30

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Ақпан 2026 18:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

22 Тамыз 2026 11:14see119

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

23 Тамыз 2026 15:55see117

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

22 Тамыз 2026 17:54see116

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

22 Тамыз 2026 09:51see116

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

23 Тамыз 2026 15:35see115

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

22 Тамыз 2026 17:52see114

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

23 Тамыз 2026 13:26see114

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 08:31see113

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

22 Тамыз 2026 17:55see113

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

22 Тамыз 2026 12:23see113

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

23 Тамыз 2026 09:43see113

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

23 Тамыз 2026 15:35see113

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарих жаңартты

22 Тамыз 2026 09:33see112

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

22 Тамыз 2026 15:09see112

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

23 Тамыз 2026 13:47see112

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

23 Тамыз 2026 19:07see112

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

22 Тамыз 2026 11:03see111

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

22 Тамыз 2026 10:48see111

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

23 Тамыз 2026 13:26see111

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

23 Тамыз 2026 13:13see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары