Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Коалиция өкілдері Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті

Коалиция өкілдері Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық Коалициясы Жамбыл облысына келді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Өңірде Коалиция мүшелері жұртшылықпен, жастармен, еңбек ұжымдарымен және шағын бизнес өкілдерімен әңгімелесті. Кездесуге қатысушылар жаңа Конституция мемлекеттің ұзақ мерзімге негізделген ұлттық мүддесіне толық сай келетінін атап өтті.

«Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде өткен жұртшылықпен кездесуге облыстың шамамен 500 тұрғыны – зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, медицина қызметкерлері, педагогтар және өзге де азаматтар қатысты.

Өз кезегінде Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент қызметіне кіріскен сәтінен бастап жаңа Конституцияның негізі қалана бастағанын, ал құжаттың өзі ауқымды қоғамдық диалогтың нәтижесіне айналғанын атап өтті.

«Референдум ұлтымыздың бірлігін, тұтастығын айшықтайды. Бұл Президенттің халқына арқа сүйейтінін, ал халық Президентке сенетінін көрсетеді. Ел дамуында референдум шешуші рөл атқарған мұндай мысалдар әлемде де жеткілікті. Мәселен, XIX ғасырдағы Швейцариядағы Конституция жөніндегі референдум, Франциядағы Бесінші республика құру бойынша өткен референдум дүние жүзі тарихында қалды. Алдағы біздің референдум да ел тарихында алтын әріппен жазылатын тарихи оқиғаға айналады деп санаймын. Сондықтан таңдау да, соңғы шешім де өздеріңізде», деді ол.

Мәжіліс Спикері облыс тұрғындарының белсенді азаматтық ұстанымын, Мемлекет басшысының реформалары мен саясатына жүйелі түрде қолдау көрсетіп келе жатқанын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасынан әрбір азамат өзін толғандырған сұрақтарға жауап таба алады. Оның негізінде «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағидат берік орнықты.

Жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық филиалы құрылды: 1 000 іс-шара өткізіледі

Кездесуге қатысушылар әрбір қазақстандық азаматқа жақын Әділетті Қазақстан, Заң мен Тәртіп, Адал азамат, Таза Қазақстан сынды қастерлі құндылықтарға назар аударды. Ал Президенттің іс жүзінде жүзеге асырылып жатқан «халықпен бірге» қағидаты ел азаматтарының мемлекет болашағын айқындау ісіндегі өз рөлін терең сезінуіне мүмкіндік берді.

Кездесу барысында Коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасындағы негізгі новеллалар туралы баяндады.

Қарағанды облысында өңірлік коалиция құрылды

Өз сөзінде Мәжіліс депутаты Айдос Сарым әлемде күрделі геосаяси өзгерістер жүріп жатқанын, бұрынғы халықаралық тәртіп біртіндеп өз маңызын жоғалтып, мемлекеттер жаңа жағдайға бейімделуге мәжбүр болып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, дәл осы тұста мемлекеттің ішкі тұрақтылығын алдын ала нығайтып, жүйелі реформалар арқылы орнықты дамуды қамтамасыз ету аса маңызды.

Тараз қаласында студент жастармен де кездесу өтті. Оған 500-ден астам адам – жастар ұйымдарының көшбасшылары, белсенділер және студенттік өзін-өзі басқару өкілдері қатысты.

«Қазфосфат» ЖШС-ның өндіріс алаңында Коалиция мүшелері кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті.

Аса ауылында «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысушылармен – шағын және микробизнес өкілдерімен, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен және ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Мәжіліс депутаты әрі жоба жетекшісі Дәулет Мұқаев бұл бастаманың жүйелі жүзеге асуы білім беру және қолдау көрсету қадамдары адамдардың өз өмірін өз бетінше өзгертуіне нақты мүмкіндік беретінін айқын көрсеткенін атап өтті.

Шымкентте Конституциялық референдумды қолдау коалициясы іске кірісті

Осы күні Super-pharm фармацевтикалық зауытының ұжымымен кездесу өтіп, оның қызметкерлері алдағы референдум аса маңызды екенін мәлімдеді.

Кездесулер қорытындысы бойынша Жамбыл облысының тұрғындары Қуатты, Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстан құру ісіне үлес қосуға дайын екендерін жеткізді.

Еске сала кетейік, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық Коалициясы биыл 13 ақпанда құрылды. Оның құрамына 5 саяси партия мен шамамен 300 қоғамдық ұйым кірді. Олар 5 миллионға жуық қазақстандық азаматты біріктіруде.

Соңғы жаңалықтар

Ассамблея жастары: Жаңа Конституция – болашақ ұрпақтың сенімді және тұрақты дамуының негізі

Ата заң • Бүгін, 21:03

Коалиция өкілдері Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті

Ата заң • Бүгін, 20:50

Үкіметте қаржы секторына салық салу мәселелері қаралды

Салық • Бүгін, 20:29

Сарапшылар жаңа Конституциядағы отбасы мен неке нормаларын талқылады

Ата заң • Бүгін, 19:37

«Ауыл» партиясы Абай облыстық филиалы алдағы референдумды қолдайтынын білдірді

Референдум • Бүгін, 19:16

Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

Ауа райы • Бүгін, 18:43

Қарағанды облысының сарапшылары мен жастар көшбасшылары жаңа Конституцияны қабылдауды қолдады

Ата заң • Бүгін, 18:20

Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент • Бүгін, 18:15

Халықаралық қауымдастық Конституциялық реформаның ашықтығын бағалады

Референдум • Бүгін, 17:56

Теңге неліктен нарықтағы бағаға әсер ете алмай отыр?

Қаржы • Бүгін, 17:50

Жапонияның Ұлттық күніне орай Астанада жапон салты орындалды

Мереке • Бүгін, 17:34

Президент UAE SWAT Challenge-2026 жарысының жеңімпаздарын марапаттады

Президент • Бүгін, 17:31

Әуе билетіндегі қате жазылған деректер қандай жағдайда тегін түзетіледі?

Қоғам • Бүгін, 17:21

Таза пайда 7%-ға өсті: Өсім бойынша қай банк көш бастап тұр?

Экономика • Бүгін, 17:12

Ақтөбе облысында жолды күтіп-ұстамаған 66 шенеунік жауапкершілікке тартылды

Аймақтар • Бүгін, 17:06

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:232
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Ақпан 2026 21:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары