Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Күшті Конституция күшті мемлекет : Атырау облысының әкімі аймақ жұртшылығымен кездесті

Күшті Конституция күшті мемлекет : Атырау облысының әкімі аймақ жұртшылығымен кездесті

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Аймақ басшысы кіріспе сөзінде Қазақстан өзінің даму жолында бетбұрысты кезеңді бастан өткеріп жатқанын атап айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Оның құрамына заңгерлік қауымдастықтың белді өкілдері, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері енді. Комиссияға азаматтардан цифрлық платформалар арқылы 10 мыңнан астам ұсыныс келіп түсіп, 12 отырыс өткізілген.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұсыныстар мен бастамаларды жан-жақты зерделеген комиссия мүшелері ортақ қорытындыға келді: жеке дара түзетулер жеткіліксіз, елге жаңа Конституция қажет. 2026 жылғы қаңтарда қалың жұртшылыққа құжаттың алғашқы жобасы таныстырылды. Оған Президенттің "Адал азамат", "Заң мен тәртіп" және "Таза Қазақстан" бастамалары негіз болды.

Жиын барысында спикерлер сөз сөйлеп, әрқайсысы реформаны өзінің кәсіби және өмірлік тәжірибесіне сүйене саралады.

Барлық баяндаманың ортақ түйіні — адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін қызмет етуі тиіс. Бұл — жаңа Ата заң жобасын айқындайтын басты қағида. Спикерлер басты құжаттың маңызды жаңалықтарына тоқталды.

Жаңа Конституцияның преамбуласында алғаш рет жоғары құқықтық деңгейде Ұлы даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығы, тарихи-мәдени мұраны сақтау міндеті шегеленіп, аға буынның ел болашағын қалыптастырудағы ерекше рөлі мойындалады.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жеке адамның қауіпсіздігі ұғымы айтарлықтай кеңейеді: мемлекет азаматтарды цифрлық кеңістікте қорғау жауапкершілігін өз мойнына алады. Бұл жеке деректердің құпиялылығын сақтау мәселесін қамтиды және жаппай цифрландыру дәуірінің сын-қатерлеріне жауап болып саналады.

Заң үстемдігі, әділеттілік және табиғатты қорғау қағидаттары Конституциялық деңгейде бекітіледі.

Іс-шараға түрлі салада қызмет ететін 100-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында облыс әкімдігі басшылығы мен әкім орынбасарлары, қала және аудандық мәслихат төрағалары, облыстық және аудандық ардагерлер кеңестерінің өкілдері, қоғамдық кеңес төрағалары, университеттердің профессорлық-оқытушылық құрамы, мәдениет және театр қайраткерлері, облыстық басқарма басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, жоғары оқу орындарының ректорлары, діни конфессия өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары саласының ардагерлері бар.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Ата заңға экологиялық қауіпсіздік, табиғи ресурстарды қорғау, табиғатты аялау туралы нормалардың енгізілуі Атырау облысы тұрғындары үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі Серік Шәпкенов жаңа Конституцияны қабылдау уақыт талабы екенін айтты. Ал 15 наурызда өтетін референдум әрбір азаматтың мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастыруға қатысуына мүмкіндік береді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Наурыз 2026 19:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары