Игорь Черевченко Ақтөбенің бас бапкері атанды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Игорь Черевченко Тәжікстанда дүниеге келген. Кәсіби футболдағы еңбек жолын жергілікті «Памир» клубында бастаған. Кейін Ресейге қоныс аударып, Мәскеудің «Локомотив», «Торпедо» және Владикавказдың «Алания» клубтарының намысын қорғады.
Бапкерлік қызметінде алғашқы ірі жетістігіне Мәскеудің «Локомотив» клубында қол жеткізді. Ол 2015 жылы команданы Ресей Кубогының жеңімпазы атандырды.
Бұдан бөлек, Черевченко Ресейдің «Балтика» (Калининград), «Арсенал» (Тула), «Химки» (Мәскеу облысы) және «Факел» (Воронеж) клубтарын жаттықтырды. Сондай-ақ Тәжікстанның «Истиклол» (Душанбе) командасын үш жыл қатарынан ел чемпионы атандырып, ел Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. Оның жетекшілігімен команда Азия чемпиондар лигасына жолдама алды.
Еске салайық, бұған дейін «Ақтөбе» клубы 2026 жылдың сәуір айынан бері команданы жаттықтырған Штефан Тарковичпен келісімшарттың бұзылғанын ресми түрде хабарлаған болатын.
Тарковичтің қызметінен кететіні шілде айының ортасында белгілі болғанымен, келісімшартта қарастырылған өтемақыға байланысты тараптар оны бірден тоқтата алмаған.
Данияр Сахи бастаған футбол қазылары «Партизан» – «УНА» ойынына төрелік етеді
Таркович пен Черевченконың арасындағы өтпелі кезеңде бас бапкердің міндетін Ернар Жалбыров атқарды. Оның жетекшілігімен «Ақтөбе» екі матч өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:36
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Шілде 2026 22:33 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















