Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Индербор қоқыс ортасында қалды​ 2

Индербор қоқыс ортасында қалды​ 2

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Индербор кенті тұрғындарын аудан іргесінде орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған қоқыс алаңы алаңдатуда. Жуырда жергілікті тұрғындар ауданға іссапармен келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғановқа да осы мәселені шешу үшін көмек сұраған болатын. Болашақта қоқыс алаңын көшіру керек пе, жоқ па?

Қоқыс алаңы (полигон) кенттің шығыс бөлігінде орналасқан. Жалпы аумағы 16 гектарды алып жатыр, қоршалған. Жобалық сиымдылығы 128000 тоннаның шамасындай, оның 25 пайызы ғана игерілген, қалған 75 пайызын игеру мүмкіндігі бар деп есептелуде. Соңғы жылдары нысанға 95,6 млн теңге инвестиция салынған. 

Қоқыс алаңы сенімгерлік басқаруға берілмеген, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру құжаттары алынбаған.


Аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Шапағат Ғаббасовтың айтуынша, қоқыс алаңы қызметтік тұрғын үйлерден 1176 метр, кенттің «Барлаушы» ықшам ауданынан 1257 метр жерде орналасқан, қауіптілік сыныбы - 2 сынып. Жалпы айтқанда аудан әкімдігінің берген жауабы бойынша қоқыс алаңының халыққа тигізіп отырған зияны жоқ дейді. Шындығында қалай, тұрғындар неге дабыл қағуда?

Қоқысқа қарсы тұрған үйлер

«Қоқыс алаңы кентке жақын 800-900 метр шамасындай жерде орналасқан, бірақ әкімдік 1 км 200 метр жерде дейді. Жолмен емес, үйдің шетінен есептелмей ме, сондықтан бұл қате ақпар. Ал қоқыс алаңына жеткенше түрлі қоқыстар төгілген жағымсыз иістер шығып жатады. Бұл кент тұрғындары үшін қолайлы болмай тұр. Күн жылына қоқыстарды өртегенде, кім өртейтінін білмеймін, түтін иісінен тұншығып, тереземізді аша алмаймыз, еркін демалу мүмкін емес. Әсіресе, Барлаушы, Шығыс, Болашақ ықшам аудан тұрғындары бастан кешуде. Бұл мәселе туралы талай рет дабыл қақтық, облыс әкімі де біледі. Күні кеше келген депутат Тұрғановқа да айттық. Шарасын аламыз дейді, бірақ орындамайды. Халық осыған ашынады»,-дейді тұрғын Муса Күсепов.

Кент әкімі Шалқар Алмурзиев қоқысты кейбір тұрғындар төгіп кететінін, оны жыл сайын тазартып отыратынын жеткізді. 

Алайда, тазалау жұмыстарына қарамастан, жергілікті тұрғындар мәселе тек бейберекет қоқыс үйінділерімен шектелмейтінін айтады. Олардың сөзінше, полигон ресми құжаттарда көрсетілгеннен әлдеқайда жақын жерде, тұрғын үйлерге тым жақын орналасқан.

Төбе басындағы "сақалды құрылыс"

2023 жылы Индерборда ангар типтес сұрыптау кешені құрылысы басталып, тұралап тұрып қалды. Ол қалқиып төбе басында «сақалды» құрылыстың кебін киіп тұр. Сұрыптау кешені кенттен шамамен 400-500 метр жерде орналасқан. Қоқысты нақты сұрыптау жүргізілмегендіктен, полигонға түсетін жүктемені де азайтып отырған жоқ.

Аудандық әкімдікте хабарлағандай, қазір нысанға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды (электр, газ, су желілері) жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Қорытынды құжаттар дайын болғаннан кейін бюджеттен қаржы сұратылып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі. 

Аудан билігі қоқыс полигонының орнын ауыстыру алдағы уақыттағы жоспарға енгізілмегенін мәлімдеді. Себебі, полигон қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес белгіленген санитариялық-қорғаныш қашықтығын сақтап тұр. Әкімдіктің бағалауынша, көшіру үшін 2 млрд теңге қажет, ары қарай көшіруге жер де жоқ. Өйткені Батыс Қазақстан облысының аумағы орналасқан.     

Ал аудандағы Жарсуат пен Құрылыс ауылдарындағы тұрмыстық қалдықтар полигоны тұрғын үйлерден 1 км жерде орналасқан. 2024 жылы су тасқыны кезінде бұл полигондар су астында қалған. Енді оны көшіру үшін елді мекендерден әрі қарай жер бөлінген. Қоршау жұмыстарын жүргізу үшін жобалау сметалық құжаттамасы дайындалуда екен.

Сонымен кенттегі тұрмыстық қалдықтар полигоны әзірге көшірілмейтін болды, бірақ жаз шыға көк түтіннің ортасында көміліп тұншығып отыратын халықтың жайын кім ойлайды...

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер мен видеоны түсірген автор

Бүгін, 13:10

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қаңтар 2026 14:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары