Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Инфляция ішкі туризмге жақсы әсер етіп жатыр сарапшы

Инфляция ішкі туризмге жақсы әсер етіп жатыр сарапшы

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Кәрі құда – қыс та келіп қалды. Бұл маусымның да өз қызығы жетерлік. Енді қысқы туризмнің нағыз қайнайтын шағы басталды. Мұндайда жұртшылық арзан әрі жайлы демалыс орындарын іздейді.

Кейінгі жылдары ел аумағында экотуризм мәдениеті дамыды. Ел жұрт табиғат аясында тынығуға құштар. Биыл алғашқы алты айда ел ішінде 3 млн 900 мыңнан астам азамат саяхаттады. Бұл былтырғымен салыстырғанда 500 мыңға көп. Ал қысқы демалысты қызықты өткізу үшін қайда бару керек?

Жыл сайын елдегі ірі демалыс орындары мыңдаған турист қабылдайды. Былтыр Шымбұлаққа 1,5 млн адам келген. Ойқарағайды 380 мыңға жуық саяхатшы көрсе, шығыстағы Алтай Альпілері тау-шаңғы кешеніне шамамен 66 мың азамат ат басын бұрған. Бүгінде 17 тау-шаңғы курорты бар. Қазір оның 15-і жұмыс істеп тұр.

«Ішкі туризмнің дамуына инфляцияның да ықпалы бар», – дейді сарапшылар. Мәселен, әйгілі Альпі баурайындағы Швейцария, Франция, Австриядағы демалыс құнын қымбатсынған шетелдіктер ел ішіндегі туристік нысандарға ағылады. Ал қар жауса, шекара асып, сыртқа аттанатын отандастарымыз да кейінгі кезде өзіміздегі қалың қарлы курорттарды таңдайтын болған.

Жансая Меңлібаева, сарапшы:

- Позитивті тұрғыда инфляция біздің ішкі туризмге жақсы әсер етіп жатыр деп айтқым келеді. Өйткені сыртқы туризмда бағаның өсуіне байланысты көп адам ішкі туризмға артып жатыр. Ішкі туризм ондай қатты қымбат емес, қолжетімді және бізде таңдау бар. Әр кезеңде адам қай демалысты қалайды, соған барып демалады.

Отандық туристік орталықтарға деген қызығушылықтың артқанын саладағы кәсіпкерлердің табысынан байқауға болады. Олар жыл басынан бері  көрсетілген қызмет үшін 151 млрд теңге пайда тапқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 млрд-қа көп. Ал, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі қаңтар-қазан аралығындағы есеп бойынша 923 млрд теңге. Бұдан бөлек туристік әлеуеті жоғары аумақтарда нысан салған іскерлерге инвестициялық жеңілдіктер қарастырылған.

Нұртас Кәріпбаев, ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы:

- Мемлекет қолдауы бар. Егер кәсіпкер қонақүй салса, оған мемлекет 10% шығынын қайтарып береді. Жол бойындағы қызмет көрсету объектілері деп атаймыз. Егер кәсіпкер салатын болса, оған да мемлекет 10% қайтарып береді. Тау-шаңғы курорттарына құрал-жабдықтар сатып алса, мемлекет оған 24% қайтарып береді. Сырттан келген шетелдік турист үшін туроператорларға мемлекет 15 мың теңгеден қаражат береді.

Туризм және спорт министрлігі отандық және шетелдік қонақтарға қысқы демалысқа арналған үздік 7 бағытты ұсынады. Оның екеуі Шығыс Қазақстанда орналасқан. Бірі Риддердегі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы, екіншісі Катонқарағай ұлттық паркі. Одан бөлек бұл тізімде Алматының тау-шаңғы және қысқы спорт орталығы, Шымбұлақ, Бурабай, Шалқар-Имантау курорттық аумағы мен Жоңғар Алатауы бар. 

Алайда негізгі туристік орталықтардан бөлек, елдің өзге өңірлерінде де қысқы туризмді дамыту керек. Бұл туристік ағынды теңдей бөліп, ірі кешендерге түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. «Елдің әр өңірінде қызықты демалыс нысандары көп, оларды дамытса, туристерге жаңа бағыттар ашылар еді», – дейді сарапшы.

Жансая Меңлібаева, сарапшы:

- Оңтүстік Қазақстан өңірінде тау шаңғысымен айналысатын жерлер бар. Төлеби ауданы, Қасқасу. Біз ауыртпашылық түсіп жатқан Шымбұлаққа ғана емес, адамдарды басқа бағыттар бойынша да демалысқа жібере аламыз. Мысалы, Кеген ауданында үлкен айсберг ретінде мүсін пайда болады. Сол жерге адамдар барып демалғысы келеді. Ол жақта да таулы жерлер бар. Біз қысқы туризмді белсенді спорт түрлерімен ғана айтып кетеміз. Бірақ қысқы туризмге, одан бөлек, сақ моншаларын да кіргізуге болады, Шонжыдағы ыстық қайнар көздерін де кіргізуге болады.

Биыл алғашқы жартыжылдықта 7,5 миллион шетелдік туристік мақсатта келген. Өйткені еліміздің тау-тасы, сай-саласы, ойпаң-шоқысы қолмен ойып салғандай әдемі. Әсіресе Алматы – асқар таулы, бақша-баулы мекен. Қысқы демалысты қызықты өткізуге қолайлы тағы бір жер – Іле-Алатау ұлттық паркі. Табыстың көзі табан астында. Тек инфрақұрылымды жетілдіріп, турист тартудың көзін табу маңызды.

Авторлары: Дильназ Тұрғазыева, Руслан Алиев, Әлібек Әлиев

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:210
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Желтоқсан 2025 09:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see131

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see122

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары