Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

Мұнай өндірісі қалпына келіп, машина жасау 22% ға өсті

Инфляцияны тежеу тетіктері

Инфляцияны тежеу тетіктері

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

2025 жыл еліміздің қаржы саласында күрделі, бірақ маңызды кезең ретінде есте қалды. Жыл бойы қаржы жүйесі түрлі сыннан өтті. Инфляция күшейді, ақша несие саясаты қатаңдады, теңге бағамы құбылды. Соған қарамастан, қаржы саласында тәртіп орнатуға, тәуекелдерді бақылауға әрі ұзақмерзімді тұрақтылыққа бағытталған қадамдар жасалды.

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Жағымды жаңалық көп

Ұлттық банктің ресми дере­гін­ше, жыл басында инфляция 8,9 пайыз деңгейінде болды. Жыл соңына қарай ол 12,4 пайызға дейін өсті. Қымбатшылық халық­қа оңай тимегені анық. Осы жағ­дайда бас банк инфляцияны тежеуді басты міндет етіп қойды. Базалық мөлшерлеме кезең-кезеңімен көтеріліп, қазан айын­да 18 пайыз деңгейіне жетті. Бұл шешім нарық үшін тосын көрінгенімен, бағаның бақы­лау­дан шығып кетпеуі үшін қажет еді.

«Инфляциямен күресу үшін ақша несие саясатын уақытша қатаңдатуға тура келді. Бұл шешім ұзақ мерзімде қаржыны тұрақты ұстап тұруға бағытталған», деген ұс­таным бас банктің негізгі бағы­ты­на айналды.

Әрине, жоғары мөлшерлеме кредит­тердің қымбаттауына әкелді. Бірақ бұл кезең қаржы нарығында тәртіп орнатып, артық тәуекелді азайтуға мүмкіндік берді. Биыл теңге бағамы да бірнеше сынақтан өтті. Көктемде доллар 497 теңге шамасында сау­даланса, жаз айларында 550 теңгеге дейін көтерілді. Бұл нарықтағы өтімділіктің төмен­деуі мен алыпсатарлық бел­сен­­ділікке байланысты болды. Осын­дай жағдайда Ұлттық банк валюта нарығына араласып, 125 млн доллар көлемінде интервенция жүр­гіз­ді. Мұндай қадам нарықтағы дүр­белеңді басуға ықпал етті. Жаз бен күздегі құбылмалы кезеңнен ке­йін жел­тоқсан айында доллар баға­мы қайтадан 500 теңге дең­гейі­не түсті.

2025 жылдың бір жағымды жаңалығы қаржы саласының цифр­­лануы болды. Елде цифрлық тең­ге айналымға енді. Шілде айы­на қарай 257,5 млрд цифрлық теңге шығарылды. Ол 100 ірі инфра­­құрылымдық жобада пай­да­ланылды. Цифрлық теңге бюд­жет қаражатының мақсатты жұм­салуын бақылауды күшейтіп, қаржы ашықтығын арттырды. Сонымен қатар қосылған құн салығын қайтару мерзімі 75 күннен 5 күнге дейін қысқарды. Бұл бизнес үшін маңызды қолдау болды. Алдағы уақытта цифрлық теңге республикалық және жер­гілікті бюджеттерде, сондай-ақ мемлекеттік холдингтердің қар­жысын басқаруда кеңінен қол­да­ныл­мақ. Премьер-министр Олжас Бектенов бұл құралды көлеңкелі экономиканы азайтудың маңызды тетігі деп атады.

Алғашқы қанатқақты теңгелік стейблкоин іске қосылды. Цифрлық теңгеден айырмашылығы бұл активті жеке компания шығарады. Алғашқы теңге стейблкоинын «Intebix» компаниясы іске қосты. Жоба «Solana», «Mastercard» және Еуразия­лық банкпен бірлесіп жүзе­ге асырылды. 2025 жылы крипто­карталар жобасы да басталды. Бұл карталар арқылы төлем криптовалютадан басталғанымен, төлем сәтінде қаражат бірден тең­геге ауыстырылады. Яғни есеп айы­рысу нақты ақша арқылы жүр­гізіледі.

Жыл соңындағы тағы бір маңыз­ды қадам, біртұтас QR-төлем жүйесінің іске қосылуы болды. 13 қарашада елде банктер арасын­дағы ортақ QR-төлем жүйе­сі ресми түрде жұмысын бастады. Біртұтас QR осы бытыраңқы инфрақұрылымды біріктіріп, төлемді әлдеқайда ыңғайлы етті. Жүйе іске қосылған алғашқы кезеңде бірнеше миллион қолданушыны қамтыды. Қазір «Halyk Bank», «Банк ЦентрКредит, «Freedom Bank», «Home Credit», «RBK» және «Altyn Bank» жүйеге қосылған. Қалған банктер кезең кезеңімен қосылады. Толық іске қосу 2026 жылға жоспарланған.

Еліміздің цифрлық қаржы сала­сын­дағы бұл қадамдары халық­­аралық рейтингілерде де көрі­ніс тауып отыр. «Oxford Insights» жария­лаған «Government AI Readiness Index 2025» рейтингінде еліміз 195 елдің ішінде 60-орынға көтерілді. Бір жылда 16 сатыға жоға­рылады.

2025 жылы елімізде 2 жаңа банк ашылды. Олар «БиЭнКей Коммерциялық банкі» мен «KMF Банк». Соның бірі елдегі ең ірі микроқаржы ұйымын қайта құру арқылы банкке айналды. «БиЭнКей Коммерциялық банкі» нарыққа қатаң ақша несие саясаты жүріп жатқан кезеңде келді. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер жағ­да­йында банк өз қызметін нақты есеп­ке құрып, шағын және орта кәсіп иелеріне басымдық беру­ді таңдады. Экономист Расул Рыс­мамбетовтің сөзінше, биыл банк нарығында бірқатар тұрақты әрі оң құры­лымдық өзгерістер бай­қалады.

«Екінші деңгейлі банктердің жиынтық активтері 67,8 трлн теңгеге жетті, ал несие портфелі 42,1 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл қатаң ақша несие саясаты жағдайында да банк жүйесі экономиканы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ететін маңызды арна болып отырғанын көрсетеді. Несие беру белсенділігінің сапалы өскенін байқауға болады. Несие портфелінің активтерге орташа қатынасы 62,1 пайызды құрады. Бұл банктердің артық өтімділікке кетпей, өздерінің негізгі міндетін, яғни несие беруді жалғастырып отырғанын аңғартады. Бұрын бұл көрсеткіш бір кезеңде 55 па­йыз шамасында болған. Әсіресе бөлшекке бағытталған және ма­ман­­дандырылған банктердің несие беруі айқын көрінеді. Бұл банк­терде несиенің үлесі 75 пайыздан 80 пайызға дейін жетеді. Мұның өзі халық пен шағын бизнес тарапынан тұрақты сұраныс бар екенін көрсетеді», дейді экономист.

Қандай қателік жібердік?

Экономист Сапарбай Жо­баевтың айтуынша, еліміздегі қар­жы саясаты екіге бөлінеді. Бірі – моне­тарлық саясат, екіншісі – фис­калдық саясат. Монетарлық сая­сатты Ұлттық банк жүргізеді, ал фискалдық саясат Үкіметтің құ­зы­рында. Сарапшы Ұлттық банк­тің шешіміне тоқталып, база­лық мөлшерлеменің 18 пайызға көтеріл­генін оң қадам ретінде баға­лайды.

«Бұрын мөлшерлеме 16,5 па­йыз еді, оны 18 пайызға көтерді. Мұн­дағы мақсат инфляцияны шектеу. Мен мұны Ұлттық банк­тің дұрыс әрі батыл шешімі деп қабылдаймын. Алайда бұл шешімнің толық нәтиже бермей отырғанын да жасырмаймын. Себеп – фискалдық саясаттың әлсіздігі. Үкімет бюджет пен салық саясаты арқылы ақша массасын азайтудың орнына, керісінше, ақшаны көбейтіп жатыр. Сон­дықтан Ұлттық банк қанша тырысса да, инфляция 12,5 пайыздан 13 пайызға дейін өсіп отыр», деп түсіндіреді экономист.

Бірнеше жыл қатарынан бюджет тапшылығы Ұлттық қор есе­бі­нен жабылып келеді. 2025 жылы қордан 5,2 трлн теңге алынды. Алайда болашақ ұрпақтың қаржысын сақтауды көздеген Үкімет 2026 жылдан бас­тап бұл соманы 2,7 трлн теңгеге дейін қысқартуды жоспарлап отыр. Осыған байланысты салық жүйе­сін жаңарту қажеттігі туындады. Салық кодексі қайта жазылып, салық қаржы реформасы қабыл­данды. Оның негізгі мақсаты бюджет кірісін тұрақтандыру және мем­лекеттік міндеттемелерді орын­­дау болды.

Фискалдық саясатқа келгенде С.Жобаевтың сыны қатқыл. Ол жылдың басында салық реформасына үлкен үміт артылғанын айтады. Жаңа Салық кодексін қабылдап, бюджет тапшылығын азайту мақ­саты қойылды. Себебі 2025 жылға жоспарланған шығындар 25,5 трлн теңге, ал салық­тық түсімдер бар болғаны 16 трлн теңге болды. Соның салдарынан 9,5 трлн теңге тапшылық шықты.

«Қазірдің өзінде бюджеттен қарыздарды өтеуге 10 пайыздан 12 пайызға дейін ақша кетіп жатыр. Бұл дегеніміз болашақтың есебінен бүгін өмір сүріп отырмыз деген сөз. Салық реформасының толық жүргізілмеуіне ықпалды топтардың қарсылығы себеп деп ойлаймын. Қосылған құн салығын 12 пайыздан 20 пайызға көтеру ұсынылды. Бірақ құрылыс сала­сын­дағы кәсіпкерлер шу көте­ріп, оны 16 пайызға түсіріп тастады. Нәтижесінде, біз салық рефор­масын жартылай ғана жаса­дық», дейді сарапшы.

Расында, квазимемлекеттік ұйымдар салық төлеп үйренбеген. Керісінше, бюджеттен ақша алуға дағ­дыланған. Сонымен қатар бюд­жеттік шығындардың тиімсіз­дігі де түңілтеді. Әлеуметтік бағдар­ламаларға жыл сайын бюджеттен шамамен 40 пайыз кететін. Ал 2026 жылға бұл көрсеткіш 38,5 пайызға түсті. Яғни әлеуметтік шығындар қысқарып, бюджет ақшасы ірі кәсіпорындарға, мемлекеттік ком­панияларға көбірек бөлініп жатыр. Бұл инфляцияны одан әрі өсіруі мүмкін. Жалақы мәселесі де – ше­шіл­­мей отырған түйткілдердің бірі.

«Мемлекеттік қаржыдан төле­нетін жалақылар жыл сайын 10 пайызға индексацияланады. Бірақ бұл әділетсіз. Орташа жалақысы 150 мың теңге алатын адамға ғана нақты қолдау керек. Ал 650 мың теңгеден, 1 млн теңгеден, 2 млн теңгеден жоғары жалақы алатын шенеуніктер мен басшылар өздерінің айлығын тағы да 10 пайызға өсіріп алады. Осыны тоқтата алмай отырмыз. Президент 2019 жылы байлар көбірек салық төлеуі керек деді. Бірақ 6 жыл бойы ештеңе істелмеді. Биыл жылына 33 млн теңгеден асатын табысқа ғана 15 пайыз салық салынды. Ондай адамдар бар болғаны 26 мың. Бұл нақты реформа емес», дейді С.Жобаев.

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

«Керуендей бұ дүниеге аз күн қонып...»

Тағзым • Бүгін, 08:25

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Аламанда алған жүлде – қомақты

Спорт • Бүгін, 08:00

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Тарихи тамырмен табысқан сәт

Қоғам • Бүгін, 07:50

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Желтоқсан 2025 09:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

13 Тамыз 2026 22:53see146

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see116

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see116

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see116

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

13 Тамыз 2026 17:41see114

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

13 Тамыз 2026 22:24see114

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see114

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

14 Тамыз 2026 17:56see113

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

14 Тамыз 2026 11:36see113

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

14 Тамыз 2026 10:09see113

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see112

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

14 Тамыз 2026 21:25see112

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

14 Тамыз 2026 09:15see111

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

13 Тамыз 2026 23:17see110

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

14 Тамыз 2026 20:05see110

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

14 Тамыз 2026 08:38see110

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

14 Тамыз 2026 19:37see109

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

13 Тамыз 2026 19:19see109

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

14 Тамыз 2026 10:09see108

Мұнай өндірісі қалпына келіп, машина жасау 22% ға өсті

13 Тамыз 2026 20:05see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары