Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Тежеу мен демеу

Тежеу мен демеу

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Ғылымды дамыту тұрақты әрі кешенді қолдауды қажет етеді. Біз бұған талай жылғы тарихтан анық көз жеткізгенбіз. Бұл ретте мемлекеттік мәртебесі қайтарылып, Президент жанынан құрылған Ұлттық ғылым академиясының рөлі де, жауапкершілігі де салмақты. Себебі осыған дейін бекітілген «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңға сай академия еліміздегі жоғары ғылыми ұйым саналады. Ал енді осы мәртебелі мекеме бүгінде экономиканың драйвері бола алатын маңызды саланы дамытуға, ондағы күрделі кедергілерді шешуге атсалысып отыр ма? Байыптап көрдік.

Өткен жылдың жемісі

2025 жыл Ұлттық ғылым академиясы үшін қалыптасудан нақты нәтижелерге көшу кезеңі болды. Осы уақыт ішінде академия стратегиялық басымдықтарды айқындады. 2035 жылға дейінгі Даму стратегиясы бекітілді. Ғылымның өмір мен денсаулық, білім және қоғамдық даму, жер мен ғарыш және коммуникациялар, агробиоресурстар мен экология сынды төрт бейінді бөлімшесі жұмыс істей бастады. Негізгі бағыттар бойынша 17 академик сайланып, 146 ғалымға құрметті академик мәртебесі берілді. Ака­демия мемлекет, ғылым және биз­нес тоғысатын орталық алаң ретінде орнығуға бет алды.

Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев құзыреті кеңейген академияның нақты практикадағы іс-шараларға ден қойғанын айтады. Оның пікірінше, жоғары ғылыми ұйым отандық ғылымның негізгі түйткілдерін тереңінен зерделеп, шешуге атсалысып келеді. «2025 жылдың басты ерекшелігі – форсайт тәсілінің тұрақты жоспарлау құралына айналуы. 2024 жылдан бері 70 өңірлік және салалық сессия өткізілді. Нәтижесінде бағдарламалық-нысаналы қар­жы­ландыруға арналған 220 перс­пективалы міндет пен 65 ғылыми-техникалық тапсырма әзірленді. Жамбыл, Абай, Атырау, Маңғыстау, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында өңірлік форсайт-орталықтар ашылды. Цифрлық трансформация аясында ҰҒА-ның талдау және форсайт платформасы іске қосылды. Онда 2011 жылдан бергі ұлттық форсайттар, аяқталған ҒЗТКЖ және индустрияның технологиялық сұра­ныстары жинақ­тал­ған. «Korea Institute of Science and Technology Information» ұйы­мы­мен бірлесіп «AI SilkNet» ор­талығы құрылып, ғылыми-тех­нологиялық деректерді жасанды интеллект негізінде біріктіру басталды. Ғалымдардың 60%-дан астамы және қаржының 70%-дан көбі Алматы мен Астанада шоғырланған. Осы талдаулар негізінде Ғылым және жоғары білім министрлігіне кадр даярлау мен инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ұсыныстар жолданды», дейді академия басшысы.

А.Күрішбаевтың айтуынша, академия осы мәселелерге жауап ретінде «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» бастамасы аясында облыстарда 10 көшпелі отырыс өткізді. Өңірлер үшін форсайт-сессиялар ұйымдастырылып, әкімдіктермен бірлескен жос­парлар бекітілді, ҰҒА филиалдары ашылды. Президент атына жолданған аналитикалық жазбаларда аграрлық ғылымды дамыту, генети­калық банк құру, ядролық энергетика, көлік-логистика және медициналық инновациялар бойынша ұсыныстар қамтылды. Былтыр халықаралық ғылы­ми орталықтарды іске қосу басталды. Олардың қатарында Қытай, Ресей, Германия тарапымен бірлескен жасанды интеллект зертханасы, көміртекті полигон, «NEXUS» институтына қоса Шымкенттегі кар­дио­логиялық зерттеулер орталығы бар.

10 өңірде жергілікті бюджеттен зерттеулерге қаржы бөлінбеген

Расымен де, өңірлік ғылымды, соған сүйенген өндірісті дамыту аса маңызды. Неге? Мәселенің күрделілігі мынадан көрінеді. Мысалы, Пәнаралық ғылым орталығының директоры, PhD, профессор Қуантар Алихановтың айтуын­ша, елдегі барлық зерт­теушінің 35%-ы ғана өңірлік ғылымда жұмыс істейді, ал 65%-ы Алматы мен Астанада шоғырланған. Бұдан түйткіл тереңдей берері анық. Себебі ғылымы дамыған өңірдің өндірісі де жолға қойылады, бұл өз ке­зегінде жұмыс орнын ашуға ықпал етеді. Ақыр аяғында халық жұмыс іздеп ірі қалаларға сабылуды сиретеді.

«Өңірлердегі ғылыммен айна­лыса­тын­дар­дың азды­ғынан ішкі ғылыми зерттеу шығындарының 66%-ы, бағдарламалық және не­гізгі қаржыландырудың 79%-ы, гранттық қаржыландырудың 75%-ы осы екі мегаполиске тиесілі. Бұл ресурстардың шо­ғыр­лануы өңірлердің тұ­рақты ғылыми қаржыландыруға қол жеткізуін шектейді. Өңірлер мен жер­гілікті бюджеттердің үлесі, 2023 жылы жер­гілікті бюджеттерден ғылымға бө­лін­ген қаржы барлық ғылыми зерттеу шы­ғын­дарының 0,4%-ын ғана құрады. Елдің 10 өңірінде жергілікті бюджеттен ғылыми зерттеулерге қаржы бөлінбеген. Аймақтық ғылыми-технологиялық сая­сатты мақ­сатты жүргізбейінше, бұл тең­­сіздік жалғаса береді», дейді Қ.Алиханов.

Ғылымдағы өткір мәселе – ға­лымдар зерттеулерінің нәти­жесі. Қоғамда «Ға­лымдар бірнеше жылдап грантқа, бюджет қара­жа­тына жұмыс істейді, бірақ соның өмірімізді жеңілдетіп жатқанын көрмейміз. Нәтижесі қайда?» деген ой жиі айтылады. Бұған жауапты табу үшін әлбетте ең алдымен зерттеулердің сапасына назар саламыз. Мәселен, кейінгі жылдары Қазақстанда ғылымды қаржыландыру көлемі артқанымен, ғылыми зерт­теу­лердің сапасы мен нәтижелілігі әлі де күн тәртібінен түспей тұр. Ұлттық ғылым акаде­мия­сының талдауы отандық ғылым­ның халықаралық бәсекеге қабі­леттілігі жеткіліксіз дең­гей­де екенін көрсетеді. Атап айтқанда, «Web of Science» және «Scopus» дерек­қорларындағы жоғары сапалы жария­ланымдар үлесі әлемдік орташа көр­сеткіштен едәуір төмен.

«Ғылыми нәтижелердің сапа­сы­на кері әсер етіп отырған не­гізгі фактордың бірі – заманауи ғылыми инфрақұрылымның, әсіресе қымбат зертханалық жабдықтардың тапшылығы. Сауалнамаларға сәйкес жаратылыстану, техникалық, медицина және аграрлық ғылым салаларындағы ғалымдардың басым бөлігі зерттеулерін жүргізу үшін қажетті құрал-жабдықтарға толық қол жеткізе алмай отыр. Бұл жағдай жас ғалымдар мен докторанттарды даярлау сапасына да тікелей әсер етеді. Сонымен қатар ғылымды қаржыландыру құрылымында мемлекеттік бюд­жеттің үлесі тым жоғары болып қалып отыр. ҒЗТКЖ шы­ғын­дарының шамамен 77 па­йызы республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады, ал бизнес пен жеке сектордың ғылымға қызығушылығы төмен. Бұл да – ғылыми әзірлемелердің экономикаға нақты енгізілуін тежейтін факторлардың бірі», дейді Қ.Алиханов.

Оның айтуынша, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, қолданыстағы гранттық және бағдарламалық-нысаналы қар­жы­ландыру тетіктері қым­бат ғылыми жабдықтарды жү­йелі түрде жаңартуға толық мүмкіндік бермейді. Бұған қоса, конкурстардың кеш өткізілуі мен рәсімдердің күрделілігі ғылымдағы серпінді жобалардың іске асуын баяулатып жатыр. Бүкіләлемдік стандарттарға сай ғылымды орнықты дамыту үшін жалпы қолданыстағы заманауи зертханалар желісін құру, ғылыми жобалар аясында инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік беру және ірі серпінді зерттеулерге арналған мегагранттар жүйесін кеңейту қажет. Бұл қадамдар ел ғылымының сапасын арттырып, оның халықаралық деңгейдегі орнын нығайтуға негіз бола алады.

Көп мәселе – тың шешім

Қазақстанда ғылымды дамыту бағытында бірқатар жүйелі шара қабылданып жатқанымен, ғылыми кадрларды даярлаудың сапасы мен тиімділігі әлі де өзекті мәселе болып отыр. Себебі қалай дегенмен де кез келген саланың дамуы ондағы мамандардың сапасына тікелей тәуелді. Ұлттық ғылым академиясының талдауына қарасақ, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті зерттеушілер жеткіліксіз. 2024 жылы Қазақстанда 1 млн адамға шаққанда зерттеушілер саны 1141 адамды құрап, әлемдік орташа деңгейден шамамен 25 пайызға төмен болды.

Ө. А.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының бас ғылыми қызметкері, академик Бағдат Бұрханбайұлы ғылыми кадр­лар сапасының төмен болуына зерттеу инфрақұрылымының әлсіздігі мен қымбат ғылыми жабдықтарға қол жетпегені әсер етіп отырғанын айтады. Оның айтуынша, әріптестерімен бірлесе әзірлеген академия талдауында жаратылыстану, инженерия, медицина және аграрлық ғылым салаларындағы ғалымдардың шамамен 70 пайызы заманауи жабдықтардың жетіспеушілігі көрсетілген.

«Бұл түйткілдер докторант­­тар­дың сапалы зерттеу жүр­гізуіне, беделді халықаралық жур­налдарда жариялануына және диссертацияларын уақтылы қор­ғауына кедергі келтіреді. Сонымен қатар докторантура мен магистратураның тартымдылығы төмен. Университеттердің қар­жылық ынталандыру жүйе­сі негізінен бакалаврларды даяр­лауға бағытталған, ал ғылыми кадр­ларды даярлау қымбат әрі ұзақмерзімді нәтиже беретін бағыт ретінде екінші кезекке ығысып отыр. Нәтижесінде, талантты жастардың бір бөлігі шетелдік жоғары оқу орындарын немесе ғылымнан тыс салаларды таңдап жатыр. Осы мәселелерді шешу зерттеу университеттерін қымбат ғылыми жабдықтармен мақсатты түрде жарақтандыру, жалпыға ортақ заманауи зерт­ханалар желісін дамыту, док­то­рантураға бөлінетін мем­лекеттік гранттардың құнын арттыру және докторанттарды қолдау мерзімін төрт жылға дейін ұзарту керек», дейді академик Б.Бұрханбайұлы.

Оның пікірінше, ғылыми ұйымдарға докторанттар даяр­лауға кеңірек мүмкіндік беру, диссертациялық кеңестердің құрамын ықшамдау, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар үшін қорғаудың баламалы тетік­терін енгізу, сондай-ақ грант­тық жобалар аясында докторанттарды тікелей қаржыландыру механизмін жетілдіру қажет. Аталған шаралар іске асқан жағдайда ғылыми кадрларды даярлаудың сапасы артып, жас ғалымдардың ғылымда қалуына жағдай жасалып, ел ғылымының халықаралық бәсекеге қабілет­тілігі едәуір нығаяды.

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 7,3 млн теңгенің жерін алаяқтықпен сатқан экс-директор сотталды

Заң • Бүгін, 00:19

ҚМДБ: фолловер санын бот арқылы көбейтуге тыйым салынады

Қоғам • Кеше

Алматыда құны 300 млн теңгеден асатын институт мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы • Кеше

ЕАЭО-да шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын тауар бажсыз жеткізіле береді

Сауда • Кеше

Тілсіз жау бір отбасын ойрандап кетті

Төтенше жағдай • Кеше

Жалған нөмірмен жүрген көліктер анықталды

Заң • Кеше

Yenlik Colors ән жобасына қатысатын алғашқы қазақстандық әнші болды

Жасанды интеллект • Кеше

TikTok-та қазақ ұлтына тіл тигізген Қостанай тұрғыны 2 жылға сотталды

Қоғам • Кеше

Иран келіссөз жүргізуді ұсынды, бірақ АҚШ диалогқа дейін әрекет етуі мүмкін

Әлем • Кеше

Қонаевтың рухына тағзым етті

Тұлға • Кеше

Биыл Павлодарда 10 балабақша мен 13 мектеп жөндеуден өтеді

Құрылыс • Кеше

Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы: марқұм әйелдің соңғы аудиожазбасына қатысты жаңа дерек шықты

Қылмыс • Кеше

Ұлттық ұланның «BURKIT TEAM» командасы AMMA Азия чемпионатында жүлдегер атанды

Әскер • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады

Президент • Кеше

Депутат өңдеу өнеркәсібінің проблемаларымен танысты

Экономика • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 08:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see140

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see136

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see134

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see131

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see129

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see128

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see124

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see123

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see123

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see121

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see121

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see118

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see118

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see117

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see117

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see116

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары