Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Инвесторлар Атырауға неге қызығады?

Инвесторлар Атырауға неге қызығады?

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Президент биылғы Жолдауында экономикаға инвестиция тарту мәселесін басым бағыт ретінде атады. «Инвестиция тарту – орталық атқарушы органдардың ғана міндеті емес. Осы маңызды жұмысқа жергілікті билік те атсалысып, бәрі жұмыла жұмыс істеуге тиіс. Әкімдердің аймақтағы инвестициялық ахуалға тікелей жауапкершілігін белгілеу керек», деді Мемлекет басшысы.

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Жаһан елдері көз тігіп, шетел инвесторлары қомақты инвестиция салуға ынта танытқан өңірдің бірі – Атырау. Өйткені бұл өңірде көмірсутекті шикізаттың мол қоры бар. Қазір «Теңіз», «Қашаған» атауы берілген екі ірі кенішті игеруге «Chevron», «ExxonMobil», «Lukoil», «Eni», «SHell», «TotalEnergies», CNPC пен «Inpex» секілді алпауыт компания­лар үлес қосып отыр.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы ұсынған ақ­паратқа қарағанда, қазір мұнайлы өңірде шетелдік капитал салынған 1 765 компания тіркелген. Бұл компаниялар мұнай-химия, құрылыс, сауда және қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді. Жыл сайын экономиканың әр саласына шетел инвестициясын тарту үшін еларалық ынтымақтастық орнатуға басымдық беріліп отыр. Биыл Германия, Қытай, АҚШ, Ұлы­британия, Израиль, Қатар, Испа­ния, Италия, Аустралия, Литва, Өзбекстан, Пәкістан елде­рінің бизнес өкілдерімен 39 кездесу өткізілді. Соның нәтижесінде – 20-дан астам ынты­мақтастық ор­нату жөніндегі құ­жатқа қол қойылды.

Басқарма мамандары мұндай қадамның бірқатар ірі инвес­тициялық жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететінін алға тартады. Мәселен, «Invision» компаниясы жел электр стансасының құрылысына 500 млн доллар көлемінде инвестиция құюды жоспарлаған. Ал «Hualin Energy» компаниясы 280 млн доллар газ турбиналы электр стансасының құрылысын салуды көздеп отыр. Сондай-ақ «Eurasian Construction Group» компаниясы 200 млн АҚШ доллары көлеміндегі қар­жыға жеке индустриялық парк құру жобасын жүзеге асырады. «Goldbridge» компаниясы қант зауытының құрылысына 150 млн долларды инвестиция ретінде салады. «Muchen» компаниясы қолға алатын өндірістік бояулар шығаратын зауыттың құны 50 млн долларды құрайды.

Мұнайлы өңірде жаңа өнді­ріс аш­қысы келетін елдердің ара­сын­­да АҚШ пен Қытайдың үлесі басым. Мәселен, АҚШ-тың «John Crane» компаниясы механи­калық тығыздағыштар, муфталар, «Swagelok» компания­сы АҚШ құрал қораптары мен сынама алу жүйесі жобасын қар­жыландырғысы келеді. Осы елдің тағы бір инвесторы – «Flowserve» сорғыларға арналған бөл­шек­тер мен механикалық тығыз­дағыш­тары бар клапандар шы­ғару өн­ді­рісіне инвестор болғалы отыр.

Биыл Қытай инвесторлары­ның қызығушылығы артқаны бай­қалады. Облыс әкімі Серік Шәп­­кенов аталған елдегі Ляо­нин, Цзянсу, Чжецзян, Хубей қалаларына іссапармен барып, бірқатар инвестор­мен ке­ліссөз жүргізді. Бұл сапардың нәтижесінде өнер­кәсіптік әле­уетті дамыту және халықара­лық ын­тымақтастықты кеңейтуге ­ба­ғытталған маңызды келісім­дер жасалды.

«Атырау облысында іске асырылатын жобаға байланысты 9 құжатқа қол қойылды. Мә­селен, «Еуразия» Қазақстан-Қытай жаңа индустриялық аймағы құрылады. Жоба 2026 жылы жүзеге асырыла бастай­ды. Негізгі әріптес – қытайлық «Pan Asia Forward co. ltd» компаниясы. Жаңа келісімшарттың аясында қытайлық компания Атырауда бес ірі өндірістік жобаны іске асырады. Бұл жобаларға салынатын жалпы инвестиция көлемі 120 миллион долларды құрайды. Аталған жобаларды іске асыру 1000-нан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», дейді өңір басшысы.

Осы елдің «Envision Energy» компаниясы қуаты 500 мВт болатын жел электр стансасын салуды жоспарлап отыр. Жобаны іске асыру үшін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов пен компания жетекшісі Вэй Вэй меморандумға қол қойды.

Қытайдан келетін инвестордың бірі – «Ханчжоу Кэлинь Элек­трик» компаниясының Қазақ­стандағы серіктесі – «Hualin Energy» компаниясымен бірге газ-поршеньді электр стансасының құрылы­сын жүргізуге ниет білдірді. Стансаның қуаты – 250 мВт. Аталған жобаны іске асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың маңынан 30 гектар жер берілді. Енді алдағы жылы жобаны іске қосу жоспарланған.

Қытайдағы «CRE International Co» компаниясы Атырау облысында жел генераторлары мен күн панельдерін орнату жобасын жүзеге асыруды мақсат етіп отыр. Бұл жоба да арнайы меморандуммен бекітілді.

Тағы екі компания мұнайлы өңірде ірі жобаны қолға алуды мақсат етіп отыр. Оның бірі – «Green Jiangnan Environmental Protection Co., Ltd» компаниясы. Бұл компания бұрын іске асырылмаған жобаны ұсыныпты. Нақтылай айтқанда, лас суды тазартып, ащы суды тұщытатын жобаны іске асырады.

Екіншісі – «Power Construction Corporation of China» компания­сы. Бұл құрылыс, энергетика, мұнай-химия өндірісіне қатысы бар бірнеше бағыттағы жобаны іске асырып жүрген ірі құры­­лым. Сондай-ақ «Henrey Automoble» компаниясы аккумуляторлы электромобильдерді өндіру тәжі­рибесін мұнайлы өңірде жал­ғастыруды көздеп отыр.

Әрине, Еуроодақ елдерінің компаниялары да Атырау на­ры­ғынан орын алғысы келеді. Мәсе­лен, германиялық «Leser» компа­ниясы қауіпсіздік клапандарын шығару жобасымен таны­мал болған. Ал италиялық «Faccin S.р.A» компаниясы бағ­дар­ламаларды интеграциялау және әзірлеу жөніндегі бөлім­нің басшысы Рино Болдриини мен «Texol Group» директор­лар кеңесінің төрағасы Шота Абахаз келісімшартқа қол қойды. ­Мақ­сат – «Texol Trans» зауытына мұ­най өнімдерін және сұйытыл­ған көмірсутекті тасымалдай­тын цистерна мен вагон құрастыр­уға қажетті «Baldrini» жабдығын ­тасымалдау.

«Ғaccin S.p.A. – ауыр өнеркәсіпке арналған жабдықтарды жеткізетін әлемдік көшбасшы компания. Ұзақмерзімді келісімшарт мұ­найлы өңір инновациялық технологиялар мен халықаралық тәжірибеге қол жеткізуге, жер­гілікті кәсіпорындар мен маман­дардың дамуына септігін тигізеді. Әсіресе, кадрларды даярлау бағдарламаларына ерекше назар аударылады. Демек өңірдегі мамандардың біліктілігін арттырып, инженерлік-технологиялық дағдыларын дамытуына ықпал етеді», деді С.Шәпкенов.

Бұл өңірге инвестиция салып, әріптестік әлеуетін көздегендер қатарында отандық компаниялар да бар. «EnerMech» ком­паниясының жобасы – клапандар мен сорғыларға арналған бөлшектер мен қосалқы бөл­шектер өндіреді. Ал «KTR» компаниясы газ құбырларының қосалқы, шығыс бөлшектерін, «Synteco» компаниясы «Ansul» маркалы өрт сөндіргіштер, «Atyrau Civil Partners» компаниясы ұсынған жобалау және құрылыс саласындағы халықаралық өндірістерді локализациялау жобасымен нақты жұмыс жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімінің дерегіне сүйенсек, 9 айда 6 негізгі көрсеткіш бойынша өсім байқалған. Өңірдің өнеркәсіп көлемі 17,6%-ға артты. Оның ішінде тау-кен өндірісі – 19,2, көлік және қоймалау – 19,1, сауда – 8,6, ауыл шаруашылығы – 8,5, өңдеу өнеркәсібі 2,4%-ға өскен.

«Биыл «Теңізшевройл» ЖШС «Теңіз» кен орнында келешек кеңейту жобасын іске қосты. Соған қарамастан, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1,065 трлн теңгені құрады. Ал басқа салалардағы өсім – 40,2%. Мұнай-газ химиясы саласында жалпы құны 6,8 трлн теңгелік 3 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 11 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр», дейді С.Шәпкенов.

 

Атырау облысы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 12:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see169

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see158

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see156

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see154

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see152

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see148

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see147

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see144

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see142

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see138

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see138

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see135

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see133

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see129

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see128

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see128

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see127

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see123

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see122

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see120
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары