Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқандар жауапкершілікке тартылатынын еске салды, деп хабарлады Polisia.kz.
"Мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес жауапкершілік көзделген", - деп жазылған хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше жарылғыш зат қою немесе қоғамдық қауіпсіздікке өзге де қауіптер туралы жалған ақпаратты байланыс құралдары, интернет-ресурстар, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы тарату фактілері тіркеліп жатыр. Мұндай әрекеттер әзіл, қалжың ретінде жасалса да, бұлар қылмыстық құқық бұзушылық ретінде бағаланады.
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіріп, жаппай эвакуацияларға, мемлекеттік органдардың, білім беру, медициналық және басқа да әлеуметтік нысандардың жұмысының тоқтауына әкеледі, сондай-ақ шұғыл қызметтердің елеулі күштері мен құралдарын алаңдатады.
Бұл қылмысты жасағаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған. Осындай барлық хабарлама міндетті түрде тексеріледі, ал оларды таратқан тұлғалар заманауи цифрлық және техникалық құралдарды қолдану арқылы анықталады.
Полиция азаматтарды:
тексерілмеген ақпаратты таратпауға;
жалған шақырулар мен хабарламалар жасамауға,
балаларға терроризм актісі туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік бар екенін түсіндіруге,
қауіп-қатері бар хабарламалар алған жағдайда дереу полицияға хабарлауға шақырды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:93
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Сәуір 2026 10:47 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















