Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Испания құрамасы Аргентинаны жеңіп, әлемнің екі дүркін чемпионы атанды

Испания құрамасы Аргентинаны жеңіп, әлемнің екі дүркін чемпионы атанды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Кездесудің негізгі уақытына қосылған үшінші минутта Аргентина жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес өрескел ереже бұзғандығы үшін екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Қарсыластың бір ойыншыға кеміп қалғаны Испанияға мүмкіндік берді. 

Кездесудің негізгі уақытында қос қарсылас бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Ойынның тағдыры қосымша уақытта шешілді. Матчтың 106-шы минутында Ферран Торрес соққан гол Испанияға жеңіс әкелді.

Англия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Осылайша, Испания құрамасы 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өткен әлем чемпионатынан кейін араға 16 жыл салып қайтадан әлем чемпионы атанды. Бұған дейін Луис де ла Фуэнтенің шәкірттері 2024 жылы Англияны 2:1 есебімен жеңіп, Еуропа чемпионатында да топ жарған болатын.

Испания құрамасына жеңіс голын сыйлаған Ферран Торрес әлем чемпионаттары тарихында алаңға қосалқы құрамнан шығып, финалда жеңіс голын соққан  екінші футболшы атанды. Бұған дейін мұндай жетістікке 2014 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентина қақпасына 113-минутта гол кіргізген Германия құрамасының ойыншысы Марио Гетце ғана қол жеткізген еді.

Испания құрамасының капитаны, жартылай қорғаушысы Родри әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды. 30 жастағы футболшы турнир барысында сегіз матчқа қатысып, Испания құрамасының әлем чемпионы атануына зор үлес қосты.

Испания құрамасының қақпашысы Унай Симон әлем чемпионатының үздік қақпашысы атанды. 29 жастағы голкипер турнир барысында сегіз матчқа қатысып, олардың жетеуінде өз қақпасына гол жіберген жоқ. Ол әлем чемпионаттары тарихындағы 649 минут қақпаны голдан сақтаған қақпашы ретінде рекорд көрсетті. Бұған дейігі үздік нәтиже италиялық Вальтер Дзенгаға  тиесілі болған. Ол 517 минут қақпаға гол жібермеген. 

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе чемпионатының ең үздік сұрмергені атанып, «Алтын бутса» жүлдесіне ие болды. 27 жастағы футболшы турнир барысында сегіз матчқа қатысып, қарсыластар қақпасына 10 гол соқты.

Бұл көрсеткіш бойынша екінші орынға Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси жайғасты. Ол әлем чемпионатында 8 гол соқты. Үздік үштікті Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд түйіндеді. Оның еншісінде бес матчта соғылған 7 гол бар.

Мбаппе әлем чемпионаттары тарихында екі бірдей мундиальда үздік сұрмерген атанған алғашқы футболшы болды. Ол 2022 жылғы әлем чемпионатында да сегіз гол соғып, «Алтын бутса» жүлдесін жеңіп алған еді.Сонымен қатар француз шабуылшысы әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. Қазір оның еншісінде 22 матчта 22 гол бар.

Бұл көрсеткіш бойынша Лионель Месси екінші орында тұр. Аргентина капитаны әлем чемпионаттарында 34 матч өткізіп, 21 гол соққан. Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатында Килиан Мбаппе мен Лионель Месси Германия құрамасының аңыз ойыншысы Мирослав Клозеге тиесілі болған 16 голдық рекордты басып озды.

Испания құрамасының қорғаушысы Пау Кубарси әлем чемпионатының үздік жас ойыншысы атанды.19 жастағы футболшы турнир барысында сегіз матчтың барлығына қатысып, олардың әрқайсысын негізгі құрамда бастап, бірде-бір рет алмастырылған жоқ.

Аргентина құрамасы әлем чемпионаттары тарихында төртінші рет финалда жеңіліс тапты. Бұған дейін аргентиналықтар 1930, 1990 және 2014 жылдардағы финалдарда да жеңіліп қалған еді. Ал 1978, 1986 және 2022 жылдары әлем чемпионы атанды. Осылайша Аргентина құрамасы әлем чемпионатының финалдық бәсекесінде төрт рет жеңіліс тапқан Германия құрамасының антирекордын қайталады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:90
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Шілде 2026 06:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары