Израиль босатылуы тиіс палестиналық тұтқындардың тізімін қайта қарады
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
— Өзгерістерге бұрын бостандыққа шыққан палестиналықты босату, өмір бойы бас бостандығынан айырылған және ХАМАС-пен байланысы бар тағы екі адамды қосу кіреді, — делінген ақпаратта.
Онда кәмелетке толмаған 7 баланың тізімнен шығарылып, екі әйелдің қосылғаны айтылған. Барлығы бұрын келісілген 1722 палестиналық тұтқынның орнына 1718 тұтқын босатылады.
Хабарлама Израиль билігі басып алынған Батыс жағалаудағы палестиналықтарға жақындарының босатылғанын тойламауды ескерткеннен кейін шықты.
Бұл арада ХАМАС белгілі палестиналық Марван Баргутиді босатуды талап етті. Бірақ Израиль билігі оны босата ма, жоқ па белгісіз.
Осыған дейін ХАМАС ұйымы босатылатын палестиналық тұтқындардың тізімін жариялаған болатын.


