Алаяқтардан зардап шеккен азаматтар жеке табыс салығынан толық босатылуы тиіс Жұманғарин
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жеке тұлғалардың несиесін есептен шығару кезіндегі салық салу қағидатына қатысты пікір білдірді.
Қолданыстағы Салық кодексі бойынша есептен шығарылған борыш сомасы қарыз алушының табысы болып саналып, бұл жеке салық табысын төлеу міндетіне алып келеді. Бұл ретте босату 368-бап бойынша кейбір жағдайларда ғана қарастырылады.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен бірлесіп, алаяқтық қарыздарды қоса алғанда, үмітсіз кредиттерді есептен шығару кезінде азаматтарды жеке табыс салығынан толық босатуды ұсынды.
Серік Жұманғарин банктердің коммерциялық тәуекелдері мен қарыз алушылардың қиын өмірлік жағдайларын саралау қажеттігін айтты. Мұндағы әңгіме адамға тәуелсіз себептермен несиеге қызмет көрсету мүмкіндігін объективті түрде жоғалтқан жағдайлар туралы болып отыр.
"Алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен азаматтар, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған қарыз алушылар қарызын есептен шығарту кезінде жеке табыс салығын төлеуден толық босатылуы тиіс. Мұндағы мемлекеттің ұстанымы айқын. Алайда, егер банк өзінің балансын оңтайландыру және провизияларды тарату үшін коммерциялық несиені есептен шығарса, бюджет салық түсімдерін автоматты түрде жоғалтпауы керек. Тәсіл теңдестірілген болуы керек", — деді Серік Жұманғарин.
Отырысқа қатысушылар банктерді сауықтыру және берешекті өндіріп алу рәсімдерін белсенді қолдануға ынталандыру қажеттігін айтты.
Жиын қорытындысы бойынша вице-премьер уәкілетті мемлекеттік органдарға ҚНРДА-мен бірлесіп егжей-тегжейлі есептеу жүргізуді, "өмірлік қиын жағдай" (мүгедектік, еңбекке қабілеттілігінен айырылу, мүлік пен кірістің болмауы) өлшемдерінің толық тізбесін заңнамалық тұрғыдан бекітуді және келесі отырысқа келісілген ұстанымды ұсынуды тапсырды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:39
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Тамыз 2026 11:26 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















