Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Израиль Газа секторында әуе соққыларынан кейін атысты тоқтату режимін қайта енгізді

Израиль Газа секторында әуе соққыларынан кейін атысты тоқтату режимін қайта енгізді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Израиль Қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) дерегінше, операция барысында ондаған нысан, соның ішінде командалық пункттер, қару-жарақ қоймалары мен тоннельдер жойылған. Израиль тарапының мәліметінше, шабуылдың негізгі мақсаты 2023 жылғы 7 қазандағы оқиғаларға қатысы бар 30-дан астам ХАМАС орта буын командирлерін жою болған.

– Ондаған террористік нысандар мен содырларға соққы берілгеннен кейін ЦАХАЛ атысты тоқтату режимін қайта қалпына келтіруге кірісті. Израиль келісім шарттарын қатаң сақтайды және кез келген бұзушылыққа қатаң жауап қайтарады, – делінген армияның мәлімдемесінде.

Израиль әскері операция ХАМАС тарапынан атысты тоқтату туралы келісімді бірнеше мәрте бұзуына, соның ішінде Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласында израильдік әскерге жасалған снайперлік шабуыл салдарынан бір сарбаздың қаза табуына жауап ретінде жасалғанын хабарлады.

Палестинаның Денсаулық сақтау органдарының дерегінше, соңғы әуе соққыларынан қаза тапқандар саны 104 адамға жетті, оның ішінде 46 бала бар. Тағы 253 адам жарақат алған.

ХАМАС өкілі Израильді «АҚШ қолдауымен жаңа тәртіпті күшпен орнатуға тырысып отыр» деп айыптап, аралық елдерді Тель-Авивке қысым жасауға шақырды.

Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұған дейін ХАМАС-тың келісімді бұзғанын айтып, Газа секторына қуатты соққылар беруді тапсырған. Өз кезегінде елдің Қорғаныс министрі Исраэль Кац ХАМАС басшылары қай жерде болса да жауапкершіліктен құтылмайтынын ескертті.

– Костюм кигендер де, тоннельде тығылғандар да жауап береді. ЦАХАЛ сарбаздарына қарсы қол көтерген әр адам толық жауап береді, – деді министр.

Ал Еуропалық одақ барлық тарапты атысты тоқтату шарттарын қатаң сақтауға шақырды.

– Біз тараптарды келісімді бұзуы мүмкін кез келген әрекеттен бас тартуға шақырамыз. Бұл қақтығыстың әскери шешімі жоқ, – деді Еуропалық комиссия өкілі Ануар Эль-Анууни.

Еске салайық, атысты тоқтату режимі 2025 жылғы 10 қазанда күшіне енген болатын. Ол 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС жасаған шабуылдардан кейін басталған екі жылдық қақтығыстан соң орнаған еді.

Бұған дейін хабарланғандай, ХАМАС Израильге бұрын анықталған кепілдегінің сүйегін қайтарған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 22:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары