Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

John Deere, Starlink, Boeing және OpenAI : Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

John Deere, Starlink, Boeing және OpenAI : Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Америка Құрама Штаттарына жасаған сапарының нәтижесінде жалпы құны шамамен 17 млрд АҚШ долларын құрайтын 29 келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, құжаттар өнеркәсіп, энергетика, цифрландыру, білім беру және инновациялар сияқты негізгі салаларды қамтиды. Бұл келісімдер Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеріп, өзара сенімді нығайтуға бағытталды.

John Deere Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын шығарады

Сапардың басты нәтижелерінің бірі – ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «АгромашХолдинг KZ» АҚ, «Eurasia Group AG» және «John Deere» компаниясы арасында жалпы құны 2,5 млрд АҚШ долларын құрайтын стратегиялық келісімге қол қойылуы болды. Құжатқа сәйкес Қостанай және Түркістан қалаларында «John Deere» маркалы 3000-ға дейін ауыл шаруашылығы техникасын шығару, үш сервис орталығын салу, кадрларды даярлау жүйесін дамыту және Қазақстанды ТМД елдеріне арналған қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ететін өңірлік хаб ретінде қалыптастыру көзделген.

Қазақстан мен АҚШ бірлесіп вольфрам кен орындарын игереді

Тау-кен өнеркәсібі саласында «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы мен «Cove Capital» компаниясы жалпы құны 1,1 млрд АҚШ долларын құрайтын келісімге қол қойды. Жоба Қарағанды облысындағы әлемдегі ең ірі Солтүстік Катпар және Жоғарғы Қайрақты вольфрам кен орындарын бірлесіп игеруді көздейді. Бұл бастама терең өңдеу қуаттарын құрып, қосылған құны жоғары өнім өндіруге мүмкіндік береді.

Air Astana мен Boeing жаңа ұшақтар жеткізу туралы келісім жасасты

«Air Astana» АҚ және «Boeing» корпорациясы 18 жаңа кең фюзеляжды «Boeing 787-9 Dreamliner» ұшағын жеткізу жөніндегі өзара түсіністік туралы келісімге қол қойды. Бұл компанияға негізгі бағыттар бойынша жолаушылар тасымалдау әлеуетін арттыруға және маршруттық желіні икемді дамытуға мүмкіндік беріп, 2026 жылдан бастап Қазақстанды Еуропа, Азия, АҚШ және Таяу Шығыстың ірі іскерлік және туристік орталықтарымен байланыстыруға жол ашады.

Starlink және Beeline шалғай өңірлерді спутниктік байланыспен қамтамасыз етеді

Сонымен қатар ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Beeline Қазақстан» және «Starlink» компанияларының қатысуымен үшжақты кездесу өтті. Кездесу барысында «Direct-to-Cell» технологиясын енгізуге бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл серіктестік Қазақстанның бүкіл аумағында, соның ішінде жерүсті байланысы жоқ шалғай өңірлерде де қолжетімді спутниктік байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстан электр авиациясы мен аэротакси жобаларын іске асырады

Зияткерлік мобильділік және экологиялық таза технологиялар саласында Қазақстан «BETA Technologies» және «Joby Aero Inc.» компанияларымен жалпы құны шамамен 300 млн АҚШ долларын құрайтын меморандумдарға қол қойды. Жобалар электр авиациясын, аэротакси және интеллектуалды көлік жүйелерін дамытуға бағытталған.

Қаржы саласында әлемдік қорлармен бірлескен жобалар іске асады

Қаржы және инвестиция саласында Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы (NIC NBK) әлемнің жетекші инвестициялық қорларымен – «Brookfield Asset Management», «Cerberus Capital Management» және «Ashmore Investment Advisors Corporation» – шамамен 1 млрд АҚШ долларына тең үш келісім жасасты. Бұл жобалар инфрақұрылымды, жеке капитал мен қарыз нарығын дамытуға бағытталған. Сонымен бірге Ұлттық банк пен «Visa» компаниясы цифрлық төлемдер, киберқауіпсіздік және шағын және орта бизнесті қолдау салаларында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат «Ұлттық төлем карталары» АҚ базасында Құзыреттер орталығын құруды көздейді.

ChatGPT Education және ETS: білім беру жүйесі жаңа технологиялармен түрленеді

Білім және ғылым саласында «Arizona State University», «Colorado School of Mines», «Coursera, OpenAI», «Freedom Group Inc.» және басқа серіктестермен жалпы құны шамамен 50 млн АҚШ долларын құрайтын келісімдерге қол қойылды. Бұл бастамалар Жезқазғанда Ұлытау техникалық университетін құруды, қос дипломдық бағдарламаларды дамытуды, оқу үдерісін цифрландыруды және «ChatGPT Education» негізінде инновациялық шешімдерді енгізуді қамтиды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен АҚШ-тың «Educational Testing Service» (ETS) халықаралық ұйымы ұлттық тестілеу жүйесін жасанды интеллект пен адаптивті оқыту технологияларын қолдану арқылы жаңғыртуға бағытталған жол картасына қол қойды.

Қазақстанда халықаралық көпсалалы клиника салынады

Өнеркәсіп және медицина салаларында «Самұрық-Қазына» АҚ және «Ashmore Investment Advisors» компаниясы жалпы құны 150 млн АҚШ долларын құрайтын жобаны іске асыратынын хабарлады. Бұл жоба Қазақстандағы алғашқы халықаралық брендті көпсалалы клиниканы құруды көздейді, ол өңірлік заманауи медицина хабына айналмақ.

Қазақстан АҚШ-та алғашқы өнеркәсіптік инвестициялық жобасын іске асырады

Сонымен қатар «1Thirty Holding» (AsiaColor) және «Business Council for International Understanding» (BCIU) арасында 130 млн АҚШ долларына тең меморандумға қол қойылды. Жоба АҚШ-та ұнтақ жабындары мен полиэфирлі шайырлар өндіретін вертикалды интеграцияланған химия кешенін салуды көздейді. Бұл – Қазақстанның АҚШ-тағы алғашқы өнеркәсіптік инвестициялық жобасы.

Жалпы, сапар аясында қол қойылған құжаттар Қазақстан мен АҚШ арасындағы жоғары деңгейдегі сенімді және стратегиялық серіктестіктің инновациялар, инвестициялар және орнықты даму бағытындағы тереңдеуін айқын көрсетті. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:176
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2025 16:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары